Қазақстан тарихынан 7-сыныпқа арналған тест жұмысы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Қазақстан тарихынан 7-сыныпқа арналған тест жұмысы

Қазақстан тарихынан 7-сыныпқа арналған тест жұмысы

14-02-2015, 12:15
Автор: Kabdrahmanova
Қарау саны: 7384
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тест
1.Түрік қағанатының құрылған жылы
А)542 жыл ә)552 жыл б)545жыл в)553 жыл г)563 жыл

2.Қай қағанның кезінде жужандар бас көтерместей болып жеңілді
А)Бумын ә)Анағұй б) Қара Еске в)Мұқан г)Иштеми

3.Түрік қағанатының ыдыраған жылы
А)552жыл ә)545жыл б)563жыл в)581жыл г)603жыл

4. Батыс Түрік қағанатының қалыптасқан жылы
А)603жыл ә)553жыл б)545жыл в)535жыл г)536жыл

5. Батыс Түрік қағанатында 610-618 жыдары қай қаған билік етті
А)Тардуш(Дато) ә)Шегу б)Тон в)Ешбар Елтеріс г)Үшлік

6. Түрік қоғамында «тат» деп кімді айтқан
А)жоғарғы билеушіні ә)ақсүектерді б)қалың бұқараны в)құлды г)әскерилерді

7. Түргеш қағанатының құрылған жылы
А)741жыл ә)704жыл б)756жыл в)751жыл г)749жыл

8. Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді
А)Суяб әТалас (Тараз) б)Күнгіт в)Баласағұн г)Испиджаб

9. Соғдылырдың Жетісуға қоныс аударған кезеңі
А)2-4 ғасырлыр ә)6-8 ғасырлар б)9-12 ғасырлар в)11-13 ғасырлар г)5-7 ғасырлар

10.Тарихшы әл-Марвазидің хабарына қарағанда,қарлұқтардың құрамы қанша тайпадан тұрған
А)8 ә)10 б)9 в)7 г)5

11.Қарлұқ қағанатының құрылған жылы
А)751жыл ә)749жыл б)753жыл в)756жыл г)940жыл

12.Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған
А)2жылға ә)10жылға б)20жылға в)15жылға г)25жылға

13.Қарлұқ қағанатының орталығы
А)Шаш ә)суяб б)Тараз в)Испиджаб г)Баласағұн

14.Қағанаттар халқының айналысқан негізгі шаруашылық түрі
А)аңшылық пен балық аулау ә)көшпелі жіне жартылай көшпелі мал шаруашылығы
Б)жібек өндіру в)тоқыма өнер кәсібі г)металл қорыту

15.Ежелгі түріктердің наным-сенімі
А)отқа табыну ә)табиғаттың тылсым күштеріне сыйыну
б)қасиетті орындарды құдырет тұту в)жануарлармен аң-құстарды киелі санау
г)пұтқа мінәжат ету

16.Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі
А)Сюань Цзянь ә)Сұлу қаған б)Баға тархан в)Земарх г)В.В. Бартольд
17.Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала
А)Қарнақ ә)Суяб б)Янгикент(Жаңа Грузия) г)Испиджаб г)Сүткент

18.Оғыздарда жағарғы билік иесі қалай аталды
А)күл-еркін ә)атабек б)инал в)жабғу г)сюбашы

19. Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құған
А)985жылы ә)965жылы б)1041жылы в)988жылы г)764жылы

20.Оғыздырда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дасмыған түрі
А)құмыра жасау,көзешілік ә)малдан алынған өнімді өңдеу
Б)зергерлік бұйымдар жасау в)темір ұсталығы

21.Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған
А)Жабғу ә)Қаған б)Хан в)Шах г)Имек байғу

22.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлақ тарихшы
А)Сыма Цянь ә)Гардизи б)Масуди в)Махмуд Қашғари г)Жамал Карши

22.Қимақтар қай ғасырда ислам дінін қабылдай бастаған
А)6 ғасырда ә)10 ғасырда б)9 ғасырда в) 8 ғасырда г)16 ғасырда

