Суббота, 20 апреля, 2024
Больше
    үйӘдістемелікҚазақстан тарихы ОЖСБ тапсырмалары

    Қазақстан тарихы ОЖСБ тапсырмалары

    Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».  1. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: A) Оңтүстік Қазақстан B) Шығыс Қазақстан C) Солтүстік Қазақстан D) Батыс Қазақстан E) Орталық Қазақстан
     2. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы: A) Торг B) Сыма Цянь C) Страбон D) Ктесий E) Геродот
     3. Батыс Түрік қағанатындағы «бұдун» сөзінің мағынасы: A) әскер, күзет B) жер, су C) жасауыл D) ел, халық E) құл, күң
     4. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан: A) әл-Фараби B) А.Иүгінеки C) М.Қашғари D) Ж.Баласағұн E) әл-Бируни
     5. XIVғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығысында құрылған мемлекет: A) Көк Орда B) Қашғария C) Моғолстан D) Мауареннахр E) Қазақ
     6. Көшпелілерде бие сүтіне дайындалған сусын: A) қымыран B) қатық C) айран D) шұбат E) қымыз
     7. 1718 жылы Ертістің оң жағасында салынған бекініс қала: A) Гурьев B) Верный C) Семей D) Орал E) Павлодар
     8. Патша үкіметі Орта жүзде хандық билікті жойды: A) 1867 жылы B) 1822 жылы C) 1845 жылы D) 1801 жылы E) 1824 жылы
     9. 1927-1930 жылдары салынған темір жол: A) Орынбор-Ташкент B) Александров-Гай-Ембі C) Ақмола-Қарталы D) Түркістан-Сібір E) Мойынты-Шу
    10. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары енгізілген салық: A) Қарашығын B) Соғыс салығы C) Жер салығы D) Қайырымдылық көмек E) Табыс салығы
    11. Абай Құнанбаев орыс тілінен осы ақынның шығармаларын аударды: A) К.Д.Ушинский B) В.Маяковский C) А.Герцен D) А.М.Горький E) А.С.Пушкин
    12. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы: A) Қ.Рысқұлбеков B) Е.Асанбаев C) Ж.Молдағалиев D) М.Шаханов E) Н.Назарбаев
    13. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: A) 1949 жылы B) 1957 жылы C) 1952 жылы D) 1948 жылы E) 1955 жылы
    14. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші: A) Усть-Нарым B) Сексеуіл C) Зеленая Балка D) Пеньки E) Ботай
    15. Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси, байланыс жасаған елдері: A) Рим, Қушан B) Қытай, Араб C) Үнді, Қытай D) Парсы, Үнді E) Хорезм, Үнді
    16. Арабтардың өзі ашық майданда соғысудан сескенген түргеш қағаны: A) Сұлу B) Үшлік C) Тұқарсан Құпшар D) Қапаған E) Жыпыр
    17. «Алаша хан» аңызы бойынша Кіші жүз тарады: A) Қыпшақтан B) Қаңлыдан C) Болаттан D) Алшыннан E) Үйсіннен
    18. Жошы ұлысының орнына 1242 жылы құрылған мемлекет: A) Әбілқайыр B) Батыс Сібір C) Көк Орда D) Алтын Орда E) Ақ Орда
    19. Қазақ хандығында бірнеше рудан құралған басқару жүйесі аталды: A) Ата-аймақ B) Рулық C) Жүз D) Ұлыс E) Ауыл
    20. Г.А.Колпаковскийдің «Жетісуға шаруаларды қоныс аудару туралы Ережесі» шыққан жыл: A) 1720 ж. B) 1718 ж. C) 1868 ж. D) 1861 ж. E) 1875 ж.
    21. 1867-1868 жж. реформаға қарсы көтеріліс болған аймақ: A) Тарбағатай B) Арал маңы C) Маңғыстау D) Жетісу E) Сыр бойы
    22. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте көтерілісшілерді соғыс өнеріне үйрететін әскери кеңесін құрған көтеріліс басшысы: A) Б.Әшекеев B) Ұ.Саурықов C) А.Иманов D) Ж.Мәмбетов E) Т.Бокин
    23. «Қазақ» апталық газеті шыға бастаған жыл: A) 1911 жыл B) 1914 жыл C) 1915 жыл D) 1913 жыл E) 1910 жыл
