Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы

Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы

6-02-2015, 01:01
Автор: куміс
Қарау саны: 1913
Пікірлер: 0
Версия для печати
Күні:
Сыныбы:
Тақырыбы:Дүниежүзілік мұхит суы
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға дүниежүзілік мұхит суының ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
Дамыту:Дүние танымдық көз-қарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Жан-жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі:Аралас
Көрнекілік:Дүние жүзінің физикалық картасы
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру
1.Ауа массалары дегеніміз не,оның қандай түрлері бар?
2.Жер шарында неше климаттық белдеу бар және оның негізін салушы кім?
III. Жаңа сабақ
Гидрасфераның негізгі бөлігін Дүниежүзлік мұхит сулары құрайды. Дүниежүзлік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан,Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзлік мұхит суының алып жатқан ауданы 361 млн км².
Мұхит суының басты қасиеттері- температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн саулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.Дүниежүзлік мұхит суының құрамы аса қүрделі.
Мұхит сулары мен материктер табиғаты өзара байланысты:мұхит сулары жинаған жылуын атмосфераға беріп,ылғалдандырады. Осы жылу мен ылғалды мұхиттық ауа массалары құрлыққа жеткізіп,оның жағалдық бөліктерінде ерекше мұхиттық (теңіздік)климатты түзеді. Бұл климаттық жағдай мұхит жағалауларында топырақ пен өсімдік жамылғысының және жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады. Мұхит пен материк арасындағы өзара байланыстың айқын дәләлі-муссондар. Бұл желдер құрлық пен мұхит арасындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пайда болады,. Муссондар бағыттарын жыл мезгілдеріне сәйкес екі рет өзгертеді. Муссондық климат Еуразияның Тынық,Үнді мұхиттарымен шекаралас жағалауларына тән.
Мұхит адамның шаруашылық әрекетінің сипатын да анықтайды. Өйткені мұхит-көптеген теңіз өнімдерінің,пайдалы қазбалардың, энергияның,шикізаттың көзі. Мұхит суы арқылы бір-бірінен қашық қашық орналасқан құрлықтардың арасын байланыстыратын ең арзан жолдар өтеді. Мұхит жағасындағы денсаулыққа қолайлы жұмсақ климат, емдік қасиеті бар тұзды су, жанға жайлы құмды жағажайлар, табиғаты көркем мұхиттық аралдар адамдардың демалуы мен сауығуына жағдай жасайды. Ал теңіз өнімдерінен алынатын дәрі-дәрмектер мен тағамдар күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылады.
IV.Жаңа сабақты бекіту
1.Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.
VI.Үйге тапсырма беру.
Үйге: Дүниежүзілік мұхит суы.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.