23.Малды қолға үйрету қай тарихи кезеңде басталды
А)ерте палеолитте ә) ерте палеолиттің мустье кезеңінде
Б)қола дәуірінде в)темір дәуірінде

24. Сайрам қаласы ертеде қалай аталған
А)Отырар ә)Испиджаб б)Сауран в)Сығанақ

25.Түріктер асыл тастар мен маталарды қай елден әкелген
А)Батыс елдерінен ә)Орта және Таяу Шығыстан
Б)Үндістаннан в)Византиядан

26.Жеріміздегі сәулет өнері тамаша ескерткіштерінің бірі
А)Қостөбе ә)Ақыртас ғимараты б)Якка сардобалары в)Білеулі ғимараты

27. «Сардоба» деген қандай құрылыс
А)тұрғын үй ә)құдық үстіне салынңан ғимарат
Б)малға арналған қора в)мешіт

28.Түріктердің әліпбиі(алфавиті)... негізінде жасалған
А)ру-тайпаларының таңбалары ә)соғды жазуы
Б)қытай иероглифі в)руна жазуы

29.Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері
А) «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары ә) «Оғызнама»
Б) «Қоқыт ата» в) руна жазуы

30.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған
А)табиғатқа ә)Ұмай анаға б)Көк бөріге в) Тәңірге


31.Қархан мемлекетінің құрылуында басты рөлді атқарған тайпа
А)жікіл тайпасы ә)яғма тайпасы б)қарлұқ тайпасы в)оғыз тайпасы

32.Мемлекеттің негізін кім қалады
А)Білге Құл Қадыр-хан ә)Сатұқ Боғра-хан б)Оғылшақ в)Арслан

33.Ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланған жылы
А)955 ә)987 б)960 в)1043

34.Найман мемлекетінің орталығы
А)Үзкент қаласы ә)Балықты қаласы б)Қарақорым в)Баласағұн

35.Керейіттер туралы жазған тарихшы
А)әл-Марвази ә)Қадырғали би Қосымұлы
Б)Рашид ад-дин в)Әбілғазы


36.Ұлыстардың ішкі істерін кім жүргізді
А)түменбасы ә)хан б)шерби в)мыңбасы

37.Қидандардың Ляо мемлекетінің өмір сүрген жылдары
А)876-931 ә)924-1125 б)981-1076 в)1284-1435

38.Қарақытай билушісі қалай аталды
А)Шах ә)хан б)Гурхан в)гуньмо

39.Қарақытай мемлекетінің құлаған жылы
А)1212 ә)1210 б)1141 в)1137

40.Орыс деректерінде қыпашқтарды қалай атаған
А)половшылар(далалықтар) ә)ғұндар б)командар в)кундар

41.Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты
А)салжұқтармен ә)қарақытайлармен б)қаңлылармен в)оғыздармен

42)Жібек жолы қайдан басталды
А)Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан ә)Сырдарияның төменгі ағысынан
Б)Қара теңіз жағалауынан в)Үнді өзені бойынан

43)Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен қай ел
А)Иран ә)Соғды б)батыс елдері в)Кавказ жері

44.Қазақстанның қай аумағы керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы саналды
А)Жетісу жері ә)Сыр өңірі в)Батыс Қазақсатан аумағы в)Сарыарқа

45.Қандай оқиғаға байланысты сауданың қарқыныбәсеңдей бастады
А)салықтың шектен тыс салынуынан ә)монғол шапқыншылығына байланысты
Б)қолөнердің құлдырауы в)жібектің жетіспеушілігінен

46)Қазақстанның аумағында дамыған орта ғасырларда қанша қала болды
а)30 ә)9 б)37 в)73

47Аталған қалалардың қайсысының көлемі 30 гектардан асты
А)Отырар ә)Бурух б)Қранақ в)Шауғар


48.Ташнау деген не
А)мал қора ә)тандыр б)канализацияның қарапайым түрі в)ошақ


49.10-12ғасырлардағы қалалықотырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш не болды
А)сауданың дамуы ә)қолөнердің жетілуі б)егіншілік,жер өңдеу кәсібі в)сәулет өнері

