«Атажұрт» – этногеографиялық ойыны » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » «Атажұрт» – этногеографиялық ойыны

«Атажұрт» – этногеографиялық ойыны

25-11-2015, 21:54
Автор: Нұрымжан
Қарау саны: 580
Пікірлер: 0
Версия для печати
«Атажұрт» – этногеографиялық ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін дамыту, жер табиғатын, тарихын, байлығын оқып білуге тәрбиелеу, оқушылардың дарынын, ҰБТ-ге байланысты білімін жетілдіруге және зердесін ашуға үйрету.
Ұйымдастыру:
Ойынға 10,11 сынып оқушыларынан 2 топ қатысады.
1. «Жібек жолы» тобы

2. «Ұлы дала» тобы
1 – кезең. «Таныстыру». Топ басшылары өзін және топ мүшелерін таныстырады.
2 – кезең. «Қанат қақты». Топ басшыларына 7 сұрақтан қойылады (себебі 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан).
1 – топ. «Жібек жолы» тобына қойылатын сұрақтар.
1. Қазақстан аумағының көлемі? (2724,9 мың шқ2)
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен сарқырама? (Анхель с. 1054м)
3. Б.э. дейінгі 90 – 60жылдары өмір сүрген, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсетіп, Сырдария мен Амудария Каспийге құяды деп есептеген, Арал теңізін картаға түсірген кім? (Птолемей)
4. Атырау қаласынан 55 шақырым жерде Жайықтың оң жақ жағасында қаланың қираған орны жатыр. Ол қандай қала? (Сарайшық)
5. Қазақстан астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? (1997ж)
6. Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде жатыр? (4 – 5)
7. Қазақстан неше облысқа бөлінеді? (14)
2 – топ. «Ұлы дала» тобына қойылатын сұрақтар.
1. Ең ұзақ шекаралас мемлекет? (Ресей)
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл? (Сахара)
3. Каспийге құятын өзен? (Жайық)
4. Ең биік тау шыңы, оның биіктігі? (Гималай, Джомолунгма 8848м)
5. Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9)
6. Қазақстанның ең төмен жатқан нүктесі? (Қарақия)
7. Іле Алатауының ең биік нүктесі? (Талғар)
3 – кезең. «Самғау». Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
«Жібек жолы» тобына қойылатын сұрақ.
1. Субарктикалық белдеу – мүкті – қыналы өсімдіктерден тұратын климаты қатал белдеу. Мұнда жел мен қарлы борандар жиі соғады. Мұнда ең көп таралған өсімдік – бұғы мүгі, солтүстік бұғысының негізгі азығы.
Сұрақ. Бұл зона калай аталады? (Тундра)
2. Адамзат тарихында құпиясы ашылмаған «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғажайып ескерткіштердің бесеуі Еуразияда орналасқан..
Сұрақ. Еуразиядағы «Әлемнің жеті кереметінің» бесеуін атаңыз
Артемида храмы, Галикарнас кесенесі, Семирамида аспалы бағы, Зевстің алып мүсіні, Гелиос мүсіні.
«Ұлы дала» тобына қойылатын сұрақтар.
1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау Түбегіндегі Қарақия ойысы, ал биік түктесі Хан Тәңірі шыңына сәйкес келеді.
Сұрақ. Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша? (6995+132=7127).
2. Отырар қаласының аты VІІІ ғасырдан бастап «Отырар» деп аталған. Отырар қаласының алып жатқан жері 200 гектарға жетіп, нағыз қалаға айналған. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді.
Сұрақ. Моңғолдар Отырар қаласына қай жылы шапқыншылық жасады? Қазіргі қаланың күйі қандай? (1219 жылыкүзде шапқыншылық жасады, қазір қаланың орны ғана қалған).
4 – кезең. «Шарықтау». Бұл кезеңде сурет бойынша анықтау.
«Жібек жолы» тобына қойылатын сұрақ.
№1. сурет.
Бұл суретте еліміздің оңт. шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі бейнеленген. Көл т. д. 342м биіктікте жатыр. Ауданы – 18200км, ұзындығы614км, ені – 74км, жағасының ұзындығы2383км. Суының көлемі106км.
Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.
(Балқаш көлі)
№2 сурет.
Бұл суретте еліміздің солт. Табиғаты әсем, еліміздің көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің біріне қатысты бейнеленген.
Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың бірі орналасқан. (Бурабай көлі)
«Ұлы дала» тобына қойылатын сұрақ.
№3 сурет.
Бұл суретте география ғылымына көп үлес қосқан, біздің заманымыздан бұрынғы 3ғ. өмір сүрген грек ғалымы бейнеленген. Бұл кім? (Эратосфен)
№4сурет.
Бұл суретте орыстың көрнекті ғалымы, саяхатшысы бейнеленген. 1827 – 1914ж. ж. өмі сүрген ол Қазақстанжәне Орта Азияға экспедициялар жасап, көптеген зерттеулер жүргііп, соның нәтижесінде Қазақстан таулары, нақты тың мәліметтер қалдырған.
Қосымша көмек: Бұл ғалымның құрметіне осы өзі зерттеген таудың есімі ғалім атымен бірге аталады. (П. П. Семенов – Тян – Шанский)
5 – кезең. «Шырқау». Терезедегі сұрақтар. 10 тор көз берілген. Екі командаға 5 сұрақтан беріледі.
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)
3) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)
4) Моңғолия мемлекетінің астанасы (Улан-Батыр)
5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)
9) Су қабаты (гидросфера)
10) Канаданың астанасы (Оттава)
11) Ливингстон кім? (саяхатшы)
12) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)
13) Ең көп таралған дін (христиан)
14) Ең үлкен арал (Гренландия)
15) Муссон деген не? (жел)
16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
17) Ең үлкен материк (Еуразия)
18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Париж)
19) Ең кішкентай құс (колибри)
20) АҚШ – тың қазіргі президенті (Барак Обама)
6 – кезең. «Жерұйық». Бейне сұрақ

Ойынды қорытындылау. Жеңген топты анықтау.Марапаттау.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.