Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері

Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері

30-05-2015, 00:49
Автор: Майса
Қарау саны: 2276
Пікірлер: 0
Версия для печати
Күні: 02.03.13
Пәні: Биология
Сыныбы: 9-сынып
Cабақтытың тақырыбы: §43 Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – оқушыларға өсімдіктер мен жануарларды сұрыптаудың негізгі әдісі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы - оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен
байланыстыру арқылы білім мен біліктігін дамыту .
Тәрбиелілігі - оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: медецина
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, тірек - сызба
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,көрнекі баяндау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Қорытындылау
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрыптау ұғымының қандай маңызы бар?
2. Жануарлар мен өсімдіктерде сұрыптаудың қандай бастапқы кезеңі болады?
3. Жалпылама және теріс сұрыптау неліктен тиімсіздеу болды?
4. ағзалардың қай топтарында дара сұрыптау жүргізу оңай және неліктен?
5. Ұрпақ бойынша тұқымдық ата – енелерді сұрыптау неліктен сұрыптауда тиімді әдістердің бірі болып саналады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алу. 1. Жаппай сұрыптау-айқас тозаңданатын өсімдіктерге қолданады. Бұл кезде қажетті белгілерді таңдап алады да, сол белгісі бар ұрпақты бірнеше қайтара егеді.
2. жеке сұрыптау –бір жағымды белгісі бар дараны бөліп алады, егіп осы белгіні сақтаған ұрпақты таңдайды.
Будандастыру. 1. Туыстық будан.-туыстық қатытынасы бар,генотиптері ұқсас дараларды шағылыстыру жағымды белгіні алу.
2. Туыстық емес будандастыру- бір-бірімен туыстық қатынасы жоқ гинотиптері әр түрлі даралар. Мақсаты –тіршілік қабілеті жоғары,өнімділігі жоғары,қолайсыз жағдайға төзімді будан алу.
3. Аутбридинг- будандастырудың жағымды жолы, өзгергіштік қабілеті жоғары гетерозиготалы будан.
4. Әріден будандастыру нәтижесінде гетерозис алынады. Бұл ұрпақ ата-аналарымен салыстырғанда тіршілік қабілеті жоғары,өнімділігі мол, сапасы жақсы.
1. жаппай сұрыптау-қажетті бірнеше белгілері бойынша дараларды бөліп алып, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалауын бақылау.Осы жалмен Қазақтың ақбас сиыры –етті және қырдың қызыл сиыры.
Жеке сұрыптау тиімді бір белгісі бар дараларды бөліп алып,туыстық шағылыстыру қолданады.бүдан гомозигаталы күйге көшті. Мол өнім алғанмен сытқы ортаға төзімсіз болып шықты.
2. Туыстық емес шағылыстыру әр түрлі қолтұқым алынады. Қажетті белгінің ұрпаққа берілуін қадағалайды.Бұл әдіспен Иванов жергілікті мегежінді ағылшын ұқабанымен шағылыстырып,далалық ақ шошқаны алды.
3. Әріден шағылыстыру. Түраралық шағылыстыру нәтижесінде будан ұрпақ бермейді. Бие мен есекті шағылыстыру кезінде алынған қашыр өте төзімді. Осы жолмен Есенжолов,Бутарин,Жандеркин арқар мери нос қойын, арқар х биязы жүнді қоймен.
. Академик В.А.Бальмонттың басшылығымен етті-жүнді бағыттағы казактың биязы жүнді қойы, Дегерес және кұйрыкты Еділбай қойлары шығарылды. Ғалымдар Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакбаров өз әріптестерімен бірігіп, етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырын, ал Д.Н.Пак баскарған ғалымдар тобы сүтті бағыттағы Алатау сиырын шығарды. Сонымен қатар Ю.Н.Барминцев, С.С.Рзабаев бастаған топ жылкыныңетті-сүтті бағыттағы Көшім және Мұғалжар қол тұқымдарын шығарды.

ІV. Бекіту
ІІІ. Мынадай кестені толтырып, ауызша түсінік беріңдер.
Шағылыстыру жолдары Мақсаты Нөтижелері Мысалдар Шаруашылықтық және селекциялық манызы
1. жаппай

V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма §43
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.