Астық тұқымды Бидай өнімінің ерекшеліктері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Астық тұқымды Бидай өнімінің ерекшеліктері

Астық тұқымды Бидай өнімінің ерекшеліктері

21-10-2015, 12:32
Қарау саны: 3766
Пікірлер: 0
Версия для печати
Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясы 

Тақырыбы:«Астық тұқымды Бидай өнімінің ерекшеліктері
Секция: Биология
Орындаған:Болатбек Айерке
Сыныбы: 10 «а» сынып 
Головацкий атындағы орта мектеп 
Жетекшісі: Рысбаева Гульмира Бейсенбайқызы
Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымдарының кандидаты,доцент:Р.Қ.Жексембиев.


Жобаның тақырыбы: Астық тұқымды бидай өнімінің ерекшеліктері.
Оқушының аты-жөні: Болатбек Айерке.
Сыныбы: 10
Мектептің атауы: Головацкий атындағы орта менктеп
Панфилов ауданы
Ғылыми жетекшісі: Рысбаева Гульмира Бейсенбайқызы 
биалогия пәнінің мұғалімі
Ғылыми жобаның мақсаты:Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында жаздық қатты бидай сорттық үлгілерінің сандық белгілерін селекциялық-генетикалық әдістермен сұрыптау тиімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Астық тұқымдастардың сан алуандылығын және халық шаруашылығындағы маңызы.
Зерттеу әдістері мен нысаны: Біздің елімізде өндірілетін қатты бидай сапасы жағынан әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Зерттеу жұмысында 1-ден бидайдың биологиялық ерекшеліктері көрсетіледі.
Бидай өнімдері тек адам үшін ғана емес,сонымен қатар мал үшін де бағалы азық.Ол құрама жем өнеркәсібі үшін пайдалы комплект болып табылады.Мысалы,біздің елімізде 50 млн. топша шамасында бидай дәні мал азығы үшін пайдаланылады.Бидайдың өзінен және дамып қалдықтарынан дайындалған жеммен үй жануарлары да,құстар да тез өсіп,жақсы семіреді.Бидай сабаны да едәуір бағалы әрі жемшөп ұатарына жатады ,ол басқа дақылдармен бірге сүрлемге де салынады.Сүттеніп пісе бастаған көк күйінде орылып ,малға берілетін бидай қарабидай сияқты,жүгері өсіп жетілгенге дейінгі сабағы мал азығы.Бидай өнімдері өнеркәсіпте де кең көлемде пайдаланылады.Мысалы,бидай дәнінен крахмал,спирт,май және клейковина алынады.Бидай сабанынан қағаз,картон,өнер бұйымдары және басқа да заттар жасалынады.Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып 

табылады.Бидай егісінін,көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады және ол 
бүкіл Азиядағы барлық басқа елдердің бидай егісі көлемінен көп.Мысалы,жаздық бидай егісі солтүстік ендіктің 60° деңгейінен де асып кетеді,шығыста бойлықтың 45° деңгейіне дейін егіледі .Күздік бидай Украинада,Молдавияда,Белоруссияның біраз жерінде,Қырымда,Солтүстік Кавказда,Волганың оң жақ жағалауында ,Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысында және Орта Азия республикаларында өсіріледі.
Қорытынды: Сонымен адам қоғамының дамуында, оның мәдениетінің артуында астық тұқымдас мәдени өсімдіктер,олардың ішінде аса бағалысы-бидай ерекше роль атқарғаны байқалады. Сол ерте замандардан бастап қазіргі уақытқа дейін бидайдын экономикалық маңызы төмендеген емес. Бидай селекциясының прогресі нәтижесінде ауруларға, суыққа төзімді , ылғал мен тыңайтқышты тиімді пайдаланатын аса мол түсімді сорттар өсіріліп шығарылды.Бидай селекциясы жөнінде,АҚШ, Канада, Швеция, Франця. Англия, Италия және Жапония сияқты дамыған елдер үлкен табысқа жетті.
Соңғы жиырма жыл ішінде Индия, Мексика, ГДР, ФРГ, Австрия, Турция мен Шығыс Европадағы социалистік мемлекеттердің де табыстары айтарлықтай болды. Сондықтан да Индияда, Мексикада және Кенияда «көк-жасыл революция болды» деген ұғым қалыптасты.
