Ісқағаздарын жүргізуде күрделі құжаттарды құру және рәсімдеу » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Ісқағаздарын жүргізуде күрделі құжаттарды құру және рәсімдеу

Ісқағаздарын жүргізуде күрделі құжаттарды құру және рәсімдеу

10-05-2016, 16:44
Қарау саны: 360
Пікірлер: 0
Версия для печати
Атырау қаласы
М.Өтемісов орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қайырлиева Қарлығаш Жаңабайқызы
Информатика
Сыныбы: 10 Сабақтың тақырыбы: Ісқағаздарын жүргізуде күрделі құжаттарды құру және рәсімдеу
Сабақтың мақсаты: А) Іс қағаздары туралы,түрлері жайында түсінік беру,іс қағаздарын құруды үйрету, программалармен жұмыс жасау барысында үйренгендерін қолдану,жобамен жұмыс істеуге дағдыландыру Ә) жаңа тақырыпты оқыта отырып, өз бетімен жұмыс жасау,көпшіліктің алдында сөйлеу дағдыларын , шығармашылық қабілетін дамыту Б) іс қағаздарын жүргізе отырып сауаттылықтарын арттыру Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту Әдісі: көрсете-түсіндіру,баяндау,практикалық,жоба қорғау Көрнекілігі: компьютер, инт.тақта,оқулық,парақшалар Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру 2. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру 3. Қайталау сұрақтары: 2.Домен атауы деген не ? 3.Сайтты жасау жолдары қандай? 4. WEB- сервер деген не ? Жаңа сабақты түсіндіру: Ісқағаздар – басқару қызметіндегі негізгі бір салалардың бірі.Ісқағаздарды жүргізу – басқару үдерісінің ажырамас бөлігінің бірі,яғни,мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттармен ісқағаздарды жасау және орындалу мерзімдерін бақылау,құжаттардың жүру барысына,орындалған құжаттарды іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі. Құжаттау дегеніміз – кез келген мекеменің қызметін,әрекетін көрсететін құжаттарды жасау,толтыру. Бұйрық – белгілі бір ұйым,мекеме басшыларына ,сол ұйым,мекемелердің алдында тұрған негізгі және нақты мәселелерді тікелей және басқару негізінде шешуіне мүмкіндік беретін құқықтық акт. Өтініш Түйіндеме Мінездеме - мекеме,өндіріс,ұйым тарапынан біліктілік,кәсіптік,өмірбаяндық тұрғыда жеке адамға берілетін ресми құжат. Сенімхат – белгілі,дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылатын құжат. Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат,мүлік,зат,ақша)алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі. Хаттама – мекеменің ,ұйымның,кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған,талқыланған,қорытындыланған жағдайда тіркейтін (толық жазатын) ресми құжат. Қызметтік жеке хаттар Ресми хаттар Ұсыныс хаттар Сұраныс хаттар Шағым хаттар Циркулятор хат Жолдама хаттар Практикалық жұмыс Жобаларын қорғау Әр оқушы дайындаған жобаларын қорғайды. 1. Бұйрық 2. Өтініш 3.Түйіндеме 4.Мінездеме 5.Сенімхат 6. Қолхат 7. Хаттама 8. Қызметтік жеке хаттар Мысалы: №1 тапсырма Өтініш жазу «ЖОБА» ЖШС директоры бас есепшісі Өтініш Маған 20 жылдың « » бастап күнге еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын. Қолы: Күні: №2 тапсырма Түйіндеме жазу Түйіндеме Аты-жөні: Мекен-жайы: Телефон: ; ұялы телефон: E-mail: Жалпы ақпарат Жұмыс тәжірибесі:---------------------------------- Білімі:-------------------------------------- Тілді білуі:-------------------------------- Дербек компьютерді игеруі: ----------------------------------- Жеке қасиеттері: ------------------------------------------------- Қосымша ақпараттар: ------------------------------------------- Хоббиі: -------------------------------------------------------------- №3 тапсырма Сенімхат Мен,Алысбеков Таласбек, көршім Тұрданова Тұлымға Атырау қаласы, Тәуелсіздік көшесі,№ 17 үйде тұратын,2016 жылдың мамыр айының зейнетақымды алуға сенім білдіремін. Жеке куәлік № берілген күні 30 сәуір 2016 жыл Нотариус Нарымов Нариман №1222454656 қолын растаймын. №4 тапсырма Қолқат Мен, Бағыт Аружан,Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым.Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін. 2016 жылғы 30 сәуір (қолы) Компьютермен жұмыс 1 тапсырма: Төмендегі мәліметтерді пайдаланып,сенімхат жазыңдар: Мен ,Сұлтанов Марат, азамат Дошаев Асылбекті • Маған келетін пошта,хат хабарын алуға; • Пәтерімді сатуға; • Пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне; • Банкідегі есептерімді пайдалануына • Барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге. 2 тапсырма: Сөз тіркестерін пайдаланып ,берілген тақырыптарға қолхат жазыңдар: Айып төлеуге,міндеттемелер орындалмаған жағдайда,келісімшарттағы міндеттемелер,алынған ақшаны (қарызды), дер кезінде қайтаруға. • Қарызға ақша алу; • Мекеменің машинасын уақытша пайдалануға алу; • Жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану; Сергіту сәті «Қатемді аула» ойыны Материалды түсіндіруде мұғалім әдейі қате жібереді.Оқушы лезде қателерге назар аударып , әдейі жіберілген қателері бар мәтінді тауып алу керек. «Жанна» ЖШС директорына Қолхат Маған 2016 жылдың « 5 -10 » мамыр аралығында 5 күнге ақысыз демалыс беруіңізді сұраймын. Қолы: Күні: Мінездеме Аты-жөні: Бағыт Аружан Мекен-жайы: Атырау қаласы. Ракуша селосы Телефон: ; ұялы телефон: E-mail: Жалпы ақпарат Жұмыс тәжірибесі: 5 жыл Білімі: Жоғары Тілді білуі: қазақ,орыс Дербек компьютерді игеруі: MS Offic,Internet Explorer, т.б Хоббиі: ән салу,би Ұсыныс хат Мен, Рахимова Анар,досым Азатова Т амараға Атырау қаласы, Абай көшесі,№ 19 үйде тұратын, менің жеке есепшотымды пайдалануға сенім білдіремін. Жеке куәлік № берілген күні 30 сәуір 2016 жыл Нотариус №1222454656 қолын растаймын. № 15 мектеп директоры А.Ж. Манаповқа № 27 мектеп директоры Т.Ж: Сапаровтан Қолхат Сіз басқаратын мектептің 10 сыныбында Мади Камелов деген оқушының оқитыны немесе оқымайтыны жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймын. 6 мамыр.2016 жыл. Бақылау сұрақтары: 1. Ісқағаздарын жүргізу деген не ? 2.Қандай түрлері бар? 3.Негізгі қызметі қандай? 4.Хаттама деген не ? Бағалау Үйге тапсырма: §30 Өмірбаян,түйіндеме құжатын дайындау. Қорытынды.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.