Алгоритм командалары . » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Алгоритм командалары .

31-01-2016, 01:09
Автор: Сакок
Қарау саны: 304
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы : Алгоритм командалары
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған «алгоритм» туралы түсініктерін жинақтау, алгоритм және оның атқарушылары туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі : жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру,іздендіру, салыстыру,
практикалық жұмыс Сабақта қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, қима қағаздар, суреттер І.Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен амандасу Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын Сәрсенбінің сәті Сәтілікке толсын! Бізідің алар бағамыз «Кілең бестіктер» болсын. - Оқушыларды түгелдеу - Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру - Оқушыларға үй тапсырмасына дайындалуға уақыт беру Үй тапсырмасын сұрау 1. Алгоритм дегеніміз… А. Іс-әрекет Б.толық сипатталған тапсырма В. Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. С. Математикалық есептің шешілуі 2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм ? А. техникалық қауіпсіздік ережесі Б. аспаздық рецепт В. Сабақ кестесі С. Сынып тізімі 3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсет. А. жазу үстелі Б. адам В. Ыдыс жуатын машина С. робот 4. Кез- келген алгоритмның соңғы бұйрығын көрсет А. бітіру Б. алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез-келген бұйрық В. Орындау С. Соңы 5. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі? А. эллипс /сопақша шеңбер/ Б. тіктөртбұрыш В. Ромб С. параллелограмм ЖАУАБЫҢДЫ ТЕКСЕР 1. В 2. Б 3. А 4. С 5. А БЛОК-СХЕМА БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі.Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады. Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Дәл сипатталған тапсырма. Атқарушы түсінігі Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет. Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады. Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз. Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Мысалы: алг үй тапсырмасын орындау басы күнделікті алу тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау үй тапсырмасын орындау күнделікті орнына қою соңы /күнделікті өмірден мысалдар келтіру/ Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады: алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады; алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады; әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады; атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп аталады алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады; алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді; алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек; бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады; құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді; алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады; алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс; алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді; Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек.Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді. -Қазір осы алгоритм командаларымен роботпен бірге Тәжірибелік жұмыстар жасаймыз. Командалар Ж (жоғары) Т (төмен) С (солға) О (Оңға) Жіберу Қадам №1 тапсырма Роботқа компьютер құрылғыларын жинақтауға көмектес 2. «Бояғыш» робот тапсырмасы Менің тапсырмамды орында. Саған қызыл, жасыл, сары, көгілдір бояу қарындаштар қажет. Бояу алгоритмі Түрлі түсті бояумен әр шаршыны боя. Дұрыс боясаң суретте не бейнеленгендігі шығады . Түстер кодын таблицадан қара. 3. МЫНА ЕСЕПКЕ АЛГОРИТМ ҚҰР. Өзен жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі, орамжапырақ тұр. шаруа екінші жағалауға осыларды алып өтуі керек. алайда қайыққа екеу ғана отыру керек. барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құр. 4. Командаларды орында. Нәтиже қандай? 2Ж, 2О, 2Ж, 4О, 2Т, 2О, 2Т, 1С, 1Т, 2С, 1Ж, 2С, 1Т, 2С, 1Ж, 1С 5. Компьютерде шығармашылық жұмыс «Бота» оқытудың алгоритмдік жүйесін пайдаланып орындаймыз. Сабақты бағалау Оқушыларға «Өзін-өзі бағалау» парағы беріледі. Сабақты бекіту сұрақтары: 1. Алгоритм деген не? 2. Атқарушы түсінігі 3. Өмірден алгоритмге мысалдар келтір. Үйге тапсырма «Алгоритм командалары» /оқуға/ Алгоритмдер командаларын пайдаланып мысалдар жазу ШҚО, Тарбағатай ауданы , Үштөбе ауылы «Өкпеті» орта мектебі Информатика пәні мұғалімі Қошыманова Салтанат
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.