Нәтижесі мен ұсыныстар:Жұмсақ әрі ұнтақты бидайдан да нан пісіреді, ол әсіресе пирожное секілді және кондитер тағамдарын даярлауға көп падаланылады. Алайда, біздің елімізде бұлайша нақты бөлу жоқ, сондықтан бұл мақсаттың қайсысына болса да әр алуан сорттар жұмсалады. Осыған орай, біздіңше, селекционерлерге, өнеркәсіпші технологтарға бидай сорттарын осынау аса маңызды белгілері бойынша жіктеп ажырататын мезгіл жетті. Бидайдың дәнінде көптеген біз білмейтін дәрумендер бар.Мысалы: жұмсақ бидайда 16%ақуыз болса, ал қатты бидайда 24 % ақуыз болады. Бұлар адам денсаулығына өте пайдалы. Біз бұны табиғаттың сыйы десек те болады. 

Мазмұны
1.Кіріспе.
1.1 Бидай және оның жалпы сипаттамасы 
2.Негізгі бөлім .
2.1. Бидайдың морфолагиялық өнімділігі 
2.2.Бидай сапасының физикалық белгілері 
2.3Астықтың ұнға айналуы 
2.4 Күздік бидай және қара бидай
2.5 Биологиялық ерекшеліктері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Ол кім бұл не» Қозыбаев М.Қ.Арғынов Х.Қ Әбдірахманов С. Әлімбаев М. Қасымов Қ.Ә.
2. «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко
3. «Табиғаттану негіздері мен методикасы» С.А.Павлович; А.Н.Матвеева; В.П.Горощенко
4. Кененбаев С.Б. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы 
5. Сыдық Д.А. және т.б. Күздік бидай сорттарының егілуі 
6. Жанұзақов М.М. Өсімдік шаруашылығы.Қызылорда, 2008, 370 б.
7. Носатовский А.Н. Пшеница М., Сельхозиздат, 461б.
8. Апушев А.К., Мырзабаева Г.А. Оценка хлебопекарных качеств зерна
9. Әрінов Қ.Қ. және т.б. Өсімдік шаруашылығы.т Алматы, 561
10. Оразалиева Р.А. «Қазақстан бидайы» 
11. Казаков Е.Д. «Нан ризық»
12. Оспанбаев Ж.О., Жапаев Р.Қ. Күздік бидайдың сорттарын себу
Аннотация
Научный проект был выполнен на тему: "Особенности злаково-пшеничной продукции". На всемирном уровне высоко оценивается твердая сторона качества пшеницы, которая производится в нашей стране. В связи с этим, цель исследуемой научной работы - это изучение культурной селекции,  хорошая приспосабливаемость к местности, засуха , высокое качество зерна, получение хорошей продукции при холоде и засухе.
В ходе исследования, я выявила то, что рост пшеницы в воде имеет наибольшую ценность. Например у пшеницы, которая была не обработана , витамина В2 составляло в 10 раз больше. Я предложила то, что если есть пшеницу, которая росла с такими качествами, имеют очень полезные свойства для организма человека. Смотря на зерна пшеницы, я заметила то, что большое количество витамина Е,антиоксидантов,витаминов группы В вбольшом количестве содержится в шкорлупе пшеницы.
Также я заметила то, что культуры родственные пшенице, играют менее важную роль, чем пшеница.Я привела теоретические, атакже практические доказательства.Исследовав полезные свойства пшеницы, я сделала некоторые выводы и предложения.

Abstract

Research project was carried out on the theme: "Features of grass-wheat products." At the global level commends the side of quality wheat that is produced in our country. In this context, the aim of the study research - the study of cultural selection, good adaptability to the terrain, drought, high quality grain, getting a good product at low temperatures and drought.
During the study, I identified that the growth of wheat in water has the greatest value. For example wheat, which was not processed, vitamin B2 was 10 times greater. I suggested that if there is wheat, which grew with such qualities are very beneficial properties for the human body.