    24. 1940-1950 жылдың басында Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған ғалым: A) А.Жұбанов B) С.Вавилов C) Қ.Сәтбаев D) М.Массон E) С.Асфендияров
    25. Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзге тигізетін мерген келеді. Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен әшекейленген. Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп.     Олар егін екпейді,үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді.  Сүт ішеді. Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге саяды. Мәтінде сипатталатын тайпа-(лар) A) тиграхауд B) массагет C) сармат D) үйсін E) дай
    Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет». 26. Ғұндардың жоғарғы билеушісі-(лері) A) көсем B) патша C) тәңірқұт D) жабғу E) қаған F) шаньюй G) гуньмо H) хан
    27. Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса хан тұсында ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланады: A) 960 ж. B) 980 ж. C) 950 ж. D) 910 ж. E) 920 ж. F) 970 ж. G) 930 ж. H) 940 ж.
    28. ХІІІ-ХV ғасыр мемлекеттеріндегі хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері: A) қараша B) хан C) нөкер D) ауылнай E) оғлан F) жасақшы G) ақсақал H) сұлтан
    29. ХІХ ғасырдағы Қытай аумағындағы ірі сауда орталықтары: A) Құлжа B) Барнаул C) Түмен D) Өскемен E) Шәуешек F) Орынбор G) Бийск H) Қобда
    30. 1854 жылы Алматы деп аталған қазақтардың ертедегі қонысының орнына салынған бекініс-(тер) A) Қастек B) Железинск C) Орынбор D) Верный E) Омбы F) Меркі G) Ақмешіт H) Таушүбек
    31. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісудағы басшылары A) Амангелді Иманов B) Жалау Мыңбаев C) Тоқаш Бокин D) Ұзақ Саурықов E) Бекболат Әшекеев F) Әліби Жангелдин G) Әбдіғапар Жанбосын H) Сейітқали Меңдешев
    32. Міржақып  Дулатұлының шығармалары A) «Бақытсыз Жамал» B) «Көкшетау» C) «Сұлушаш» D) «Ботагөз» E) «Дұрыстық жолы» F) «Оян,қазақ» G) «Терме» H) «Үш анық»
    33. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған  КОКП-ң ХХ съезі болған жыл A) 1946 жылы B) 1960 жылы C) 1956 жылы D) 1963 жылы E) 1953 жылы F) 1964 жылы G) 1945 жылы H) 1965 жылы
    34. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай бөлінді A) жазықтық B) шөлдік C) ормандық D) далалық E) бұлақтық F) таулық G) өзендік H) көлдік
    35. ХІVғасырдағы батырлық эпос шығармалары: A) «Ер Тарғын» B) «Қамбар батыр» C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» D) «Сұлушаш» E) «Тахир-Зухра» F) «Жүсіп-Зылиха» G) «Қыз Жібек» H) «Ер Төстік»
    36. Шыңғысхан жаулап алған Қазақстан жері оның балаларының аумағына қарады: A) Тохты B) Шайбани C) Жошы D) Шағатай E) Үгедей F) Батый G) Төле H) Меңгу-Темір
    37. Қазақстанның батысындағы ірі жәрмеңкелер: A) Шар B) Жаркент C) Әулиеата D) Темір E) Тайыншакөл F) Ойыл G) Қоянды H) Қарқара
    38. Болат ханның өлімінен кейін аға хандыққа таласқан хандар: A) Болат B) Әбілмәмбет C) Тәуке D) Жолбарыс E) Абылай F) Бөкей G) Сәмеке H) Әбілқайыр
    39. Оғыздардың қалалары мен отырықшы тұрақтары: A) Алмалық B) Түркістан C) Сығанақ D) Сауран E) Сайрам F) Сарайшық G) Фараб H) Имақия
    40. Түркістан автономиялы КСР құру туралы жарияланған жылы мен қаласы: A) 1917 жыл, Қоқан B) 1916 жыл, Торғай C) 1917 жыл, Ақмола D) 1918 жыл, Ташкент E) 1918 жыл, Орал F) 1917 жыл, Семей G) 1916 жыл, Верный H) 1918 жыл, Түркістан

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    8 − 3 =

    Жарнамаspot_img

    Танымал мақалалар

    Оқуды ұсынамыз