Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық маңызы. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық маңызы.

Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық маңызы.

30-05-2015, 00:59
Автор: Майса
Қарау саны: 969
Пікірлер: 0
Версия для печати
Күні: 21.02.13
Пәні: Биология
Сыныбы: 9-сынып
Cабақтытың тақырыбы: §41. Генетиканың маңызы.
Денсаулық сақтаудың генетикалық маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – оқушыларға генетиканың маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы - оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен
байланыстыру арқылы білім мен біліктігін дамыту .
Тәрбиелілігі - оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тәнтану, медецина
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, тірек - сызба
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,көрнекі баяндау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Қорытындылау
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адам генетикасының қанша әдістері бар?
2. сол әдістердің жағымды және жағымсыздарын сипаттаңдар?
3. Қай әдістер ескілеу?
4. Адам генетикасы әдістерінің ерекшелігі неде?
5. Гибридологиялық әдісті адамға неге қолдануға болмайды?
6. Адам генетикасын зеттеудің қандай әідістердің бар,бұл әдістің маңызы неде?
7. Генеалогиялық әдістің ерекшелігі қандай ?
8. Генеалогиялық әдістің ерекшелігі қандай ?
9. Егіздерді салыстыру әдістің ерекшелігі қандай ?
10. Биохимиялық әдістің ерекшелігі қандай ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Генетиканың маңызы өте зор. Оның зерттеу нәтижелері білімнің көптеген саласында қолданылады.
Дарвиннің теориясындағы ең әлсіз буын пайдалы белгінің тұқым қуалау проблемасы болып есептелді. Бір – ақ рет пайда болған пайдалы белгінің ондай белгісі жоқ мыңдаған және миллиондаған дарақтар арасында жойылып кетпейтінін Дарвиннің өзі түсіндіреалмады. Керісінше бұл белгі орнығып алып, популяцияда көбейе түседі.
Генетиканың табиғатты қорғау ісіне қатысы. Қоршаған ортада техниканың көп пайда болуы биологиялық саналуандықты сақтап қалу мәселесін шиеленістіре түсті. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері өліп біту шегінде тұр. Көптеген елдердің ғалымдары табиғи және жасанды популяцияларда олардың санын қалпына келтірумен шұғылдануда. Алайда бұл жұмыстың тиімді болуы генетикалық заңдылықтарсыз мүмкін емес. Мысалы; ағзалар түрінің әрқайсысында популяциядағы дарақтардың ең аз мөлшерде белгілі сандық көрсеткіштері болады. Егер ағзаларды өсіру пайдаланылатын тұқымдық аталықтар саны бұл минимумнан аз жағдайда жүргізілсе онда міндетті түрде өзінше генетикалық тоқырау болады.
Медециналық генетика – осы заманғы генетиканың адамзат үшін өте маңызды бөлімі.Адамзат тектік қорында жинақталған зиянды генетикалық өзгерістер мөлшері мутагендермен және сан алуан сәулелену түрімен қоршаған ортаны ластануға мөлшерлес өсуде. Алайда сәулеленулердің қандай болса да өзге дозасы кезінде қандай терісм мутациялар міндетті түрде пайда болатыны күні бүгінге дейін анық емес.
ІV. Бекіту
1. Генетикалық дамудың қандай бағыттары ең маңызды?
2. медецина, табиғат қорғау, ауыл шаруашылыңында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
3. Медециналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдары?
4. Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?

V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма §41
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.