Looking at the wheat, I noticed that a large amount of vitamin E, antioxidants, B vitamins found in large quantities husk wheat. I also noticed that the culture related wheat, play a less important role than wheat. I led the theoretical and practical evidence. Examining the useful properties of wheat, I draw some conclusions and suggestions.


Аннотация
Ғылыми жоба "Астық тұқымды бидай өнімдерінің ерекшеліктері’ тақырыбында орындалды. Бұл жобада біздің елімізде өндірілетін қатты бидай сапасы жағынан әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Осыған байланысты аталған дақылдық селекциясы бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстың мақсаты – жергілікті жерге жақсы бейімделген, құрғақшылыққа төзімді, дәннің түзілуі мен толысуы жақсы дамыған дәні жоғары сапалы, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу.
Зерттеу жұмысы барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетінін анықтадым. Мәселен өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы жолдарын ұсындым. Бидайдың дәніне қарағанда , қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болатынын қарастырдым. Астық тұқымдас мәдени өсімдіктер, олардың ішінде аса бағалысы бидай ерекше роль атқаратынын байқадым. Теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелдер келтірдім.


Кіріспе
Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы өте қатал Якутск жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ аймағында, Қазақстан мен Орта Азияның аса құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында өсіріледі.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай, және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, В витаминінің 70—80%, Р және Е витаминінің едәуір бөлігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. Оны пайдалану нәтижесінде ас қорыту жақсарады және басқа қоректер де жақсы сіңеді. Бидай белогының да ерекше бағалы қасиеттері бар, оның амин қышқылдық құрамы үйлесімді келеді.
Қазіргі жоғары механикаландырылған және мамандандырылған ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында бидай түсімін арттыра берудің және мол өнім алудың негізгі факторы — дақыл үшін ылғал, керек және режимінің ең қолайлы жағдайын жасаумен қатар, оның аса бағалы сорттарын өсіріп шығару болып табылады.
Адамға қажетті азық-түлік пен мал азығы және шикізат үшін қажетті өнімдер молшылығын жасауда дәнді дақылдар селекциясының маңызы зор.
Қазіргі заманғы өсімдіктер селекциясының мақсаты — әр түрлі агроэкотипке арналып шығарылған сорттарды сыртқы орта жағдайына мүмкіндігіне көбірек бейімдей түсу, яғни белгілі бір генотип пен сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары арасындағы үйлесімділікті барынша арттыра түсу болып табылады.



Бидай және оның жалпы сипаттамасы

Дүние жүзіндегі азық-түліктік дақылдар ішінде бидай жетекші орын алады. Астық шаруашылығын және оның басты дақылы — бидай өсіруді үздіксіз дамыту процесі жүргізіліп келеді.
Алынатын астық мөлшерінде бидайдың ара салмағы 60 процентке жетеді.
Triticum туысының қазіргі систематикасы 27 түрді қамтиды . Адамзаттың басым бөлігі жұмсақ бидай нанын пайдаланады. Егіс көлемі жөнінен одан кейінгі орынды қатты бидай алады. Бұл екі түр де полиплоидтық түрге жатады.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер полиплоидтық бидайдың аллополиплоидтық бидайдан шыққанын анықтады. Сондай-ақ оның қалыптасуына азықтық дән беретін бидайдың кемінде бес диплоидтық түрі қатыскандығы белгілі болды. 
Бүкіл адамзаттың, солардың ішінде біздің еліміз халқының негізгі тағамы үшін жүмсақ бидай пайдаланылатындықтан, ендігі жерде осынау бірегей түр жайын сөз етпекпіз.
Жұмсақ бидайға жататын түрлердің масағы тығыз емес, масақшалары сиректеу , ұзындығы 5—17 см масағының ұзындығы е нінен 4—5 есе артық; масақтағы масақшалар бір-бірінен алшақ, жоғары қарай қиғаш орналасқан, дәндерінің ұзындығы 5—9 мм, үзынша сопақшадан жұмыртқатәрізді пішінге дейін өзгеріп отырады, ұзындығы әдетте дәнінің енінен 2 есе артық, домалак болып келеді.