50.Макдисидің хабарына қарағанда Таразда айырбас саудасы немен жүргізген
А)қару-жарақпен ә)ер-тұрманмен б)ешкі түбітімен в)астықпен

51.Ғаныш деген не
А)күйдірілген бор тас ә)сары топырақ. б)сылақ в)шикі кірпіш

52. 10-12 ғасырларда қандай архитектуралыққұрылыстар салу ісі ерекше дамыды
А)діни кешендер ә)сауда орындарын б)сарайлар салу в)қамалдар тұрғызу

53.Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталды
А)ескерткіш ә)кесене б)сардоба в)мұнара
54.Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім
А)мазда ә)тотемимзм б)зароастризм в)тіңірілік

55.751жылғы Атлах шайқасқасында арабтармен бірлесіп Қытай әскеріне қарсы тұрған тайпа
А)үйсіндер ә)карлұқтар б)ұйғырлар в)түргештер

56.Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслимнің Шашты басып алған жылы
А)633 ә)709 б) 751 в)714

57.Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы
А) Жүсіп Баласағұни ә)Махмұд Қашғарии б)Әл-Фараби в)Әл-Максиди

58. «Диуани луғатат-түрк» еңбегінің авторы
А)Махмуд Қашғари ә)Жүсіп Баласағұни б)Ахмет Иүигнеки в)Әл-Максиди

59.Қожа Ахмет Йасауиден қалаған ұлы мұра
А) «Ақиқат сыйы» ә) «Диуан-и хикмет» б) «Құдадғу білік» в) «диуани луғат ат-түрк»

60.Монғол империасының құрылған жылы
А)1155 ә)1076 б)1239 в)1206

61.Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінген
А)59 ә)80 б)95 в)55

62.Монғолдардын Жетісу жеріне енген жылы
А)1218 ә)1219 б)1217 в)1211

63. «Отырар опаты» қашан болды
А)1218 ә)1219 б)1217 в)1211

64.Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды
А)Жошы ұлысының ә)Шағатай ұлысының б)Үгедей ұлысының в)Төле ұлысының

65.Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған
А)Беркенің ә)Жошының б)Батыйдың в)Төленің

66.Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды
А)Берке ханның ә)Жәнібек ханның б)Тохты ханның в)Өзбек ханның

67.Ақ Орданың орталығы болған қала
А)Сарайшық ә)Отырар б)Сығанақ в)Шаш

68.Қай ханның кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан мүлде оқшауланды
А)Жұмадық ханның ә)Өзбек ханның б)Темір-Мәлік ханның в)Ұрыс ханның

69.Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды
А)Жошы ә)Шағатай б)Үгедей в)Төле

70.Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа
А)Қаңлы ә)Үйсін б)Арлат в)Дулат

71. «Батпақ шайқасында» кім жеңіске жетті
А)Әмір Темір ә)Қызыр-Қожа оғлан б)Ілияс -Қожа хан в)Қамар ад-дин

72.Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті басып алған жылы
А)1370 ә)1336 б)1376 в)1405

73.Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі шайқас қашан өтті
А)1384 ә)1395 б)1393 в)1391

74.Ноғай Ордасының іргесін кім қалады
А)Ноғай ә)Едіге б)Нұрад-дин в)Жаңбыршы

75.Батыс Сібір қай жылы Әбілқайыр ханның қарамағына өтті
А)1428 ә)1468 б)1481 в)1495

76.Орыс патшасы 3 Иванмен өзара қарым-қатынасын орнатқан хан
А)Едіге ә)Ибақ хан б)Ұрыс хан в)Тайбұға

77.Әбілқайырдың хан сайланған жылы
А)1382 ә)1479 в)1428 в)1516

78.Екіретүп шайқасында кім жеңыске жетті
А)Тоқа-Темір ә)Ұрыс хан б)Мұстафа в)Әбілқайыр хан

79.Әбілқайыр қанша жыл хандық етті
А)20 ә)40 б)35 в)60


80.Хандық өкімет билігіндегі жоғарғы әскери атақ
А)би ә)мырза б)бек в)әмір

81.Әскерлерді азық-түлікпен қамтасыз ету үшін жиналатын салық
А)бах ә)тағар б)қапшуыр в)кұшыр

