Темір (9-класс) » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Темір (9-класс)

11-05-2015, 14:15
Автор: Әлия
Қарау саны: 494
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тақырыбы: Темір (9-класс)
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:біліммен білікті жетілдіру
Сабақтың әдісі:ТРАФ рольдік әдіс,конференция.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық, металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы, интерактивті тақта..
Минеролог:Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.
Химик: Темір периодтық жүйеде:
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физик:Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл.
Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t ═1539 С.
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.
Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады. Тарихшы:
Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
Астроном:
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында
Геолог:Темірдің табиғи минералдары:
Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
Fe 2O 3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
Fe 2O3 • 3H2O лимонит (50% Fe)
FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)
FeSO4• 7H2O темір купоросы
Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,
оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Биолог:
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
Медик:
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.
Құранда темір туралы:
«Сондай-ақ темірді түсірдік. Онда орасан күш, әрі адамзат үшін қажеттер бар…» (Хадид 57 : 26)
Құранда 26-сүре Әл – Хадид сүресі қазақша–темір сүресі ,ол
темірдің периодтық кестедегі орнына сәйкес келеді.Бұл кездейсоқ жайт емес
Әдебиетші:Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір
Мақал жарыс.
«Темірші – көміршіге үйір»
«Темірді қызған кезде соқ»
«Болат қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады»
«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»
«Көптің аузы-темір талқы»
«Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Ағаш кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай».
«Болат бүгілмес-морт сынар».
«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».
«Болған іске болаттай берік бол»
Химиялық диктант.
Темір ------- түстес ------- металл.
Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу температурасы--------.
Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді.
Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.
Керекті сөздер: күміс,ақ,магниттелетін,3,87г/см ,1539,+2,+3,шойын,болат.
Бағалау.Жетонмен.
Үйге тапсырма:Темір.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.