Бидай өскіндері қошқыл қара, жасыл, көкшіл немесе сарғыштау-жасыл, ашық жасыл түсті болады. Жапырақ тақталарының ұзындығы 8—35 см, кейде 
одан да үзын, ені 0,7—2,5 см, жылтыр (тегіс), бүртікті (беті кедір-бұдыр) немесе қысқа түктер басқан (қолға жұмсақ бол.ып тиеді). Жапырақ қынаптары жалаңаш немесе түкті. Олардың жапырақ тақталарына өтер жерінде тілше мен құлақшалар бар. Құлақшалардан кейын жапырақ тақтасыпың жиегіне өтетін ұзын түкшелері» болады немесе болмайды. Тілшесіз түрлері де болады. Сабағының биіктігі 30—200 см. Сабағының іші бүкіл үзына бойына қуыс болады. Сабағының буыны жалаңаш немесе үйкелуден түсіп қалатын қысқа түктерімен көмкерілген. 
Бидайдың морфологиясы және өнімділігі
Бидайдың морфологиялық белгілері систематиктер үшін түрлерді және әр түрдің ішіндегі түршелерді тиген туысының шегінде теңестіру құралы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар кейбір морфологиялық белгілер селекционерлер үшін сұрыптау объектілері, генетиктер үшін тұқым қуалау белгілерін бақылау мате-рмалы болып табылады және ең ақырында, олар иммунологтар үшін де қажет болып саналады.
Алайда түсімділік, технологиялық сапалар секілді аса маңызды белгілер зор шаруашылық маңызға ие бо-ла отырып , теңестіру мақсатына жарамайды, өйткені сыртқы орта жағдайлары оларға едәуір дәрежеде әсер етеді және сонымен қатар оларды оңай да тез әрі дәлмедәл өлшеу мүмкін емес.
Тамыры. Бидай өсімдігінің тамыры екі түрлі болады. Түқым өніп шыққанда жас өсімдікте урық тамырлары түзіледі. Қосымша т,амырлар немесе буын тамырлары әдетте бесеу, колеоптильдік тамырлар біреу-екеу болады, буын тамырларының саны ауа райына, топырақ жағдайларына қарай өте өзгеріп отырады. Ұрық тамырлары әрқашан да жіңішке, диіаметрлері бірдей, бүйір тармақтары бар және олар бүкіл вегетациялық кезең бойы қызмет атқарады.
Ұрық тамырының негізі дәнде астық тұқымдастар сүттеніп пісуінің бастапқы кезеңінде, бірінші жұбы —сүттеніп пісудің басы мен орта кезеңінде, екінші жұбы — сүттеніп пісудің соңы мен балауызданып пісудің бастапқы кезеңінде түзіледі. Балауызданып пісудің ортасы мен соңында колеоптильдік тамырдың меристералық ошақтары оқшауланады. Буын тамырлары негізгі өркенде жаздық бидайдың 1—4-жапырақтары, күздік бидайдың 1—8-жапырақтары бекінетін жерден жоғарырақта түзіледі. Тамыр жүйесі жалпы алғанда жаздық бидайда түқым көктеп шыққаннан кейін 30—40 күн өткен соң, күздік бидайда 50—60 күн өткен соң толық қалыптасады.
Сабағы (сабаны). Сабак дегеніміз — бидайдың өнім түзуге қатысатын мүшелерін көтеріп тұратын орталық осі. Сабақ жапырақтардың, масақ өзегінің, жанама өркендерінің, қосалқы тамырдың қалыптасуына тікелей қатысады. Сабақта мүшелерді бірыңғай жүйеге біріктіріп, заттар айналымын қамтамасыз етстін өткізгіш тканьдер орналасады. Дән байлау кезінде пайдаланатын қор заттары да сабакта жиналады. Ол сондай-ақ ассимиляциялық қызмет атқарып, құрғақ заттардың түзілуіне қатысады.
