Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде 7-9 сынып аралығында жүргізілетін психолингвистикалық талдау » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде 7-9 сынып аралығында жүргізілетін психолингвистикалық талдау

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде 7-9 сынып аралығында жүргізілетін психолингвистикалық талдау

16-11-2015, 19:27
Автор: Балғын
Қарау саны: 301
Пікірлер: 0
Версия для печати
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде 7-9 сынып аралығында жүргізілетін психолингвистикалық талдау үлгісі
Психолингвистикалық талдау тіл мен психологияның өзара байланысын танытады. Мектеп бағдарламасына психолингвистикалық талдауды енгізудің маңызы мынада: біріншіден, тіл арқылы психологиялық ахуалды, ортаны дұрыс қалыптастыруға болады; екіншіден, соған сай эмоциялық, психологиялық көңіл-күйді тануға негіз болады. Адам табиғатындағы эгоистік күш, бақылаусыз болатын психологиялық процестерді игеруге тәрбиелейді. Сондай-ақ,оқушы санасында үздіксіз жүріп жатқан ойлау процесі мен оның жан дүниесіндегі сезімдік құбылыстарға әсер етіп, оқушының қызығушылығы мен ойлау шегінің өрістеуіне , оқушы тілінің өзгеруі мен дамуына , білім қорының жинақталуына көп әсерін тигізеді.
Ақан серінің «Айтамын замандасқа біраз кеңес» өлеңіне психолингвистикалық талдау
Тілдік модель Психологиялық модель
Бір мінезді , әрі дана, дархан лебіз, Айнымас темір қазық уәдесі Ақылдылық, ақкөңілділік, уәдеге беріктік
Екінші бір жігіт бар баулы құстай, Бауынан босанбайды жазы- қыстай.Ерігіп құсқа салса, ілмей түспес, Босатар тегеуріні мықтап қыспай. Зауыттан жаңа шыққан екі жүзді алмастай, майысатын емес мыстай. Батылдық, күштілік, төзімділік
Ауызбен «нағыз асыл жігітпін» деп, Кеудесін көтеретін таудай зоры. Құлашын жас кезінде сермей қалмас, Жетсе де неше апатқа созған қолы. Өркөкіректік, жалқаулық, енжарлық
Құйқылжытып ақ бүркіттей төңкеріліп, Сөйлейді әр мәжіліске әрбір түрлі. Жігіттің оңды-солды құлқын танып, әркімнің өзіне сай табар тілді. Жылпос, жәдігөй
Тасандап шана тартқан өгіздей боп, Шығармас сырын сыртқа сондай берік. Сабырлылық, шыдамдылық
Кісіден алса алып, өзі бермей, Айла мен ақылына болған серік. Арамдық, қулық, сараңдық
Оныншы бір жігіт бар қатын жанды, Киеді қатынынан артылғанды. Аяғын қия жерге бір баспайды, Алдынан құрулы арқан тартылғанды. Жасқаншақтық, жігерсіздік
Бұл жігіт он бірінші өсек айтар, ауызбен көп адамды ол байытар. Кішкене торсығына сөз құйып ап, Апарып әр ауылға барып шайқар. Өсекшілдік, жүгенсіздік
Бір жігіт он екінші кербез салды, бойына адамдықты жиып алды. Өзіне өз жұмысы мақұл болып, Өзіне кеңес айтар емес жанды. Талпынушылық, дербестілік, салмақтылық, адамгершілік
Сіресіп сықырласып тәкаппар боп, Ойланып, өзгелерден білмес халді. Тәкаппарлық, өркөкіректік, менмендік
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар, Ойға алмай санамастан дүние, малды. Отансүйгіштік, ақылдылық, парасаттылық
Жігіттің тағы бірі түссін еске, Семірген ол бір сабаз қара күшке. Базары жігіттіктің ойында жоқ, Ойланып, білмек түгіл, кірмес түске. Күштілік, ақкөңілділік, аңқаулық.

Қорыта айтқанда, мектеп бағдарламасына психолингвистикалық талдау жүргізу барысында оқушылар мына нәрселерді біледі: тіл сол тілді тұтынатын  қоғамдағы жекелеген тұлғалардың психикасында , жан дүниесінде , миында өмір сүретінін біледі;тіл адамның ақыл-ойының көрсеткіші ретінде оның болмысын танытатындығын түсінеді;тіл адам әрекетінің құрамдас бөлігі екенін түсінеді. Сонымен қатар, оқушылар сөзді түсіну мен жоғалтпауды саналы түрде бағамдайды. Өздерінің тілдік қабілетін арттыруды саналы түрде қабылдайды. Оқып білген деректерді өз қажетіне қарай пайдалануды үйренеді.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.