Электромагниттік тербелістер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Электромагниттік тербелістер

Электромагниттік тербелістер

14-02-2015, 16:51
Автор: Дариева
Қарау саны: 1959
Пікірлер: 0
Версия для печати
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ орта жапы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Абирова Гүлсара

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік тербелістер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Электромагниттік тербелістермен танысамыз.
1. Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?
2. Тербелістер неліктен өшеді?
3. Үйкеліс күші тербеліс амплитудасын неліктен азайтады?
4. Неліктен өшетін тербелістерді гармоникалық тербелістер деп айтуға болмайды?
5. Тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі қалай анықталады?
6. Еріксіз тербелістер деген не?
7. Еріксіз тербелістердің жиілігі қандай болады?
8. Қандай құбылысты резонанс деп атайды?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы.
2. Тербелмелі контур-электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор конденсатор мен индуктивтік катушкадан тұратын тізбек.
3. Тербелмелі контурда еркін тербелістердің пайда болуы шарты.
4. Томсон формуласы.
5. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§28 дайындық сұрақтарын талдау.
1. Тербелмелі контур дегеніміз не?
2. Еркін электромагниттік тербелістер неліктен өшеді?
3. Катушка индуктивтілігінің өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына қалай әрекет етеді?
4. Конденсатор сыйымдылығының өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына қалай тәуелді?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. 21-жаттығу 1.
2. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 4 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды қалай өзгереді?
2. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 2 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді?
ІІ деңгей.
1. Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер.
2. Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер.
ІІІ деңгей.
1. Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек?
2. Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §29 24-жаттығу (2,3).
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.