Аустралия материгінің табиғат зоналары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Аустралия материгінің табиғат зоналары

Аустралия материгінің табиғат зоналары

23-12-2015, 00:15
Автор: шектігүл
Қарау саны: 1592
Пікірлер: 0
Версия для печати
«№23 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мекемесі
География пән мұғалімі
Чулакова Шектігүл Манаққызы
Сабақтың тақырыбы:Аустралия материгінің табиғат зоналары.
Сабақтың білімділік мақсаты: Материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін,табиғат зоналарының орналасу заңдылықтарын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты. Оқулықтармен,картамен жұмыс істей білуді дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты; Материктің эндемик жануарларының қазіргі сақталу дәрежесі, оларды қорғау жолдарын әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, Аустралияның материгінің физикалық картасы, климаттық белдеулер картасы,атлас, әртүрлі фотосуреттер,глобус,атлас. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың өткізу әдісі. Сұрақ-жауап ,Картамен өз бетімен жұмыс,салыстыру. Әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: 6 сынып Физикалық географиясы,
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп,сабаққа дайындықтарын тексеру. -Кәне ,балалар біз Аустралия материгімен танысуымызды әрі қарай жалғастырамыз. Тақтадағы сөздерді оқимыз: «Бес» болсын алар бағамыз Білімнен бақыт табамыз Жер шарын таңып білуге, Аустралияны шарлап барамыз. Аустралиямен танысуды жалғастырайық. .-Оқушылар «Достар» аралына келдік, «Достар» аралының тұрғындарының сұрағын тыңдайық.---Аустралия материгі қандай материк? 1 оқушы Материктің ішінде, Ең кішісі осы екен, Жағасында көп халық, Ішкі жағы бос екен. 2 оқушы Түгелімен материк, Тек қана бір ел қарайды, Руда,көмір сонша көп, Сан ғасырға жарайды. 3 оқушы Материк қой ең құрғақ, Керісінше ол біздерге, Шілде айы ең суық, Қаңтары оның ыстық тым, 4 оқушы Эйр көлі-өмірсіз, «Өлі жүрек» теңеуі Суы ащы соншалық Шөлдегенге жоқ демеуі.-Балалар, өте жақсы,әр қарай аттанайық. «Білім» аралына келдік Бұл арал бізге карта бойынша сұрақтар беріп отыр. Тапсырма Аустралия материгіндегі берілген географиялық обьектілерді табу. Карпентария шығанағы,Үлкен Аустралия шығанағы,Эйр көлі,Батыс Аустралия қыраты,Муррей Дарлинг өзендері,Үлкен Тосқауыл рифі,Үлкен суайрық жотасы. Электрондық оқулық пайдаланамыз. Электрондық оқулықтағы практикалық жұмысты орындайды. Әрі қарай аттанамыз «Олжа» аралына келдік. «Олжа» аралында карта тауып алдық.Кәне балалар бұл қандай карта? -Иә табиғат зоналар картасы екен.Біз бүгін Аустралияның табиғат зоналарымен танысамыз. Дәптерлерінді ашып,жаңа тақырып жазамыз. Жаңа сабақ Аустралияның табиғат зоналары. Жаңа сабақ жоспары.  Материктегі эндемиктердің жоғары дәрежеде болу  Аустралия материгіндегі органикалық дүниесінің ерекшелігі.  Аустралияның табиғат зоналары  Материктегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне адамның әсері. 1.Материктегі эндемиктері. Сұрақ  -Эндемик дегеніміз не? Өсімдіктер 75% -ы, (эквалипт,казуарина) жануарлардың(кенгуру,қалталы қасқыр,ехидна, үйректұмсық.) 90% тек Аустралияға тән. Слайд 12 Аустралияда ең көп кездесетін өсімдік- Эвкалипт. Өте ауыр,әрі тығыз сүрегі өте берік болады.Кеме жасау үнін жоғары бағаланады.