ҰБТ тесттер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

ҰБТ тесттер

6-02-2015, 14:48
Автор: Бибигуль
Қарау саны: 15266
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тас дәуірі
1. Адамзат тарихының даму алғашқы кезең – Тас дәуірі
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі - Тобыр
3. Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі - Рулық
4. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі - Тайпа
5. Палеолит дәуіріндегі адамдар үйірі (алғашқы қауымдық құрылым) қандай қызмет атқарды - Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналысу
6. Тас дәуірі (палеолит) - Б.з.б 2 млн 500 мың-12 мың жылдық
7. Ерте тас дәуірі (палеолит) – Б.з.б 2 млн 500 мың-140 мың жылдық
8. Ең ежелгі адамның еңбек құралы – Үшкіртас пен қашау
9. Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі – Терімшілік
10. Ертедегі адамдардың тұңғыш баспанасы – Үңгір
11. Алғашқы адамдар аулаған аңдар - Мамонт, Бизон
12. Алғашқы адам атауы - Епті адам
13. Епті адамның өмір сүрген жылдары - 1 млн 750 мың жыл бұрын
14. Епті адам қай жерден табылған – Африкада Кения жеріндегі Олдувей шатқалынан
15. Тік жүретін адам өкілдері – Питекантроп пен Синантроп
16. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды – Ява аралында
17. Питекантроптың өмір сүрген жылдары – 1 млн жыл бұдан
18. Синантроптың қаңқасы алғаш рет табылды – 1927 ж Солтүстік Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен
19. Синантроптың өмір сүрген жылдары – 500-200 мың жыл бұрын
20. Қазақстанда ежелгі адамдар өмір сүрді - Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасында
21. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан Қаратау жоталарында алғашқы адамдардың қаныстарын зерттеген – Хасен Алпысбаев
22. Қазақстандағы ежелгі адамдар замандасы – Питекантроп (1 млн жыл бұрын өмір сүрген)
23. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен пайда болды – 1 млн жыл бұрын
24. Ерте тас ғасыры тұрағының ең көне ескерткіштері - Шақпақата, Арыстанды
25. Екі жағынан өнделген қарапайым шапқыш тасқұрал – Бифас
26. Бір қабат өнделген тас, жүзін ұсақ кертік ойық жасау арқылы өткірлеу - Ретуші әдісі
27. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір - Жамбыл
28. Жамбыл облысындағы 5 мың тас құрал - Бөріқазған, Шабақты
29. Жамбылдан табылған еңбек құралдары - Қашау,Үшкір тас
30. Ерте палеолит тұрақтары - Қаратау, Шабақты, Қарасу, Бөріқазған
31. Орта тас дәуірі (палеолит) – Б.з.б 140-40 мың жылдық
32. Жер бетінің суый бастауы - 100 мың жыл бұрын
33. Мұздықтың ери бастауы - 13 мың жыл бұрын
34. Тас дәуірінде ине жасады - Үшкір сүйектен
35. Ежелгі адам жіп орнына пайдаланды – Жануарлар сіңірі
36. Адамдар от жағуды үйренген кезеңі – Орта палеолит (мустье)
37. Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар – Неандертальдық
38. Неандертальдық адам қайдан табылған – Германияның Неандерталь деген жерден табылған
39. Жер бетінде б.з.б 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді – Неандертальдық
40. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір - Тесіктас
41. Неандертальдықдың негізгі кәсібі – Аңшылық пен терімшілік
42. Адамдардың маймыл, жануарлардан айырмашылығы – Еңбек құралдарын жасай білу
43. Мустье кезеңіне жататын Орталық Қазақстанның қоныстары - Обалысай, Мұзбел, Өгізтау
44. Мустье кезеңіне жататын Шығыс Қазақстанның қоныстары – Қанай, Қызылсу, Бөдене
45. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты – Б.з.б 140-132 мың жыл
46. Мустье кезеңіне жататын Оңтүстік Қазақстандағы қоныс – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ (Арыстанды)
47. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтан табылған заттар – үшкіртас, өте жақсы өңделген қырғыштар
48. Кейінгі тас дәуірі (палеолит) –Б.з.б 40-12 мың жылдық
49. Кейінгі палеолитке тән құралдар – Қырғылар, қырғыштар, найза, шанышқы ұштары т.б.
50. Сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып,
кескіш құрал жасаған, бұл әдіс қала
51. Орталық Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит қоныстары – Семізбұғы, Батпақ, Қарабас, Ангренсор
52. Шығыс Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит қоныстары – Бұқтырма, Шүлбі, Қанай
53. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит қоныстары – Ащысай, Майбұлақ
54. Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштыр табылған тұрақ – Семізбұғы
55. Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі полеолитке жататын 300-ге таяу тас құрал шыққан ең көрнекті көне мекен - Батпақ
56. Батпақ тұрағының жас мөлшері – Б.з.б 30-25 мың жылдық
57. Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағынан табылды – Жануарлардың сүйектері мен пышақ тәрізді тілгіштер
58. Қысқа сапты ағаш найза – Дротик
59. Ұшы сүйектен жасалған сүңгі – Гарпун
60. Жануарлардың мойнына н/е аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар – Болас
61. Кейінгі палеолитте пайда болған құралдар – Дротик, гарпун