Бидайдың сабағы тік өседі, цилиндр пішінді келеді, ол буындар мен буын аралығынан тұрады, әдетте беті тегіс, калыпты өскен сабак буындар мен буын аралықтарынан тұрады. Бидай сабағының әдстте жер бетіндс 5—6 буыны болады, буын аралығы сабактың төменгі жағында қысқа болады. Сабақ жср астындағы бірінші буын аралығынан өсе бастайды да, кейінірек тарала береді, мұнда екінші буын аралығы өсуі жөнінен бірінші буынаралығын, үшіншісі — скіншісін басып озады және т. с. с. Сонымен, барлық астық тұқымдастар секілді бидайдың өзіне тән ерекшелігі — онда бірнеше
Өсу нүктелерінің болуы. Олар әрбір буын аралығының түбіндегі буын үстінде орналасқаны. Жоғарғы буын аралығы төменгі буын аралығынан 6—12 есе үзын болады.Бидайдың көптеғен сорттарының буын аралықтары қуыс болса, бунақтары бітеу, олардың шіі толы болады. Далады кейбір сорттарда буын аралықтарыыың да іші бітеу келеді.
Өсімдіктің биіктігі (сабағының үзындығы) генетика- . лық пегізге байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдапларына да тәуелді болады. Өсімдік биіктіғікің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткеыі ол да-қылды жниау әдісі мен оныц ауыр-жеңілдіғі соған да байланысты болады, сонымен қатар оның дақылдың құлал жатып қалуына да қатысы бар. Жерге күлап жатып қалмайтын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.
Жапырағы. Жапырақ—бидайдың негізгі ассимиляциялаушы мүшесі. Ол жапырақ тақтасынан және сағақты қамтитын қынаптан тұрады. Нағыз жапырақтар сабақта екі қатар болып орналасады. Әрбір жапырақ өзінен жоғары және төмсн орналасқаи жапырақтарға 180° бұрыш жасай орналасады.
Қалыпты қынап сабақтын төменгі 2/3 бөлігін жауып тұрады, ал қолайсыз жагдапларда масақ кынаптан толық ұзарып шықпайды. Әрбір қынап буынға дейін бойлай бөлінгсн.
Жапырақ тақтасына сызыктық және параллель жүйкелену тән, бұл жағдай бүкіл типтері тұқымдасына ортақ. Жапырақтың үстіңгі бетінде бірқатар бойлық қырлар пайда болады, олар өткізгіш жапырақтардың үстіңгі жағына орналасқан тканьдерден түзілген. Ортаңғы жүйке тактаның астыңғы бетінен көрініп түрады. Тақтаның екі бетінде де устьицелер болады, устыцелер астыңғы бетіне қарағаида үстіңғі бетінде көбірек болады. Жапырақ тақтасының төменгі бетінде қыр болмайды және ол үстіңгі бетіне қарағанда әдетте едәуір тегіс келеді.
Жапырақ тақтасы мен кынаптың түйісетін найза тәрізді түзіліп, қынап пен сабақты қарама-қарсы екі жағынан да еркін қамтиды.
Жарғақты өскін (тілше) де жапырақ тақтасы мен қынаптың түйіскен жерінде орналасқан жүқа өсінді болып табылады.
Жаздық бидайдың негізгі өркенінен 7—8 жапырақ шығады. Күздік бидайдыц нсгізгі өркенінен 13—14 деГіін жапырақ еседі. Жапырақтардың көпшіліғі өскін пайда болған соң қалыптасады.
Жаздық бидайда жапырак, тіршілігінің. жалпы ұзақтығы 49—78 күнге созылады. Жаздық бидайда жапырақтар тіршілігінің тоқтауы редукциялық 
бөліну нәтижесінде пайда болатын төрт клетканың қалыптасуынан, ал күздік бидайда — масақ өзегінің. сегментациясынан басталады.
Масағы мен дәнегі. Дақыл түптене бастаған кезде масақ қалыптасады. Бидайдың гүлшоғы— масақ. Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай масақ қалыптасады да, осыдан сыртка шығады . Оның негізгі қылтанағы өзегі—иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар мен буын аралықтарынан тұрады.
Өзектің әрбір буын аралығы түбіне қарай тарылып, үш жағына кеңейеді. Масақ жетілмеген, түрі өзгерген өркенге айналғап масакшалардан түрады (Вагге, Н. Т., 1945). Бйдайдың масағы — қондырма масақ. Масақшада үштен беске дейін гүл болады. Жоғары гүл әдетте рудименттік мүше. Әр масақ буйірінен бір-екі масақ қауызы мен оранған, ал әрбір гүлдің сыртқы және ішкі гүл кауызы бар. Гүлдің ішіне үш аталық және екі ауызды аналық орналасқан. Гүлдің ең түбінде шағын екі пленка — лодикул орналасқан. Гүлдеу кезіде олар ісініп, гүл ашады. Гүлдеп болған сол лодикул солады. Тозаңқаптың пішіні жебеге үқсайды: оның әрқайсысы гүлге жіңішке аталық жіпшесімен бекінген.
