Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

29-04-2015, 15:40
Автор: Куралай
Қарау саны: 951
Пікірлер: 0
Версия для печати
Жолдасова Асия Құрақбайқызы

Шиелі индусnриалды-аграрлық колледжің

физика және математика пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр тізбегіне
өткізгіштерді тізбектей және пареллель
жалғау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тізбек бөлігі үшін Ом
заңы және тұрақты ток заңдарын үйрету,
білімдерін күнделікті тұрмыс қажеттілігінде
қолдана білуге үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту,
өз бетімен ізденуге, шығармашылық
дағдыларын дамытуға дайындау.
б) тәрбиелік: оқушыларды ептілікке іскерлікке,
ұйымшылдылыққа, өздерін тыңдауға және
мамандық иесін тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ–жауап, тәжірибе жасау, топпен
жұмыс.
Сабақтың типі: Аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика, информатика, қазақ әдебиеті, тарих,
электротехника.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, электронды
оқулық, амперметр, вольтметр, шам, сымдар,ток көзі.
Қолданылатын технология: Топтастыру әдісі, Венн диаграммасы, тірек
сызба, тәжірибе көрсету, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 минут)
1.1 Топ оқушылармен амандасу.
1.2 Тізім бойынша оқушыларды түгелдеу.
1.3 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
• Тұрақты электр тогы дегеніміз не?
• Тұрақты токтың пайда болу шарттары.
• Ток күші, өлшем бірлігі, қандай құралмен өлшенеді?
• Ток көзінің энергиясы электр қозғаушы күш жайлы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Метал өткізгіштің аb бөлігін қарастырайық, белгілі бір уақыттан кейін өткізгіштің бойынан ток жүріп өткенін байқаймыз. Сол кезде өткізгіштің температурасы артқанын байқаймыз. U=φа – φb тәжірибеде көргенімізде ток күші мынаған тең: I= kU. Мұндағы k пропорционалдық коэффиценті ол өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді деп неміс физигі Г.Ом 1827 жыл бір қатар тәжірибелер нәтижесінде, өткізгіш кедергісі деп аталады. Кедергінің өлшем бірлігі Ом мен өлшенеді.
1 Ом ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойынан 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
Енді жоғарыда айтқандарды ескеріп: I=kU=U/R
Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі.
Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тіуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.

Өткізгіштің кедергісі деп берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқк жасайтын кедергісін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мұндағы: R – өткізгіштің кедергісі
ƿ - меншікті кедергі
l- өткізгіштің ұзындығы
S –өткізгіштің ауданы
p=pо (1 + αt)
Электр тізбегіне өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар.
• Тізбектей немесе бірізділік деп аталады.
• Параллель жалғау деп аталады.
Түйін деп үштен кем емес өткізгіштердің тоғысқан нүктесін айтады.
Тірек - сызбасы : «Тізбектей жалғау», «Параллель жалғау»
IV.Жаңа сабақты бекіту.
Оқу тобын 4 топқа бөлу : 1.Топтастыру әдісі
2.Венн диаграммасы
3-4 топқа тәжірибе жасау
V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары :
1.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы неге тең?
2.Ток күшін қандай құралмен өлшейміз және тізбекке қалай жалғанады ?
3.Өткізгіштерді жалғаудың неше түрі бар ?

VI. Сабақты қорытындылау
VIІ. Оқушылар білімін бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма : §9.3 §9.4
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.