62. Қазіргі кездегі адамдар қай кезеңде қалыптасады - Кейінгі палеолит
63. Б.з.б 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрді - Саналы адам
64. "Саналы адам" сүйегі алғаш рет табылған үңгір - Кро-Маньон үңгірінен (Франция)
65. Туысқан адамдар ұжымының атауы – Рулық қауым
66. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелер шешілді - Жалпы жиналыста
67. Рулар мен тайпалар қалыптаса бастады – Осыдан 13 мың жыл бұрын
68. Ортатас ғасыры (мезолит) - Б.з.б 12-5 мың жылдық
69. Ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас ғасыры арасындағы кезең – Мезолит
70. Қазақстанда мезолит кезіндегі тұрақтар - 20-дан астам
71. Орталық Қазақстан аумағындағы мезолитік тұрақтар – Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу
72. Солтүстік Қазақстан аумағындағы мезолитік тұрақтар - Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман
73. Мезолит заманының үлкен жаңалығы (1-2см) болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы - Микролит
74. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі - Садақ пен жебенің жасалуы
75. 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару – Бумеранг
76. Мезолит кезеңіндегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі – Аңшылық
77. Қабырғалары терең көмілген көлемі 40-60 шаршы метр мезолит
78. баспанасы табылған өзен - Есіл
79. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді – Терімшілік
80. Егіншілік пайда болды - Осыдан 10 мың жыл бұрын
81. Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең - Мезолит
82. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір – Мезолит
83. Орта тас ғасырында қауым бөлінді – Қариялар, ересектер, балалар
84. Орта тас дәуіріндегі баладан ересекке өту- Бағыштау (инициация)
85. Жаңа тас ғасыры (неолит) - Б.з.б 5-3 мың жылдық
86. Тас өндеу биік деңгейге көтерілді - Неолит
87. Қарапайым тоқу станогы (тоқымашылық) қай дәуірде пайда болды – Неолит
88. Неолит мекенжайлары уақытша болуы-Аңшылардың аңдар соңынан жыжып көшіп отыруынан
89. Дән үккішті ойлап тапты – Неолит
90. Неолит дәуірінде адамдар – Дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты
91. Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы тұрақ – Пеньки
92. Пеньки тұрағынан табылған заттар – Тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар
93. Неолит дәуірінің Орталық Қазақстандағы Қарағанды тұрақ - Зеленая Балка
94. Зеленая Балка тұрағынан – Үй малының сүйектері табылған
95. Неолит дәуірінің Шығыс Қазақстандағы тұрақ - Усть-Нарым
96. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі - Б.з.б 5 мың тән
97. Қазақстан аумағынан табылған неолиттік тұрақтарының бірі - 500-астам
98. Жезқазған өнірінен табылған неолит тұрақтарының саны – 150-ге жуық
99. Табиғат климаттық жағдай бүгінгі күнге ұқсастығы - Неолит
100. Алғашқы егіншіліктің егін оратын қара құрал - Тас орақ
101. Ерте егіншіліктің жер жырту құралы - Тесе
102. Неолиттің басты ерекшелігі – Өнімді еңбектің пайда болды
103. Неолит дәуірінің үлкен жаңалықтарының бірі - Қыш құмыра жасау, керамика
104. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасты - Қызылорда
105. Сексеуіл тұрағынан – Қой, сиыр, жабайы жылқының сүйектері табылған
106. "Қыш құмыралар заманы" - Неолит
107. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауы - Көзе
108. Неолит дәуірінде ыдыстардың сыртына – Геометриялық өрнектер салды
109. Мыс тас ғасыры энеолит - Б.з.б 3000-2800 мың жылдар
110. Адамзат баласының металлдан жасала бастаған құралдарды игере астауы - Мыстас ғасыры (энеолит)
111. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды – Еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады
112. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай - Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі
113. Адамзат баласының бірінші қолданған металы - Мыс
114. Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Ботай
115. Ботай тұрағының мерзімі – Б.з.б 3-2 мың жылдық
116. Ботай тұрағы неше гектар жерді алып жатыр – 15 гектар жерді
117. Энеолиттік Ботай тұрағының табылған тұрғын үй саны - 158 үй
118. Жылқы сүйектері өте көп табылған неолиттік тұрақ - Ботай
119. Ботай тұрағын зерттеген археолог – В.Зайберт
120. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен - Шебір
121. Шебірліктер негізі кәсібі – Аң аулау
122. Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуір - Энеолит
123. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы - Пиктография
124. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы - Тотемизм
125. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы - Анимизм
126. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті - Магиялық әрекет
127. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған - Құдайға сыйыну
128. "Тотемизм" дегеніміз - Шығу тегін жануарлармен байланыстыру
129. Алғашқы қауымдағы суретшілер жиі бейнеледі- Белін буған әйелдер