Масақтың және гүл қауызының хлорофильді ткані, түтік шоғы және устицелері болады. Сондықтан олар ассимиляция және булану процестеріне қатысты.
Масақтанудың соңын ала гүлдеу процесі басталады. Ең алдымен масақтың ортаңғы белігінің гүлдері, одан соң төменгі және жоғарғы бөліктерінің гүлдері гүлден бастайды. Тозаңқабы ең жоғарғы шегіне жетіп, сарғаяды, ал бүл кезде аналық та жайылып өседі.
Қалқанша дегеніміз—түрі өзгерген тұкым жарнақ жапырағы. Ол тұқым өнген кезде коректі заттарды эндоспермнен ұрыққаі жеткізу кызметін аткарады. Қалқанша эпителиймен көмкерілгон паренхималық тканьнен тұрады. Эпителий клеткаларының үлкен сору күші болады, бұл клеткалар ұрық өскеи кезде ерссек өсім-діктің тамыр түкшелері орнына кызмет атқарады.
Эпибласт тамырдың сабақка өтер жеріне орналасқан. Оның маңызы толық анықталмаған. Эпибласт тканьі борпылдақ құрылымды, осының арқасында ол ұрык, өскен кезде ылғалды барынша сіңіріп алып, оны үрыққа береді. Иванов (1971) эпибластың бүл қызметі үрық тіршілігінің алғашкы кезеңінде өте маңызды деп атап көрсетті.
Дәнектің қалыптасуы сыртқы орта жағдайлары мен организмнің генотнпіне байланысты. Жаздық бидайда дэнектің қалыптасу ұзактығы 9—13 күн, суару ұзақтығы—14 күм, пісу ұзактығы 8—12 күн болады. Аланда ауа райы жағдайларына байланысты керсетілген диапа-зондар әр жаққа қарап біршама өзгереді.
Күздік бидайда дәнек қалыптасуының орташа ұзақтығы 10—16, суару ұзақтығы 9—14, пісу ұзактығы 8—13 күн.
Дәннің қалыптасып жетілуін шартты түрдс үш фазаға бөлінеді: сүттену, балауыздану және толық пісу фазалары. Бүл фазалардан ету процссінде өсімдіктің өзінде, сонымен қатар дәнде, морфологиялық және био-химиялық өзгерістер болады.
Сүттеніп пісу фазасында дән жасыл реңді, айтарлықтай толысқан болады және 
сықкан кезде одан сүт реңдес қоймалжың бөлініп шығады. Ақ түсті болуы ондағы крахмал дәндеріне байланысты. Дәнде еритін қант көп болады. Ұрық әлі де жүмсақ болады. Ал құрғағаннан кейін өніп шығуға қабілетті келеді. Бүл кезде сабақ, жоғарғы жапырақтар мен масақ әлі де өзінің жасыл реңін сактайды, бірақ өсімдік тіршілігінің тоқталу белгілері байқала бастайды. Ассимиляция процесі әлі де жалғаса береді.
Балауызданып пісу фазасында дәннің құрамындағы заттар алдымен жабысқақ күйге өтеді де, соңынан балауыз секілді жұмсақ болады.
Бұл кезде дәнді тырнақпен кесу оңай, көлемі жөнінен ол сүттеніп пісу фазасындағы дәннен едәуір кіші болады; біртіндеп жасыл реңнен айырылады. Сабақ жапырақ және масақ сарғая бастайды, жапырақтар морт сынғыш болады да, бірақ сабақ өзінің иілгіштік қасиетін сақтайды. Ассимиляция процесі тоқталады. Бүл фазада заттар бір топтан екінші топқа қарқынды түрде өте бастайды, дәннің масақпен физиологиялық. байланысы жойылады, бірақ гүл және масақ қауызы дәнді ылғалмен және синтез өнімдерімен қамтамасыз. ету қызметін атқара береді.
