Модельдерді зерттеу, модель жасаудың негізгі кезеңдері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Модельдерді зерттеу, модель жасаудың негізгі кезеңдері

Модельдерді зерттеу, модель жасаудың негізгі кезеңдері

18-02-2015, 00:52
Қарау саны: 1420
Пікірлер: 0
Версия для печати
М.Өтемісов орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Қайырлиева Қарылғаш Жаңабайқызы

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді зерттеу, модель жасаудың негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру арқылы өзі тұжырым жасауға , сауаттылыққа, жылдамдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
ә) Модельдерге мысалдар келтіруді және есептер шығаруда модельдеу кезеңдерін тиімді қолдануды үйрету, танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
б) Модельдерді және моделдеу түрлерін, модельдеудің негізгі принциптерін, модельді құру ережесін және модельдеу кезеңдерін меңгерту, білімдерін бекіту.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Құрал - жабдығы: 1) Интерактивті тақта, Флипшарттар, слайдтар, суреттер
2)Ортақ бағалау парағы
3)Фишкалар
3)Әр командаға сұрақтар
4)Ойын тапсырмалары
5)Жауап үлгілері
Сабақтың әдіс- тәсілі:"Бақытты сәт" оқыта үйрету ойыны
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Ой-қозғау.
"Бақытты сәт" оқыта үйрету ойынның жүру кезеңдері
Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың өзінің капитаны және атауы болады.
І гейм. "Бой сергіту" Әр командаға 10 сұрақтан беріледі әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға бір фишкадан беріледі.
ІІ гейм ."Бөшкеден шыққан бас қатырғылар"
Бөшкеден әр команда интерактивті тақтада тапсырма орындайды. Дұрыс орындаған тапсырмаға бір фишкадан беріледі.
ІІІ гейм. "Сен білесің бе?" Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Үй тапсырмасы. Практикалық тапсырма. Компьютерде модель сызу.
ІV гейм. "Сен маған, мен саған "
Командалар бір- біріне модель(макет) ұсынады, түсіндіреді.
V гейм. " Көсемдікке ұмытылу"
1. "Кімнің ойы ұшқыр "? Логикалық есепті шешу.
2. Болашаққа көзқарас , "Экспо-2017" ой толғау жазу.
( Компьютерде практикалық )
І гейм. "Бой сергіту"
І топ сұрақтары
1) Алгоритм дегеніміз не ?
2) Алгоритм неше топқа бөлінеді?
3) Циклдік алгоритм дегеніміз не?
4) Модель дегеніміз не ?
5) Модельдеу дегеніміз не ?
6) Модельді уақыт факторына қарай неше топқа бөлеміз?
7) Динамикалық модель дегеніміз не ? Мысал келтіріңдер.
8) Ақпараттық модель дегеніміз не ? Нешеге бөлінеді? ( атаңдар)
9) Таңбалық модель дегеніміз не?
10) Компьютерлік модель дегеніміз не?

ІІ топ сұрақтары
1) Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
2) Сызықтық алгоритм дегеніміз не?.
3) Циклдік алгоритм дегеніміз не ? Блок -схема дегеніміз не?
4) Модель қандай сөзден шыққан?
5) Статистикалық модель дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
6) Материалдық модель дегеніміз не? Қандай заттарды жатқызуға болады?
7) Вербальдік модель дегеніміз не қандай тілден енген?
8) Таңбалық модельдер деген не? мысал келтіріңдер.
9)Құрылымдық , логикалық модель деген не?
10) Компьютерлік модельге не жатады

Оқушылар интерактивті тақтада тапсырмалар орындайды.
ІІІ гейм. "Жұмбақтас"
"Сен білесің бе?"
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Слайдпен топ басшылары таныстырады.
ІV гейм. "Жұмбақтас"
Оқушылар жасалынған макеттерін бір – біріне ұсынады.

V гейм. "Көсемдікке ұмытылу"
Сабақтың бақытты кезеңіне де келіп жетті. Бақытты оқушыны анықтау үшін логикалық есеп беріледі.
Логикалық есеп
Кімнің қандай іспен айналысатынын анықтап шешімін сызба түрінде көрсету керек
3 жасөспірім: Нүрали, Әділ және Әлишер Өтеген батыр тұрғындары. Біреуін барлығы мықты шахматшы ретінде біледі, ал екіншісі - программалаушы, үшіншісі достарымен жиналып, уақытын солармен өткізгенді ұнатады.
- Бірде программалаушы досына шахмат ойынын үйренуге барады, бірақ анасы баласының барлығына таныс досымен би кешіне кеткенін айтады.
- Әлішер Әділ жайлы ештеңе естімегені белгілі.
Көмек : Есепті шешу жолын Әлішер шахматшы емес деген ойдан бастау керек. Өйткені шахматшы программалаушыны да, би кешін жақсы көретін баланы да тануы керек.
Әділ - би кешіне қызықпайды, өйткені би кешін жақсы көретін баланы барлығы таниды, ал Нүрәли Әлішерді танымайды.
Ал Әділді Әлішер танымайды.

Ал топ мүшелеріне «Болашаққа көзқарас» - «Экспо – 2017» көрмесіне ой толғау жазу.
Сабақты қорытындылау :
Бақытты оқушы анықталады. Топтардың ортақ ұпайы шығарылады.
Сабақты бекіту:
Рефлекция . Сұрақ -жауап. . Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады.
1.Біз бүгінгі сабақта біз не үйрендік? не білдік?
2. Болашақта қолданамыз ба?
3. Қажеттілігі бар ма ? ( Миға шабуыл )

VІІІ. Бағалау.
1. Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қорытындылау.
2. Бағалау Ехсеl кестесінде жүргізіліп мониторингісі шығарылады.
Үйге тапсырма: Оқулықтағы 137 бет Бақылау сұрақтары.
Графикалық модельдерді құру.
Теги: Модель
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.