Қола дәуір

1. Қола дәуірі қамтиды - Б.з.б 2800-б.з.б 900 жылдар
2. Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы - Мыс пен қалайы
3. Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кең өндірілгенін айтқан ғалым - Қ.И.Сәтбаев (1899-1964)
4. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орнында - Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба
5. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар – Қазандық салынған
6. Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді – Б.з.б 2 мың жыл-тың ортасында
7. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең - Қола дәуірі
8. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі - Көзе құмыралар
9. Еуразия даласындағы қола дәуірі мәдениеті - Андрон мәдинеті
10. Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіші - Андронова (Ачинск қаласынан)
11. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылған – 1914 жылы
12. Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны - 80-нен аса
13. Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары - Петровка, Боголюбов,
14. Қола дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі қонысы- Степнек
15. Қола дәуіріне тән Қазақстанның Қостанай облысы мен
Ресейдің Челябі облысының шекарасында орналасқан қала – Арқайым қаласы
16. Арқайым қонысының тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысқан – Мал, егін шаруашылығымен
17. Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ - Орталық Қазақстан
18. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене - Түгіскен кесенесі
19. Қола дәуірінде күйдірілген кірпіштен салынған кесене – Түгіскен кесенесі
20. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым - В.П.Алексеев
21. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар қандай нәсілге ұқсаған – Еуропеоидтерге
22. Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды - Батысқа, Оңтүстікке
23. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды - Таңбалы, Жасыбай, Хантау
24. Андрондықтардың сүт өнімдері мен ет сақтау тәсілі – Жер еден астындағы шұңқыр
25. Андрондықтардың кәсібі – Мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік, балық аулау
26. Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары - Жыртқыш аңдардың азу тісі
27. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті - Беғазы-Дәндібай
28. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық шеңбері - Б.з.б XII-VIII мыңжылдық
29. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі – Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі
30. Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақ – Орталық, Батыс Қазақстан
31. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды - 1946 жыл
32. 1946 ж Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым - Ә.Х.Марғұлан (1904-1985)
33. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері - Өзендердің жағасында
34. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс - Шағалалы
35. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал - Жылқы, қой
36. Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған - Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы
37. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі - Қола дәуірі
38. Туысқандар арасында малды бөліскендіктен – Жеке меншік қалыптасты
39. Жеке меншік қалыптасты – Қола дәуіріде
40. Қола дәуір кезіңдегі жоғары дінбасы - Абыздар
41. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері - Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау
42. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы-Рулық-тайпалық құрылымы
43. Адамның сыртқы сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым - Антропология
44. Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар - Андроновтықтар
45. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог - М.Герасимов
46. Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген нәсілдер-Еуропалық
47. Қола дәуіріне тән бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау адам сүйегі табылған Жамбыл облысындағы қорым-Ойжайлау
48. Қыш ыдыстарға салған өнердегі стиль – Геометриялық


