Кенелер – нағыз паразит жәндіктер. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Кенелер – нағыз паразит жәндіктер.

Кенелер – нағыз паразит жәндіктер.

31-08-2015, 01:36
Автор: Жаухар
Қарау саны: 2794
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы : Кенелер – нағыз паразит жәндіктер.
Сабақтың мақсаты:
Кенелердің тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы, сыртқы құрылысының және мінез-құлығының ерекшеліктері мен сан алуан түрлерімен таныстыру. Табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам
өміріндегі маңызы туралы оқушыларға білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттерін дамыту; Оқушылардыңой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау,қорытынды жасау білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, жеке бас тазалығына көңілбөлуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ- жауап, ойындар.
Көрнекілігі: кестелер «Өрмекшітәріздестер класы», флипчарт, постер, стикер, түрлі – түсті маркерлер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын түгендеу. Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1).Миға шабуыл. Оқушылар берілген терминдердің мағынасын айтады.
Карцинология, арахнология, хитин, мальпигий түтігі, трахея, хелицера, педипальпа.
2). Оқушылар берілген сызбанұсқаны сұраққа жауап бере отырып толтырады.

3). Сыныпқа жалпы тапсырмалар беру. Бір оқушы тақтада орындайды. Басқа оқушылар орнында отырып берілген қағазға жауап жазады,
а). Тақтада берілген шаянтектестер мен өрмекшітектестерге тән белгілерді «Ш» және «Ө» әріптерімен тұсына белгілейді.
ә). Берілген суреттен өрмекшітектестердің ішкі құрылысын белгілеп жазады.
б). Шаянтектестер мен өрмекшітектестердің түрлерін ажыратып ретімен кестеге орналастырыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ойату.
І. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылы¬ғымен айналысқандықтан жан-жануар-ларға байланысты есімдерді көптеп беріп отырған. Қай қазақ ханының есімі бунақаяқты жәндікке байланысты қойылған ?
Олай болса мен айтайын қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның есімінің қойылуы туралы қызық уақиға бүгінгі күнге жетіп отыр. Болашақ хан өте кішкентай болып туылыпты. Шоқай би жаңа туған сәбиді қолына алып: – Өзі кенедей кіп-кішкентай екен, аты Кенесары болсын, – деген екен.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Кенелер – нағыз паразит жәндіктер.
Жаңа сабақ:
Білемін Білдім Білгім келеді.




1). Кененің негізгі қандай өзіне тән ерекшеліктерін білесіңдер.Оқушылар өз білгендерін тақтаға топтастыру әдісі бойынша жазып шығады.




Оқушылардан кене туралы не білетіндерін сұрап, тақтаға топтастырып, жазу.
2). Әр топқа оқулық бойынша тапсырма беремін.
І топ. Кенелердің өрмекшілер класына жатуына байланысты негізгі ерекшелік терін оқулықты пайдалана отырып, таныстырады.
Тіршілік ортасы: топырақ, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, тұщы суларда, теңіздерде.
Паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері 20 мыңнан астам деп есептеледі.
Қоректенуі:
– өсімдік қалдықтары және микроскопиялық саңырауқұлақтармен
– өсімдік шырынын сорады
– өсімдік паразиттері
– жануарлар паразиттері
ІІ топ. Кенелердің өрмекшілерден өзгеше белгілерін оқулық бойынша , таныстырады.
Құрылысындағы негізгі белгілері:
• Ұсақ жәндіктер 0,05 – 13мм шамасынан аспайды.Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 мм –ге дейін жетуі мүмкін.
• Денесі 3 бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Бұл бөлімдерді ажырату қиын.
• Дернәсілдері 6 аяқты , ал ересектерінде 8 аяқтары болады. (берішкенеде 4 аяқ болады).
• Ауыздары: кеміруші, шаншып – сорғыш.
• Жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді.
• Терісі немесе демтүтік арқылы тыныс алады.
• Дара жынысты,жұмыртқа арқылы, кейбіреулері тірілей туып көбейеді. Шала түрленіп дамиды.
• Жұмыртқа → үш жұп аяқты дернәсіл → жыныс жүйесі жоқ 8 аяқты нимфа → ересек кене.
ІІІ топ. Кенелердің түрлерін оқулықты пайдаланып таныстырады.
Түрлері: жайылым кенесі, тайгалық кене, қышыма кене, қамба кене,
мамық кене, тері кенесі, беріш кене, алма кенесі, өрмек кене.

«Қансигек» ауруы еліміздегі мал шаруашылығына зиян келтіреді.аурудың ғылыми атауы – пироплазмоз. Ауруды тасмалдаушы жайылым кенесінің түрі – нәзікбас кене.

Мұғалімнің қорытындылауы.
Кенелер туралы зерттейтін ғылым – акарология
Кенелерден қорғану шаралары:
Даладан немесе орманды жерлерден елген соң киімді дұрыстап тексеру, қағып – сілкіп, ауыстыру қажет. Кене энцефалитін жұқтырғанда температура лезде 40 – 41 градусқа көтеріліп, дене жансызданады.
Егер денеңізден сорып тұрған кене көріп қалсаңыз, алдымен сұйық май немесе вазелинмен өңдеп,пинцетпен ептеп сағат тіліне қарама – қарсы бағытпен бұрап алу керек. Содан соң ауыз бөліктері қалып қоймағанын тексеру керек.
ІҮ. Бекіту:
1) І топ. Өрмекші мен кенені Венн диаграммасына түсіріңдер.





ІІ топ. Жұмыс дәптерінен 30 беттегі №1 тапсырманы орындайды.
ІІІ топ. Жұмыс дәптерінен 30 беттегі №2 тапсырманы орындайды.
Барлық оқушы графикалық диктант орындайды.
2). Графикалық диктант
• Кенелердің көбісі жыртқыш жәндіктер
• Ұсақ жәндіктер 0,05 – 13мм шамасынан аспайды.Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 мм –ге дейін жетуі мүмкін.
• Денесі 3 бөлік: бас, көкірек, құрсақ анық бөлінген.
• Дернәсілдері 6 аяқты , ал ересектерінде 8 аяқтары болады. (берішкенеде
4 аяқ болады).
• Ауыздары: сорғыш.
• Дара жынысты,жұмыртқа арқылы, кейбіреулері тірілей туып көбейеді. Шала түрленіп дамиды.
• Мұртшалары болады.
Рефлексия.
Оқушылардың бұл сабақта кенелер туралы не білдіңдеріңді және не білгілерің келетіндерің туралы ойларыңды ортаға салайық.
Ү. Қорытынды.
VІ. Үйге тапсырма :
• «Кенелер – нағыз паразит жәндіктер ». 215 – бет.
• Қосымша деректер жинақтау









«Балқаш қаласы лингвистикалық бағыттағы ЖББ №16 орта мектебі»КММ


Кенелер – нағыз паразит жәндіктер.


Өткізген: Өнербекова Жаухар Сериковна.
биология пәні мұғалімі






Балқаш қаласы – 2015 жыл
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.