Толық пісу фазасында дән қатая түседі және оның. көлемі кішірейеді, сондықтан кейбір сорттарда олар оңай шашылады, пластикалық заттардың бір топтан екінші топқа ауысуы аяқталады.
Пісу дәрежесіне қарай дәнектің анатомиялық құрылымы өзгереді. Дәнектің өсу процесі кезінде эндоспермнің крахмал бөлігінің клеткалары пластидтік крахмал жинақтайды, ал жеміс қабықшасының клеткалары жұмыр крахмал дәндеріне толады. Эндосперм клеткалары пластидтік крахмалмен толған соң хондриозомдық крахмал жинала бастайды. Эндоспермнің белоктық заттары қоюланып, бірте-бірте желімтек бола береді.
Түсім кепілі. Түсімнің мелшері негізінен қалғанда белгілі жердегі өсімдіктердің санына, масақтың мөлшеріне, масақтағы және өсімдіктегі дәннің массасына байланысты болады.
Балауыздану арқылы төзімді формалар өсіріп шығаруда төзімділіктің бір түрінің таралуына жол бермеу үшін, төзімділіктің бірнеше көзін пайдалану керек. Соңғы уақытта көп линиялы сорттар селекциясына барған сайын көп көңіл бөлінуде. Бұл — агрономиялық белгілері ұқсас, бірақ әр түрлі төзімділік гендері бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар линия популяциясы, яғни бүл сорт төзімділігі әр түрлі бірнеше генотиптің қоспасы болып табылады. Көп линиялы сорттар дүние жүзінің бірқатар елдерінде бидайды сары таттан қорғау үшін кеңінен пайдаланылады.
Бидай егістігі.
Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: "Жетісу”, "Қарлығаш”, "Комсомолдық — 1”, "Мироновтық — 808”, "Прогресс”, "Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін "Қазақстан-15”, "Қазақстан-19”, "Қазақстан-25”, "Қарабалықтық-90”, "Лютесценс-32”, "Саратовтық — 29”, т.б. жатады.
Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін
Қаптағы бидай- жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.

БИДАЙ САПАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ 

Дәннің натуралық салмағы. Бидайдың натуралық салмағы — сапаның неғұрлым кең таралған және қарапайым белгісі. Ол көпшілік елдерде килограммен алынған бір гектолитр дәннің салмағын білдіреді.
Дәннің натуралық салмағы әсер ететін негізгі факторларды Глиннат пен Бушук (1959) анықтаған. Олар үлгі ретінде алынған дәннің өлшемі натуралық салмаққа әсер етпейді деуге болады немесе мүлде әсер етпепді, ал екінші жағынан алғанда дәннің формасы және оның өлшемінің бір тектілігі натуралық салмаққа әсер етеді, өйткені дәл осы екі фактор дәннің тиісті ыдыста орналасу сипатын анықтайды деп көрсетті.
Натуралық салмақка айтарлықтай әсер ететін келесі маңызды фактор — бұл дәннің тығыздығы. Дәннін тығыздығы дәннің биологиялық қурылысы мен мөлшерін қоса химиялық құрамына байланысты.
Дәннің натуралық салмағы — астықтың барлық классификациясындағы өте маңызды фактор. Бұл көрсеткіштің маңызы ең алдымен мынада: ол астықтан алынатын ұн мөлшерінің көрсеткіші болып табылады.
Зерттеушілер Иенгельс пен Сендорсон (1975) бидайдың натуралық салмағы мен одан алынатын ұн арасындағы корреляция коэффициетін анықтады, ол көрсеткіш 9 жыл ішінде орта есеппен +0,762 болды.
Ши (1960) бидайдың әр түрлі 287 сортын зерттей келе, дәл есеппен 35 г бола отырып, 30—40 г аралығында ауытқиды осындай нәтиже алған (ч = 0,744).
Дәннің массасы. 1000 дәннің салмағы негізінен алғанда дәннің көлемі мен оның тығыздығына байланысты. Бұл белгі дәннің сапасын сипаттайтын базалық белғі емес, бірақ түқымның ерекше ірі немесе керісінше ұсақ топтары халықаралық рынокта әдетте бағаланбайды.