Темір дәірі

1. Темір дәуірінің қамтитын аралық - Б.з.б VIII ғ - б.з VI ғ
2. Темір дәуірі нешеге бөлінді – 2-ге
3. Ерте темір дәуірі кезенің аралығы - Б.з.б VIII – III ғасыр
4. Кейінгі темір дәуірі кезенің аралығы Б.з.б III ғ - б.з.VI ғ
5. Темірді өңдеу үшін қанша градус температура қажет – 1530 градус
6. Ертедегі темірді өндірудің қарапайым тәсілі - Пеш-көрікпен
7. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан – Көшпелі мал шаруашылығы
8. Аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы - Өнім өндірді
9. Жылқы суыққа төзімді, азығын қар астынан тұяғымен аршып алады -Тебіндеп жайылу
10. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық - Үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу
11. Көшпелілер жазда -жайлауға, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге, күзде – күздеуге
12. Бізге жеткен мерекенің бірі – Наурыз мейамы (3 мың жыл бұрын)
13. Темір дәуірінде таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар - Батыс және Орталық Қазақстан
14. Темір дәуірінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды – Алтай, Жетісу таулы аймақтарында
15. Темір дәуірінде отырықшы шаруашылық - Қазақстан Оңтүстік, Сыр, Шу, Келес өзендері
16. Көшпелілердің баспанасы – Киіз үй
17. Киіз үйдің негізі үш бөлігі - Кереге, уық, шаңырақ
18. Көшпелілер киелі санаған - Ошақ маңы
19. Зайсан ауданы жерінде патша қорғандарының ең көп шығарылған жері - Шілікті ескертіштері
20. Шілікті қорымындағы обалар негізінен – Алып немесе орташа қарғандар
21. Алып қорғандардың диаметрі және биіктігі – диаметрі 100м, биіктігі 8-10 метр
22. 1960 ж Шілікті ескерткішін алғаш рет зерттеген профессор – С.Черников
23. 13 қола жебе табылған қорған - Шілікті
24. Қазақстан аумағындағы ең көне б.з.б. VIII ғ. жататын патша жерлеу орны ескерткіштері - Шілікті
25. 3-Шілікті қорымындағы №1 оба қалай аталады – Бәйгетөбе
26. Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе обасын зерттеген – Әбдеш Төлеубаев
27. Бәйгетөбе обасынан табылған киімнің алтын қаптырма-түймешіктерінің саны – 4303 дана
28. Қабірхананың ішінен майлы бояумен бұғының суреттері салынған тақтай қалдықтары табылған оба – Шілікті
29. Шілікті қорғанынан нешінші алтын адам табылды – 3-ші алтын киімді адам
30. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б V-ІV ғ. аралығын қамтитын кезеңі – Берел кезеңі
31. Берел қорымдарының орналасқан жері – Катонқарағай ауданы
32. Берел қорымынан табылған обалар саны – 40-тан астам
33. Берел мәдениетінің бір ерекшелігі – Жайпақ түпті қыш ыдыстар
34. 1998-1999 жылдары Берел кезеңінің № 11 обасын ашқан археолог – Зейнолла Самашев
35. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің жерленгені анықталды – б.з.б 294 жылы
36. Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны – Берел
37. Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған – Үлкен Берел
38. Қазақтың даласын Шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі - Сарыарқа
39. Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген – Аргиппейлер
40. Ежелгі заманда Сарыарқаның орталығын мекендеген – Исседондар
41. Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысында мекендеген – Аримаспылар
42. Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі ескерткіш – Мұртты қорғандар
43. Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі ескерткіші – Тасмола мәдениеті
44. Ерте темір дәуірі ескерткіші Тасмола мәдениетінің табылған аудан - Екібастұз
45. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар - Исседон
46. "Мұртты обалар" көп тараған аймақ - Орталық Қазақстан
47. Мұртты обаларлдың неше түрі бар - 4 түрі белгілі
48. Тасмола мәдениеттінің ерекшелігі – Адам мен жылқыны қатар жерлеуінде
49. Тасмола мәдениетін зерттеген – М. Қадырбаев
50. Геродот жазбасындағы савроматтардың "биік таулардың бауырында" тұрған көршілері - Аргиппейлер
51. «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп атаған тайпа – Аргиппейлер
52. Аргиппейлердің шығысқа қарай орналасқан көршілері - Исседондар
53. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауысқан уақыты - Б.з.д. І мың жылдық
54. Солтүстік Қазақстан жеріндегі алғашқы сақ заманына жататын обалар – Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз
55. Ерте темір дәуірінің қоныстары – Қарлыға, Кеңөткел, Бөркі
56. Ерте темір дәуіріне жататын Есілдің оң жағасындағы зерттелген бекініс-қалашық – Ақтау
57. Әскери-демократияның пайда бола бастаған кезі – Темір дәуірі
58. Мүлік теңсіздігі түпкілікті орнаған дәуір – Темір дәуірі
59. Ерте темір дәуірінде арнаулы рулық зираттар орналасқан жер - Қыстау маңы
60. Темір дәуірінде кең тараған салт-дәстүр - Аттарын бірге көму
61. Темір дәуірінде ежелгі тайпалар сыйынды - Көк тәңірге
62. Сақ, сармат, үйсіндердің келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог – Оразақ Смағұлов
63. Ұлы Жібек жолы арқылы қатынас басталды - Б.з.б. 2 ғасырдың ортасы


