«Еуразия материгі»-саяхат сабағы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » «Еуразия материгі»-саяхат сабағы

«Еуразия материгі»-саяхат сабағы

21-12-2016, 19:38
Автор: bilimtime
Қарау саны: 267
Пікірлер: 4
Версия для печати

«Еуразия материгі»-саяхат сабағыАстана қаласы

№57 орта мектептің география пәні мұғалімі

Иманбаева Жанат Бопаевна,

Сабақтың тақырыбы: «Еуразия материгі»-саяхат сабағы.

Сабақтың мақсаты:Оқушылырға Еуразияның физикалық-географиялық орны,климатты,табиғат зоналары,жер бедері мен пайдалы қазбалары,ішкі сулары, өсімдіктер, жануарлары туралы білімдерін қалыптастыру.Оқу-тәрбие міндеттері:1.Білім беру міндеті:Еуразияның географиялық орнының ерекшеліктері,зерттелу тарихы,жер бетінің құрылысы,климат жағдайы мен ішкі суларының ерекшеліктері,органикалық дүниесінің басты себебін ,сондай-ақ ,оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.2.Тәрбиелік міндеттері : Табиғатты,қоршаған ортаны,оны қорғауға баулу.3.Дамыту міндеттері: Ойлау қабілетін, танымын арттыра отырып,өз бетінше жұмыс жасауын қалыптастыру.Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.Сабақтың типі:Білім мен дағдыны қолдану,саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі:Модульдік жүйе.Реподуктивті(сұрақ-жауап).Іздестіру,топтық жұмыс.Сабақтың түрі:Аралас сабақ ,ізденіс ойын сабақ.Пәнаралық байланыстар:Биология,Химия,Тарих.Көрнекі құралдар:Еуразияның физикалық картасы дүниежүзілік саяси картасы,өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, кескін карта,бейнетаспа,географиялық атлас.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру.І. Аялдама. «Ой толғанысы»1.Материк деген 2.Еуразия материгі аралдармен есептегенде ауданы қанша? 3.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы? 4.Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер қалай аталады? 5.Жер шарында ең үлкен түбек бар,оның ауданы 3млн. шаршы км. Ол қалай аталады? 6.Еуразияның ең ұзын өзенін атаңдар?

ІІ. Аялдама.Картаға саяхат. Солтүстік шеткі нүктесі –Челюскин мүйісі(77˚43с.е.) Оңтүстік шеткі нүктесі-Пиай мүйісі (10˚16с.е.) Батыс шеткі нүкте-Рока мүйісі(9˚34б.б) Шығыс шеткі нүкте-Дежнев мүйісі(169˚40б.б)Пайдалы қазбалары:Темір,алтын,мұнай,газ,көмір,алюминий,мыс,марганец,тұз. ІІІ.Аялдама.Түсінгеніңді түзе (ауызша)1.Тайфун 2.Муссон 3.Лесстен (сазды шөгінді жыныс) 4.Шұраттар(оазистер)-шөл зонасын-да жер асты суы,(бұталы ағаштар) өзен аңғарлар.

5.Уәд (Арабия түбегінде, құрғақ өзен арналары) 6.Террая(құбжық) 7.Пушта(құнарлы қара топырақты өңір) 8.«Полонина»(Карпат тауындағыбиік тау шалғындары)

ІҮ. Аялдама.Ойлан,ойла!1-топ 8848861174957439 Джомолунгма. Чагори. Коммунизм. Жеңіс шыңы2-топ 5800444353128501Янцзы. Амур. Еділ. Дунай. 3-топ 4845410269955410 Хуанхэ. Енисей. Хантәнірі. Обь

Ү. Аялдама.Тапқырлығынды таныт.

Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендері

Үнді мұхит алабы өзендері

Тынық мұхит алабы өзендері

 

 

 

ҮІ.аялдама. Білмесең,білгеннен үйрен.

1-топ. 1.Табиғат апаты...2.Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін жануарлар...Жауабы:Марал, күн тұтылуы, құлын, жұт, елік, су тасқыны, сел, ақбөкен, өрт, от, барыс,жер сілкінісі, құрғақшылық,қар көшкіні,ай тұтылуы2-топ. 1.Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін құстар...2.Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін өсімдіктер...Жауабы:Емен,сексеуіл,үкі,қарағай,бүркіт,шырша,сұңғақ,көктерек,аққу,қайың.

3-топ.1.Арал теңізінің суының ...... 10 метр төмендеді. 2.Ғасырлар бойы өсіп тұрған тоғайлар мен шалғындар, жануарлар дүниесі,...Жауабы:деңгейі,кеңістік,қашықтық,құрып барады,қасіреті.

ҮІІ. Аялдама.Ұшқырлығыңды ұста.

«Еуропа»«Азия»Венн диаграммасы бойынша саяхат сабағын қорытындылау.

Бекіту: Не үйрендің? Не білдің? Сабақ ұнадыма?

Бағалау: Үйге тапсырма: «Еуразия материгі» қосымша деректер жинап, «бес жол» өлең дайындау.

 

 

 

 

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (4)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.