Эквалипт ағашынан жасалған телеграф бағаналары ұзаққа шыдайды. Статистика бойынша әрбір 4 ағаштың 3-еуі эвкалипт Ең ұзын өсімдікАғаштың биіктігі 100 метр, жуандығы 12 метр! Эвкалипт өте тез өседі,25 жылда 200- жыл жасаған емендей болады !Ылғалды көп қажет етеді.Топырақ қабатындағы суды сорапша сорады,сондықтан топырақты жақсы құрғатады.Эвкалиптті "безгезке қарсы” ағаш деп атайды,эвкалипт өскен жерде батпақ болмайды.Сондықтан безгек қоздыратын маса ұрығының өсуіне жағдай жоқ. Тамыры терең кетеді,жапырағы құрғақ қатты болады. Жапырағында эфир майы бар,медицинада қолданылады. Слайд 13 Слайд14 Слайд 15 Кенгурудің он шақты түрлері кездеседі Сұр кенгуру –дүниежүзіндегі ең ірі кенгуру. Салмағы 70 кг Құйрығының ұзындығы 1 м Жылдамдығы сағатына 90 км Секіру биіктігі 2 м, көзі нашар көреді,есту қабілеті күшті. Балаларының кіп-кішкентай,3см Слайд 16 Слайд 17 Аралдарда мысықтай кішкентай кенгуру –валлаби, Күндіз шөптесін өсімдіктер арасында жүрсе,түнге қарай жайылымдарға шығады. Слайд18 Ехидна Слайд 19 Үйректұмсық. Денесінің ұзындығы 30-40см,құйрығының ұзындығы 10-15 см,салмағы 2кг Слайд 20 Слайд 21 Аустралия материгінің мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген,ал ехидна,үйректұмсық,лирақұйрық күмі ақшаларында таңбаланған. Слайд 22 Слайд 23 Органикалық дүниесінің бұндай өзгеше болып келуін, материктің басқа материктерден өте ертеден бөлініп кетуіне байланысты деп түсіндіреді. Сонымен бірге басқа материкте кездесетін өсімдіктерді кездестіруге болады. -Органикалық дүниесі қай материкке ұқсас болуы мүмкін деп ойлайсыңдар,неге? -Ежелгі қай материктен бөлініп шыққан? Сондықтан да гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер,олар: Слайд 24 (саяхатшы ағаш,папоротник) Слайд 25 (араукария,бөтелке ағаш,акация) -Енді балалар Аустралияның табиғат зоналарымен танысайық, -Картадан Аустралияда қандай климаттық белдеулер бар екенін анықтайық? Субэкваторлық,тропиктік,субтропиктік, қоңыржай Слайд 26, Табиғат зоналар картасы-Сондықтан да табиғат зоналар қалай өзгереді? -Табиғат зоналардың өзгеруі неге байланысты? Материктің көпшілігі қандай табиғат зоналарда жатыр? Белдеулер Табиғат зоналар Топырағы Өсімдігі,жануарлары ? ? қызыл Эвкалипт,акациялар,кенгуру.ехидна эму түйе құсы Cлайд .№27 Вомбат Жабайы ит Динго Скрэб эвкалапттер мен акациядан құралған тікенекті қалың ну бұталар Келесі табиғат зонасы кестені толтыру слайд №28 Белдеулер Табиғат зоналар Топырағы Өсімдігі,жануарлары ? ? Қызыл-қоңыр Күлгінде ген қызыл топырақ, Эвкалипт.акация Ехидна,қолтырауындар, үйректұмсық.пальма, араукария ломонос,ротанг пальмалары,ағаш тәрізді папоротниктер.,лиана Тасмания- ылғалды мәңгі жасыл ормандар. (слайд .46) Тасмания қалталы құбыжығы,киви 4.Табиғатты қорғау Отаршылық кезінде материкке өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері әкелінген.Емен,терек,жеміс ағаштары. (слайд .47)Дүниежүзінің қорғалатын аймақтар (слайд .47) Аустралияның экологиялық картасы (слайд .48) Бекіту сұрақтары 1.Аустралия материгіне қандай табиғат зоналар тән? 2.Скрэб дегеніміз не? 3.Аустралияға тән эндемиктерді атаңдар? Қорытынды: Сонымен біздер «Олжа» аралында Аустралияның табиғат зоналарымен танысып мол олжалы болдық Бүгін саяхат кезінде көп жұмыстанған оқушыларды бағалаймын. Саяхатымыз аяқталды…. Үйге тапсырма Табиғат зоналар.Картаға салу.Жұмыс дәптермен жұмыс істеу. Призентацияның сілтемесі : http://rghost.ru/7mKL5gNTq
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.