Сақтар

1. Б.з.б І мың жыл-та Орта Азия мен Қазақстан жерінде мекен еткен ежелгі тайпа – Сақтар
2. Сақтар туралы мәлімет-жазба сақталған елдер - Грек, парсы жазбаларында
3. Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп жазған – Гректер
4. Сақтар туралы «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдеп салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деп жазатын-Грек тарихшылары
5. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы - Герадот
6. Парсы жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы - Құдіретті еркектер
7. Иран жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы - Жүйрік атты турлар
8. Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы - Азиялық скифтер
9. Ежелгі грек авторы Герадоттың сақтарды атауы - Массагет
10. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы да бір атауы - Дайлар
11. Жетісу, Тянь-Шянь, Сырдарияның орта ағысы - Сақ тиграхауда
12. Арал бойында Сырдың төмендегі ағысы - Сақ парадарая
13. Сақ парадарая Оңтүстігінде хаумаварга – Мургаб аңғары
14. Сақтар құрамына кірген тайпалар – Дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер
15. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешті - Тайпа көсемі
16. Сақ қоғамындағы адамдар тобы - Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер
17. Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы - "Арбада тұрғандар"
18. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі - Тостаған мен ерекше бас киімі
19. Сақ абыздардың киімінің түсі – Ақ түсті киім киген
20. Сақ қоғамындағы "сегізаяқтылар" деп аталғандар - Малшылар мен егіншілер
21. Сақ жауынгерлерінің киім түсі - Қызыл және сары-қызыл
22. Сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің киім түсі - Сары, көк
23. Сақтар туралы «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған - Геродот
24. Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені - Ағаш үйлер
25. Сақтардың негізгі шаруашылығы - Мал шаруашылығы
26. Сақтар өмірінде аз өсірілген мал түрі - Ірі қара
27. Томиристің өмір сүрген жылдары -Б.з.б 570-520 жж
28. Томиристен басқа, сақтардың белгілі әйел-патшасы – Зарина
29. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты - Б.з.б. 530 ж
30. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған - Томирис
31. Томирис туралы «Әйел болса да қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы - Помпей Трог
32. "Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі" деген - Геродот
33. Дарий бастаған парсы әскерлері жорығының мерзімі - Б.з.б. 519 ж
34. Сақ малшысы «Шырақ» туралы суреттейтін грек тарихшысы - Полиэн
35. Марафон шайқасында парсылар мен сақтар одақтасып гректерге қарсы тұрды - Б.з.б.490
36. А.Македонский (гректер) сақ жеріне қауіп төндірді - Б.з.б.4 ғ 30 жылы
37. А.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға Шабуыл жасағаны туралы жазды - Грек тарихшысы Арриан
38. Грек-Македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ жауынгері - Спитамен
39. Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған - Арриан
40. Сақтарға жорық кезінде А.Македонскийдің бұйрығы бойынша Сырдария бойына қандай қала салғызды – Александрия Эсхата
41. А.Македонскийдің қазақша есімі - Ескендір Зұлқарнайын
42. Сақтар туралы «дұшпанға-қатал, досқа-адал» деп баяндайтын - Геродот
43. Сақтар туралы олар "Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»-деп жазған - Страбон
44.Сақтар туралы «құдай деп күнді есептеген және оған жылқыны құрбандыққа шалды» деген – Страбон
45.Сақтар туралы «олардың бәрі ақкөңіл және уәдеге берік» деп жазған – Страбон
46. Сақ әйелдері туралы «ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндайтын грек авторы - Ктесий
47. Парсы сарайында көп тұрып, сақтардың тәрбиелігін жазған – Ксенофонт
48.Сақтардың ең бірінші ғұлама философы – Анахарсис
49. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы - Есік обасы
50. Есік обасынан – 40 астам оба табылған
51. Есік обасының мерзімі - Б.з.б V-ІV ғғ
52. 1969 жылы Есік обасынан «Алтын киімді адамды» қай археолог тапты – Кемел Ақышев (1924-2003)
53. Есік обасынан табылған бұйымдар саны - 4000-нан астам
54. Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат - Күміс табақша
55. Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы - 17-18 жаста
56. Сақ жауынгерлерінің темір қару жарағы мен сауыт сайманы табылған жер - Шірік-Рабат
57. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны - Шірік Рабат
58. Қызылорда облысындағы б.з.б.4-б.з.13 ғ-на жататын ежелгі қалашық - Шірік-Рабат қаласы
59. Шірік Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы - Цитадел
60. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықары табылған сақ қаласы - Бәбіш-Молда
61. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан сақ қорымы – Бесшатыр қорымы
62. Бесшатыр қорымынан – 31 оба табылған
63. Бесшатыр обасының мерзімі – Б.з.б V-ІV ғғ
64. Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап далалы аймақтарда пайда болған бейнелеу - Аңдық стиль
65. Аң стилінің негізгі тақырыбы – Аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу
66. «Аң стилі» дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел – Алдыңғы Азия мен Иран
67. Сақтарға Ираннан тараған "өмір ағашы" дейтін аңдық стильдегі бейне - Арыстан бейнесі
68. Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты - Саркофаг
69. Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол - Дромос
70. Сақ дәуірінің негізгі кездесетін археологиялық ескерткіштері - Обалар
71. Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбінде қандай нәсілді болды - Монголоидтық

