«Жүрек жылуы» тренинг » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » «Жүрек жылуы» тренинг

«Жүрек жылуы» тренинг

22-01-2015, 12:05
Автор: sandu
Қарау саны: 3614
Пікірлер: 0
Версия для печати
Атырау облысы , Қызылқоға ауданы , Миялы селосы Б.Аманшин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы» тренинг
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: мейірімділік, кайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;камқорлық жасауға жетелеу; мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: үнтаспа, тауық пен балапандардың суреті, дәптер, оқулық, интерактивті тақта, магнитті күннің көзі, таяқшадағы жүрешелер.
Ұйымдастыру сәті: 1)Амандасу
2) Психологиялық дайындық
. Шеңбер құрып бір-бірімен амандасып,жақсы тілек тілеу
3) Өткенге шолу.
4)Тақырыпты ашу
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір –біріне мейірімді, қайырымды махаббатқа жылы сезімге толы екенін жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Ынталандыру.
1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар сұрақ бойынша жауап береді
Дәйексөз: Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді?
“Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан”
Тапсырма: Оқушылар өздерінің жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеу.
Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін оларды да жақсы көретін адамдардың
бар екенін ұғындырады.
Жағдаятты талдау:
Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу
Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің...
Сен аулаға ролик тебуге шықтыңал досыңның ролигі жоқ...
Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті..
Сергіту сәті: «ШАТАСПА» ойыны
Ойынның мақсаты: Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: Текше
Ойын барысы: Тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту, мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін еске түсіреді.
Мұғалім тәуліктің әр түрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: Мұғалім бір балаға текшені беріп, «Таңертең» десе текшені алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін текшені екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып, шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе, келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Сонымен қатар, сабаққа қатысқан ата-аналармен де ойын жалғастырылады.
Шығармашылық жұмыс
Өздеріңнің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу.
Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді.
Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жан жылуы кімдерге , нелерге
Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады.
Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Күн шықты ойыны
Ойын мақсаты: Жамандықтан жиренуге, жақсылыққа үйренуге талпындыру.
Балалар көрдіңдерме күніміз дөңгеленіп, шуағын шашпай тұр, біз оған көмектесейік. Ол үшін жүрегі жылы адам не істеуге болмайтынын айта отырып, әр бір шуағын жапсырайық.
Міне күніміз де жарқырады, ал бүгінгі келіп отырған аналар сендерді, ал сендер аналарыңды неге теңейсіңдер? Қазір соны суретке салайық
Аналары – балаларына, балалары – аналарына арнап сурет салады олар сурет салып отырған уақытта екі ана туралы ән орындайды.
Жүректен жүрекке.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана
Оқушылар ата-аналармен шаттық шеңберіне шығып, шеңберде тұрып,
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз
Сүйеміз барлық ананы
Жүрегім оттай жанады
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз – деп хормен айтады.
Сонан соң бала анасына, анасы баласына жүрегінен шыққан, мейірім сөздерін айтады.
Мысалы: Анасы - балам мен сеннен үлкен үміт күтемін, әр қашанда жүрегің жылы, адал азамат бол.
Баласы – ана мен сізді жақсы көремін, әр қашанда қасымда болыңыз – деп бір-біріне тілегін айтады.
Аппақ адал жүректен
Сыйлаймын мұны тілеп мен – деп қолдарындағы жүрекшелерін аналарына сыйлайды.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Дәптермен жұмыс
Қорыта айтқанда:
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет! және т. б.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.