Солтүстік Американың физикалық- географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теніздер, зерттелуі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Солтүстік Американың физикалық- географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теніздер, зерттелуі

Солтүстік Американың физикалық- географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теніздер, зерттелуі

11-02-2015, 11:02
Қарау саны: 3018
Пікірлер: 0
Версия для печати
7 сынып Мұғалім аты-жөні: Жумабекова Мейра Татимановна
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың физикалық- географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теніздер, зерттелуі
Сілтеме: 7-сынып оқулығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Материктің географиялық орнын анықтай білу тиіс. Материктің табиғатын зерттеушілерді ажырата алу. Дамытушылық: Оқушылар Солтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы , мұхиттарды,теңіздерді, шығанақтар, бұғаздарды картадан бойынша анықтай алу. Шеткі нүктелердің географиялық координаталарын анықтайды. Тәрбиелік: Оқушылар жұптық құрамында тиімді жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосфера қалыптастыруға атсалысады, бір- бірінің пікірлерімен санасады, тақырыпты меңгеру үшін бір- біріне жәрдемдеседі.
Нәтиже: Материктің географиялық орнын анықтай алады. Материктің табиғатын зерттеушілерді ажыратады. Оқушылар Солтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы шығанақтар, бұғаздарды картадан бойынша анықтайды. Шеткі нүктелердің географиялық координаталарын анықтайды.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО, АКТ.
Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу, тарих
Қажетті материалдар оқулық, интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы
Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру
1. Сабақ барысымен таныстыру.
2. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
Сәлемдесу Өздерін ретке келтіру Кітап құралдарын, географиялық карталарын, жұмыс дәптерлерін, қалам қарындашын дайындыққа келтіру.
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.
1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2.«Миға шабуыл» стратегиясы Қызыл жұлдызшамен бағалау.І.Материктің физикалық- географиялық орны деген не? 1. Солтүстік Америка қайда орналасқан? 2. 1. Солтүстік Американың экваторға қатысы бар ма? 3. Солтүстік Американың бастапқы меридианға қатысы бар ма? 4.Жағалауындағы мұхиттарды ата. 5. Басқа материктерге қатысы? 6.Климаттық белдеулерге қатысы? 7.. Солтүстік Американыңшеткі нүктелерін ата. Солтүстік Американың материгі несімен ерекшеленеді
3. Топтастыру. Топтастыру арқылы : Солтүстік Американың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
















Оқушылар Солтүстік Америка туралы «Ең... ең» ерекшеліктерін анықтайды.
Тапсырма-1. Оқулықтағы мәтінді «Мәтінді оқы және талқыла» тәсілі арқылы оқу тапсырылады.
1.Жеке жұмыс.
Оқушылар мәтінді екіге бөліп, өздігінен оқиды. Алдымен мәтіннің бірінші бөлімі оқылады.
2.Жұптық жұмыс. Оқушылар оқығанын талқылайды, білгендерін ортаға салады.

Тапсырма-3 Жұппен жұмыс Көк жұлдызшамен бағалау Дәптермен жұмыс. Қосымшадағы 238-б. жоспар бойынша Солтүстік Американың физикалық- географиялық орнына сипаттама беру.
Тапсырма-3 Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, өз білгендерінің дұрыс- бұрыстығын анықтайды.

Тапсырма-4. Картамен жұмыс. І –қатар Солтүстік американың жағалауындағы теңіздерді анықтайды. . ІІ –қатар Солтүстік американың жағалауындағы шығанақтар мен бұғаздарды анықтайды. .ІІІ –қатар Солтүстік Американың жағалауындағы аралдарды анықтайды
Тапсырма-5. Солтүстік Американың табиғатын зерттеушілерді анықтау, кесте толтыру.

Зерттеушілер уақыты Ашқан жерлер
1.Нормандар
Х ғасыр Гренландия


Тапсырма-6.. Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін кескін картаға түсіреді.
Мәтінмен жұмыс. Солтүстік Америка табиғатының ерекшеліктері «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы
1.Солтүстік Америка материгі қайда орналасқан? Солтүстік жарты шарда
2.Солтүстік Америка материгі жер көлемі жөнінен нешінші орын алады? 3-орын
3.Жерінің ауданы қанша? 24,2 млн км2
4.Солтүстік Американың ең үлкен аралын ата. Гренландия
5.Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірін ата. Флинт-Мамонт
6.Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы қалай аталады? Хабборт
7.Д.ж мұх ең биік толысу толқыны биіктігі 18 м
8.Д.ж мұх ең биік толысу толқыны қай жерде? Материктің шығысындағы Фанди шығанағында
9.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш қалай аталады және оның биіктігі қанша? Секвойя, 100 м
10.Ең биік нүктесі қай тауда? Кордильер тау Мак-Кинли, 6193 м
11.Ең төмен нүкте, тереңдіг. Өлім аңғары, -83м
12.Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері қандай дүние бөлігін құрайды? Америка
13.Екі материкті жалғастырып тұрған мойнақ қалай аталады? Панама мойнағы
14.Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп тұрған бұғаз қалай аталады? Беринг бұғазы
15.Материктің ашылуы кімдердің атымен тығыз байланысты? Х.Колумб, А.Веспуччи
16.Бұл жерлерге нормандар қай уақытта келген? Х ғасырдың аяғында
17.Материкті зерттеушілерден кімдерді білесің? Джон Кабот, Генри Гудзон, Александр Макензи, Витус Беринг, Алексей Чириков, Джеймс Кук, Руаль Амундсен
18.Ресейлік зерттеушілер қай жерлерді зерттеген? Аляска жағалауын

Бағалау.
Не білемін?
Не білдім? Үйренгім келеді?
ББҮ. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс.
Мұғалім мен оқушылар бір- біріне рахмет айтады.
Оқушылардың формативті бағалауымен жұлдызшалармен бағалау. Жұп бойынша ортақ баға қояды .
Өздерін бағалайды.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.