Үйсіндер

1. Жетісу жеріндегі үйсіндердің хронологиялық кезеңі – Б.з.б. ІІІ ғ- б.з. IV ғ
2. Үйсін мәдениеті ескерткіштерінің негізінен шоғырланған өңірі – Жетісуда
3. Үйсін тайпаларының мекендеген жері – Жетісу
4. Үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі - Б.з.б. ІІ ғасыр
5. Үйсіндердің шыгу тегі жайында мәлімет қалдырған қытай тарихшысы - Сыма Цянь
6. Жазба деректердегі үйсін халқының саны - 630 мың
7. Қытай деректерінде үйсіндердің әскер саны – 188 800
8. Үйсіндердің астанасы - Қызыл Аңғар (Чигу, Чигучен)
9. Үйсіндердің астанасы Чигучен қай жерде орналасқан – Ыстықкөл жағасында
10. Үйсіндер басшысының атауы - Гуньмо (күнби)
11. Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері атауы – Бек
12. Үйсін тайпалары қай тілде сөйледі – Ежелгі түрік
13. Бай үйсіндердің жылқы саны – 4-5 мың
14. Билеушілер мен әскербасылары, ауқатты адамдарда мөрлері – Алтын және мыстан жасалды
15. Үйсін қоғамындағы дәулетті адамдардың киімдері тігілді - Жібектен
16. Үйсін қоғамында кедей адамдардың мөрлері – Балшық пен тастан жасады
17. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанынан білді - Жерленген зираттардан
18. Деректердгі үйсін гуньмосының қытай ханшайымына үйлену уақыты - Б.з.б. 107 жыл
19. Үйсіндерде егіншіліктің болғаны жайында дерек-дәлел қоныс - Ақтас қонысы
20. Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым – Ақтас
21. Үйсіндерде әйел адамның бас тәжісі (диадема) табылған жер – Қарғалы
22. Қарғалыдан табылған тәждің ұзындығы-35 см, ені-4,7 см
23. Үйсіндер саяси және сауда жасаған ел – Қытай
24. Б.з.б ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған ел – Үйсін мемлекеті
25. Үйсіннің солтүстік-батысында - Қаңлылар
26. Үйсіндерде ру және әулеттің зираты орналасты – Қонысқа жақын жерде
27. Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер – Тау бөктерлерінде
28. Үйсіндердің сұйық тағамға арналған арналған негізгі ыдыстары - Былғарыдан жасалды
29. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп – Тері өңдеу
30. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан – Әйелдер
31. Үйсіндерде жерлеген адамның басы қаратылған тұс - Батысқа қаратып жерлеген
32. Үйсіндер жаратушы күшке арнап - Құрбандық шалған
33. Жетісу жеріндегі үйсіндердің бас сүйегі бойынша бас мүсінін жасады - М.М.Герасимов
34. Жетісудағы үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан – Еуропеидтар
35. Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіш табылған өңір – Тарбағатайдың теріскейі
36. Үйсін обаларының ең үлкенінің – диаметрі 20 метр, ал биіктігі 2 метрге жуық
37. Үйсіндер алғашқыда тәуелді болды – Ғұндарға
38. Үйсіндерде мата тоқу үшін – «өрмекке» ұқсас тоқыма кермесі пайдаланған
39. Үйсіндер қыш заттар мен ыдыстарға салынған сурет - Күннің суреті



