Вторник, 23 апреля, 2024
Больше
    үйӘдістемелік«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы

    «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы

    Қысқа мерзімді жоспар

    Пән: қазақ әдебиеті

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: IІI  БӨЛІМ. ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ

    Мектеп: М.Жүсіп атындағы №57 орта мектеп

    Тоқсан: IІI

    Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Б.А.
    Сынып: 11 сын Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
    Сабақтың тақырыбы «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы
    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 11.2.2.1 – автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау.
    Сабақтың мақсаттары Шығармадағы автор бейнесі арқылы шығарманың негізгіидеясын анықтау.
    Бағалау критерийі -автор бейнесін ашу;

    -шығарманың негізгі идеясын анықтау;

    Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:

    Стиль, роман, эпопея, идея.

    Құндылықтарды игерту Шығармадағы адами құндылықтар туралы ақпарат беру және оқушыға қажетті  құндылықтарды игертуге баулу.
    Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, музыка
    Бастапқы білім М. Әуезов шығармалары, прозасы, драмалық шығармалары.
    Жоспар
    Сабақтыңкезеңдері Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
    Сабақтың басы

     

    Оқушылармен амандасу.

    Қызығушылығын ояту.

    «Сөйлемімді аяқта» ойыны арқылы оқушылар экранда көрсетілген сөйлемдерді аяқтау қажет. Көп нүктенің орынан қажетті сөздерді айту арқылы.

     

    1.     Мұхтар Әуезов қазіргі …(Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде …(1897 жылы 28 қыркүйекте) дүниеге келген.

    2.      Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен … (арабша хат) таниды.

    3.     (20 жасында)… Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік-Кебекті» жазды.

    4.     Аса терең, мәнді шығарманың бірі – …(«Түнгі сарын»).

    5.     («Абай жолы») … — Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы — қазақ халқының тұңғыш эпопеясы.

    6.
    Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді.

    Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда.

    СұрақҚазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?

    Эпопея дегеніміз не?

     

     

     

     

    «Абай жолы» роман-эпопеясы жайлы деректер. Видеоролик тамашалау.

     

    1-тапсырма. «Абай жолы» роман эпопеясытуралы не білеміз?

    Әуезовалғашқыдароманға «Телғара» дегенатбермекболды. Автордыңалғашқымөлшерлеуінде роман 3 кітаптанқұралмашқыболатын. Алайдажұмысбарысындаоныңшеңберікеңейетүсті. Әуезовалғашқыдаекікітаптантұратын «Абай», оданкейінмұныңжалғасыболыптабылатын «Абай жолы» романынжазды. 1- кітабы: 1942 жылы, 2- кітабы: 1947 жылы, 3- кітабы: 1952 жылы, 4- томы 1956 жылыжарыққашықты. «Абай жолы» дүниежүзіхалықтарының 116 тілінеаударылған. 200 томдық «Әлемәдебиетікітапханасы» топтамасындаекі том болыптабылды.

     

     

     

     

    «Абай жолы» роман-эпопеясы жайлы деректер~Сатаева Аида — Яндекс.Видео (yandex.kz)

    Сабақтың ортасы

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Оқылым тапсырмасы

     

    2 – тапсырма.«Алты жасар шағымда әкемнің киіз үйінде бір күні қағазға жазылған өлең көрдім. Үлкендер әндетіп, бала атаулы өзіміз шырқатып жүрген ән сөзі қағаз жүзіне үнсіз, жым-жырт қонып жатыр дегенге таң болдым. Атам бұл сөз Абай ақын өлеңі дегенде, әсіресе қайран қалдым» М. Әуезов

     

    Оқушылар мәтінді аудиотаспадан бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты болжайды. Мәтін мазмұны арқылы көтерілген мәселені анықтайды.

    «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы мәліметтер жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кесте толтырады.

    1.Пікір Оқыған үзінді бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
    2.Дәлел Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
    3.Мысал Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
    4.Қорытынды Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

    Дескриптор:

    • жазушы пікірі бойынша өз ойын айту.
    • мысалдар жазу,сызба-кестені толтыру.

    Слайд

    Аудиотаспа

    Оқулық

    Сабақтың соңы

     

    Рефлексия

    «321»

    3 факт

    2 көзқарас

    1 тұжырым

     

    Үй тапсырмасы:

    1.     «Абай жолы» роман-эпопеясың оқу, мазмұндау

    2.     Абай мен Құнанбай бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестері жинақтап, «Екі жақты күнделікті» толтыру. Бұл бөлімі Абай мен Құнанбай жайлы қандай пікір қалыптастырды.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    18 − 5 =

    Жарнамаspot_img

    Танымал мақалалар

    Оқуды ұсынамыз