10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Сабақтың тақырыбы : тест жұмысы 2-тоқсанды қорытындылау тестісі . » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » 10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Сабақтың тақырыбы : тест жұмысы 2-тоқсанды қорытындылау тестісі .

10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Сабақтың тақырыбы : тест жұмысы 2-тоқсанды қорытындылау тестісі .

31-01-2016, 00:13
Автор: Сакок
Қарау саны: 735
Пікірлер: 0
Версия для печати
Информатика 10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Сабақтың тақырыбы : тест жұмысы 2-тоқсанды қорытындылау тестісі
Білімділік мақсаты: оқушылардың 2-тоқсанда алған білімдерін бағалау, тексеру , сараптау
. Дамытушылық мақсаты: : оқушылардың мәтіндік редактормен жұмыс жасау туралы білім білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Компьютерлік сауатты оқушы тәрбиелеу.
1. Microsoft Word программасы немен жұмыс істеуге арналған? a. Қатты дискімен жұмыс жасауға араналған b. Құжат жасауға мүмкіндік беретін программа c. Аудиофайлдармен жұмыс істеуге араналған программа d. Видеофайлджармен жұмыс жасауға араналған программа e. Тінтуір тетігімен 2. Мәтін дегеніміз не? a. Суреттің бір элементі b. Әріп c. Графиктер d. Дербес компьютерлік, алфавиттік символдар тізбегі e. Құжат
3. Мәтіндік құжат a. Дыбыстық файл b. Видео файл c. Мәтіндік редакторда жасалған ақпараты бар файл d. Суреттің файлы e. Mp3 файлы
4. Масштабты өзгерту қай мәзірде орналасқан? a. Түр /вид/ b. Кірістіру / вставка/ c. Бетті белгілеу мәзірінде d. Сервис мәзірінде e. Формат
5. Сызғышта не белгіленеді? a. Файлдың аты b. Файлдың көлемі c. Файлдың өлшемі d. Құжатты табуляциялау өрісі мен маркер белгіленуі e. Құжат беттері
6. Құжат көру режимін өзгерту үшін қай мәзірге кіреміз? a. Кірістіру мәзіріне b. Түр c. Бет орналасуы мәзіріне d. Формат мәзіріне e. Жауаптың барлығы қате
7. Терезені бөлу үшін төмендегі әрекеттердің қайсысын орындау керек. a. Түр-бөлу b. Түр-сызғыш c. Бетті белгілеу- өлшем d. Бетті белгілеу-баған e. Кірістіру-бетті бөлу
8. Стиль деген не? a. Құжат мәтінінің сыртқы пішінін белгілейді. b. Қаріптердің әртүрлі тілде жазылуы c. Кестенің қасиеттері d. Беттердің көрсеткіш қасиеті e. Құжат үлгілері
9. Стильдерді қалай қолданамыз? a. Басты мәзірдегі Қаріп батыртмасы арқылы b. Бет орналасуы- өлшем c. Бет орналасуы –баған d. Басты мәзір қосымшасы –стиль e. Кірістіру-иллюстрация
10. Стильдің қосымша параметрлерін қалай өзгертеміз? a. Басты мәзірінің қосымшасындағы стильдер тізімін қолданамыз. b. Стильді құру терезесіндегі өзгерту батырмасына шертеміз. c. Өзгерту батырмасын басып Стиль құру дейміз, d. Қаріп батырмасын шерту арқылы e. Дк қайта жүктейміз
11. Алмасу буфері дегеніміз не? a. Мәтіндік процессор b. Файлдардың қасиеттері c. Құжаттарды өшіруге арналған программа d. Құжаттардың орындарының өзгеруі e. Құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасу ға арналған дк жадының арнаулы бөлігі
12. Символ сұхбат терезесін алу үшін не істейміз? a. Кірістіру-сивол b. Түр-сызғыш c. Түр-бетті белгілеу d. Бетті белгілеу-өлшем e. Басты-стильдер
13. Керекті символды құжатқа кірістіру үшін тінтуірмен кестедегі символды ерекшелеп ..... батиырмасын басамыз. a. Қаріп b. Абзац c. Кірістіру d. Буфер алмасу e. Стильдер
14. Бағанды қалай құрамыз? a. Кірістіру мәзірінің көмегімен b. Блокнотта құрамыз c. Кестенің көмегімен d. Беттерді белгілеу- бет параметрлері- бағандар e. Тип бөлімінде
15. Бағандағы мәтінді бөлу бұйрығы a. Беттерді белгілеу-бөлу-баған b. Бөлулер-баған c. Тип бөлімінде нұсқалардың біріне шертеміз. d. Кірісітіру батырмасы арқылы e. Басты мәзірінде 16. Бетті нөмірлеу сұхбат терезесін ашу үшін не істеу керек? a. Кірістіру- бет нөмірі b. Кірістіру-бетті бөлу c. Бетті белгілеу- өлшем d. Ғ1 батырмасын басу арқылы e. Басты-абзац 17. Колонтитулдарды қалай құрамыз? a. Кірістіру-бетке бөлу b. Кірістіру-колонтитул c. CTRL+K d. SHIFT+CTRL+K e. Бетті белгілеу-өлшем
18. Колонтитулдар қалай бөлінеді? a. Жоғары және төмен b. Ішкі, сыртқы c. Ортаңғы, төменгі d. Жоғары, ортаңғы e. Барлық жауап дұрыс
19. жаңа сілтеме құру үшін не істейміз? a. Сілтеме кірістіру – сілтемені ауыстыру b. Сілтеме кірістіру- жаңа мәлімет c. Сілтемелер мәзірі- мазмұндар d. Вставка –символ e. Түр –көрсету-жасыру
20. Мазмұндар топтамасы нелерден тұрады? a. Мәтін,қаріп, абзац b. Мазмұн,мәтін,диаграмма c. Мазмұн,мәтін кірістіру, қаріп, диаграмма, график d. Мазмұн, мәтін кірістіру, кестені жаңалау e. Графин, мәтін, мазмұн, мәтін кірістіру. Тест қорытындысын шығару . Оқушыларды бағалау Қорытындылау Үйге қайталау
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.