Қаңлылар
1. Қаңлылар мемлекетінің хронологиясы - Б.з.б. 3-2-б.з. 5 ғасыры
2. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы қай жерде болған - Оңтүстік Қазақстан
3. «Вэсканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канға
4. қамалының алдында құрбандық берді» деп жазған кітап - Авеста
5. Қаңлылардың көшпелілер өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған қытай тарихшысы - Сыма Цянь «Тарих жазбаларында»
6. Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, шекарасы басқа да маңызды мәселелері жайында - Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты деректерінде
7. «Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен»-дегенді айтқан итальян саяхатшы – Плано Карпини (1182-1252)
8. Б.з.б 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі – Ғұндар
9. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері – Қытай деректер
10. Ежелгі Қытай деректерінде қаңлылар саны - 600 мың, 120 мың түтін, 120 мың әскер
11. Қытай хроникасында қаңлыларда екі астана – Жазғы және қысқы
12. Ежелгі қаңлылардың негізгі мекені Сырдарияның орта ағысы
13. Қаңлылардың солтүстіктегі көршісі - Сарматтар мен Аландар
14. Қаңылдардың Оңтүстігінде көршісі - Үйсін
15. Қаңлылардың экономикалық және мәдени, саяси байланыс жасаған елдер - Қытай, Кушан, Рим
16. Қаңлылар билеушісінің титулы - Хан
17. Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны - 5
18. Қаңлылардың әр иелігін басқарды - Кіші хан
19. Қаңлыларда елді басқаруға ханға – Үш орынбасар уәзірі көмектесіп отырған
20. Қаңлы елінің астанасы - Битянь
21. Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері - Қауымшы, Отырар-Қаратау, Жетіасар
22. Қауымшы мәдениетінде өлген адамды жерлеген - Киіммен жерленген
23. Қаңлылардың Қауымшы мәдениетінің таралу аймағы - Ташкент төңірег
24. Қаңлыларда Отырар-Қаратау мәдениетінің тарау аймағы - Сырдария өзенінің орта ағысы, Қаратау, Талас
25. Қаңлылардың Жетіасар мәдениетінің аймағы - Қуандария мен Жанадария аңғарларын
26. Арыстың өзенінің сол жағалауында қаңлы қаласының орны - Көк-Мардан
27. Қаңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңыңдағы зерттелген қоныс - Қостөбе қонысы
28. Қаңлылардың дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілді - Сыр аңғарында
29. Қаңлылардың қосымша кәсібі - Аң аулау
30. Шыршық өзенінің оң жағындағы қаңлы қаласы – Зах
31. Қаңлылардың метал өндірісінің орталығы - Шаш-Илах
32. Қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қала – Құлата
33. Қаңлылар жерінен табылған б.з ІІІ-IV ғ. соғылған теңгелер саны – 1300-дей
34. Отырар маңындағы Қытай теңгелері табылған қорым - Мардан
35. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты - Алтын-асар
36. Қаңлылардың едендерінен астық сақтайтын – Шұңқыр-ұралары бар
37. Қытай ақыны Бәй Жүшінің қаңлы қыздарына арналған өлеңі – «Биші бикеш»
38. Қаңлылар табиғаттын тыс күштеріне сенген - Күнге, айға, жұлдыздарға табынған