АҚШ-та қатты дәнді қызыл реңді күздік бидай және катты дәнді қызыл реңді жаздық бидай 1000 дәнін массасы 20—36 грамға дейінгі аралықта ауытқиды да, орта есеппен 28 грамға тең болады. Қызыл дәнді және ақ дәнді күздік бидай мен қатты бидайдың салмағы орта есеппен 35 г бола отырып , 30-40г аралығында ауытқиды.
Дәннің мөлшері мен пішіні. Дәннің мөлшері оның салмағымен тығыз байланысты және ғалымдардың пікірінше ол алынатын ұнның маңызды көрсеткіші бола алады. Дәннің көлденең қимасының ауданына сәйкес бидай дәнінің мөлшерін анықтау әдісі бар. Ши (1960) дән пішіні мен астықты диірменге тартқан соң алынған нақты товарлы ұн мөлшері арасындағы +0,957 болатын корреляция коэффициентін анықтады. Селекционерлер мен технологтар көбінесе осынау маңызды көрсеткішті пайдаланады. Біз де осы әдісті қолдауға бейімбіз, өйткені біздің алған мәліметтеріміз бойынша да дәннің пішіні мен одан алынатын ұнның арасында зор байланыс бар.
Дәннің қаттылығы. Жылтыр дән қатты болады. Оның үстіне қатты дәнді жылтыр бидайда негізінен белок пен жақсьг сапалы клейковина (желімтек) көп болады. Нан пісіруге қажетті ұн негізінен алғанда қатты дәнді бидайдан даярланады. Мұндай нан жақсы бағаланады.
Жұмсақ әрі ұнтақты бидайдан да нан пісіреді, ол әсіресе пирожное секілді және кондитер тағамдарын даярлауға көп пайдаланылады. Алайда, біздің елімізде бұлайша нақты бөлу жоқ, сондықтан бул мақсаттың қай-сысына болса да әр алуан сорттар жұмсалады.
Осыған орай, біздіңше, селекционерлерге, өнеркәсіпші технологтарға бидай сорттарын осынау аса маңызды белғілері бойынша жіктеп ажырататын мезгіл жетті.
Реңі. Бидайдың реңі — оны әсіресе халықаралық саудада әр түрлі товарлы кластарға жатқызатын басты белгілердің бірі болып табылады. Бидай дәні күлгін, көгілдір, әр түрлі қызыл реңді және ақшыл түсті болуы мумкін. Оның реңі тұқым қауызындағы пнгменттерге байланысты.
Қазіргі кезеңдерде зиянкестілерге қарсы күресу үшін 50-ден астам препараттар қолданылады. Олар зиянкестілерді өлтіреді немесе олардың тіршілік функциясын мықтап бүлдіреді.
Өсімдіктің биіктігі (сабағының ұзындығы) генетикалық негізге байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдапларына да тәуелді болады. Өсімдік биіктіғікің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткеыі ол да-қылды жниау әдісі мен оныц ауыр-жеңілдіғі соған да байланысты болады, сонымен қатар оның дақылдың құлал жатып қалуына да қатысы бар. Жерге құлап жатып қалмаптын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.
Биологиялық әдісте адамға қауіпсіз саналатын кеміргіштер қолдану жолында жасалып жатыр.
Астықтың ұнға айналуы.
Нады бірден дәннен жасауға болмайды. Астықпен піскен нанның арасында екі күрделі кезең ұн тарату және нан пісіру кезеңі бар.
Бұл машиналардың елекетері әдетте тзүзу бойымен ілгері кейін қозғалады. Бидай егісінін, көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады және ол бүкіл Азиядағы барлық басқа елдердің бидай егісі көлемінен көп. Мысалы, жаздық бидай егісі солтүстік ендіктің 60° деңгейінен де асып кетеді, шығыста бойлықтың 45° деңгейіне дейін егіледі. Күздік бидай Украинада, Молда-вияда, Белоруссняның біраз жерінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда, Волганың оң жақ жагалауында, Казақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысында және Орта Азня республикаларында өсіріледі. Жоғары айтылған машыналард
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.