82.Мұрагердің,яғни хан баласының тәрбиешісі
А)атабек ә)көкілташ б)наиб в)миршикар

83.Отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында басым дамыды
А)Батыс Қазақстанда ә)Орталық Қазақстан б)Солтүстік Қазақстанда в)Оңтүстік Қазақстанда

84.Сығанақ қаласының төңірегіндегі каналдар
А)Ұзын қысқа арықтар ә)қалмақ,қазақ арықтар б)Төменарық,Бозғыларық в)жаман,жақсы арықтар

85.13 ғасырдың 2-жартысында Сырдария бойындағы қалаларда қандай кәсіп өркендей бастады
А)ұсталық ә)үй ішілік б)кірпіш күйдіру в)зергерлік

86.Сақ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері кімдерге ұқсас болған
А)монғолдарға ә)андрондықтарға б)славяндарға в)оғыздарға

87.қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200жылға кешеуілдетті
А)араб шапқыншылығы ә)монғол дарың жаулап алуы б)ғұндар шабуылы в)феодаодық бытыраңқылық

88.қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында ... басты рөл атқарды
А)Монғол мемлекеті ә)Ақ Орда тайпалары б)Әбілқайыр хандығы в)Моғолстан

89. «қазақ» атауы 13 ғасырға дейін қандай мағынада қолданылып келді
А)еркін адамдар ә)жауынгерлер б)көшпелілер в)бақташылар

90. «Алаш» сөзін қазақ халқының қай аңызынан жиі кездестіруіге болады
А) «Жошы ханның жортылуы» ә) «Қорқыт ата»
Б) «Алаша хан» в) «Оғызнама»

91.Материялық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделді
А)мал басынан алынатын ә)қолөнерге
Б)саудаға в)жер өңдеу кәсібіне

92.Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған
А)көкке табыну ә)тасаттық
Б)пұтқа жалбарыну в)аруқтарға сиыну

93.Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған
А)Көк тәңірі ә)Жаратушы б)Аруақ в)Пір

94. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,олаға “селиф”деген атақ
берген қаған
А) Шигу
В) Қапаған
С) Тон
D) Тордуш
Е) Ешбир
95.Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген
А) Қағанатты басқарушыға
В) Қаған руынан шыққандарға
С) Қарапайым халыққа
D) Салық жинаушыларға
Е) Сот ісін басқарушыларға
96. 4 Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған:
А) Қарлұқ қағанаты В) Қарахандықтар мемлекеті С) Үйсін мемлекеті D) Соғды елі E) Оғыз мемлекеті
97.Жібек жолының басы басталатын аймақ:
А) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені В) Янцзы өзені аймағы С) Қытайдың батыс аймағы
D) Қытайдың Орталық аймағы E) Қытайдың Солтүстік аймағы
98.Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:
А) б.з.б ІV ғасырдың басы В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы
С) б.з.б. V ғасырдың басы D) б.з.б. І ғасырдың ортасы E) б.з.б. VІ ғасырдың басы
99.Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:
А) қытай немесе болгар бұрышы В) қызанақ С) пияз D) сәбіз E) орамжапырақ
100.Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:
А) Византия В) Соғды С) Үндістан D) Иран E) Жапония
101.Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:
А) Қытай В) Византия С) Жапония D) Үндістан E) Орта Азия
1102.Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:
А) Отырар В) Испиджаб С)Түркістан D) Тараз E) Талғар
1103.Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:
А) б.з.б. ІІ ғ.басы В) б.з.б. ІІ ғасыр С) б.з.б. ІІ ғ.ортасы D) б.з.б. ІІ ғасырдың соңы E) б.з.б. ІІІ ғасыр
1104.Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:
А) 13 жылдан кейін В) 15 жылдан кейін С) 10 жылдан кейін D) 18 жылдан кейін E) 5 жылдан кейін
1105.Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар:
А) жібек В) бағалы аң терісі С) алтын D) күміс E) гауһар тастар
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.