Ғұндар

1. Ғұндар кезеңін қамтитын хронологиясы - Б.з.б 3 ғ мен б.з 4 ғасыр
2. Қытай деректерінде «Ғұн» атауы - Б.з.б 3 ғасыр аяғында
3. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы - "Шаньюи"
4. Ғұндар туралы дерек ел - Қытай деректері
5. Ғұн мемлекетінін негізін салушы - Мөде
6. «Жер дегеніміз-мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деген - Мөде
7. Л.Н.Гумилев жазуынша ғұн мемлекеті құрылды - Б.з.б 209 жылы
8. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа - Ғұндар
9. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылды – Сол, орталық, оң қанатқа бөлінген
10. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша - 3 қанатқа бөлінген
11. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы - "Шаньюи"
12. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым - "Түменбасы"
13. Ғұн мемлекетіндегі ру саны - 24
14. Ғұн мемлекетіндегі Түменбасы әскерінің құрамы - 10 мың атты әскер
15. Ғұндардың ру көсемдері – Ақсақалдар
16. Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына - 3 рет шақырылды
17. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт - 300 жылдан астам
18. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі - Б.з.б. ІІ ғ.-б.з.б. І ғ. аралығы
19. Ғұн мемлекеті Оңтүстік және Солтүстік болып бөлінді - Б.з.б 55 жыл
20. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа жылжуы - Б.з.б 2 ғ. б.з IV ғасырға дейін созылған
21. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған тайпа - Ғұндар
22. Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды кім басқарды - Чжи-Чжи
23. Чжи-Чжи кімдерге қарсы қаңлылармен одақтасты – Үйсіндерге
24. Чжи-Чжидің Қытайға және үйсіндерге қарсы әскери іс қимылдары немен аяқталды - Чжи-Чжидің тұтқынға алынумен
25. Ғұн Еуропаға жорық жасаған «5 ғасырдың 30 жыл» ғұн басшысы - Еділ Аттила
26. Еділ (ғұн) жауынгерлерінің Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқасы болған жыл - 451 жыл
27. Аттила (Еділ) өмір сүрді шамамен - 400-453жж
28. Аттила қайтыс болды - 453 ж
29. «Еділ» атымен аталатын өзен - Волга
30. Еділ жөнінде құнды дерек қалдырды - Византиялық елші Прииск
31. «Аттила» операсыныңжазған италиян композиторы - Джузеппе Верди
32. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы – Атты әскерлер
33. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған - А.Марцеллин
34. Ғұндарды «Ертелі кеш ат үстінен түспейді»деп сипаттайды - римдік тарихшы Аммиан Марцелин
35. «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді» деп жазған – Марцеллин «31 кітабы Іс-Қимыл»
36. Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған - Прииск
37. 448 ж Аттила сарайында болған елші «Бір көрген адам Аттиланы нағыз азиялық екенің бірден айтады» ол қай елші - Византиялық елші Прииск
38. Приискіні Аттила сарайында ерекше таңғалдырған – Аппақ тастан қаланған монша
39. «Ғұн патшасы Аттила» атты 5 актілі трагедия жазған неміс – Цахариас Вернер
40. «Аттила, мұрагерлерінің тарихы» жазған француз – Т.Амеди
41. Ғұндар өсірген үй малдары – Малдың барлық түрі
42. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін дәлел - Ұршық бастары
43. Ғұндардың негізгі баспанасы - Киіз үй
44. Ғұндардың негізгі өмір салты – Көшпелі өмір салты
45. Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі – Мұрагерлікпен берілді
46. Ғұндарда ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандар - Өлім жазасы
47. Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданған жаза – Айыптының бетін тілген
48. Ғұндарда бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі - Зерлеу
49. Ғұндарда бұйымның бетіне түрлі-түсті заттарды жапсырған стиль - Полихромдық стиль,
50. Ғұндарда бұйымдарды безендіу үшін қолданылған негізі бейне - Жабайы аңдар бейнесі
51. Ғұн қоғамында үй қызметшісі және бақташы есебінде кімдерді пайдаланды – Құлдарды
52. Рим империясының құлауына не себеп болды – Ғұн шапқыншылығы

Сарматтар

1. Сарматтар тайпаларының өмір сүру хронологиясы - б.з.б. 8 ғ-б.з.5 ғасыр
2. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ – Батыс Қазақстан
3. Көне дәуір авторлары еңбектеріде «сармат» атауының кездесетін уақыты – б.з.б ІІІ ғ
4. Арал-Каспий аралығын одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы – Дах немесе дай
5. Каспий жағалауындағы өмір сүрген сармат тайпасы – Гиркани
6. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы - Гиркан
7. Савромат жөнінде жазғандар - Диодор, Үлкен Плиний, Полибий
8. Геродоттың хабарлауынша сарматтар қандай тілде жақсы сөйлеген – Скиф тілінде
9. Сарматтар саны б.з.б 3-2 ғасырда – 20 мыңға
10. Сарматтар саны б.з.б 2-1 ғасырда – 10 мыңға
11. Сарматтар саны б.з 1 ғасырда – 5-7 мыңға
12. Дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (аршак) Парфияның үлкен бөлігін және Гирканияны басып алды - Б.з.б 248- 247 ж
13. Сарматтардың әскери-демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешетін - Әскер басылары
14. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы – Әскери демократия
15. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелдейді – Археологиялық ескерткіштер
16. Сарматтарда шыныдан жасалған ыдыстарды - Шығыс елдерден алғызды
17. Сарматтардың торсық, саба сияқты ыдыстары жасалынған материал – Тері
18. Сарматтар теріден жасады - Торсық, саба, көнек, мес
19. Сарматтарда көп өсірілген мал түрі - Жылқы, қой
20. Сарматтардың қосымша кәсібі – Аңшылық
21. Сарматтардың абыз әйелдер жерленген қорымы - Бесоба
22. Сарматтардың Бесоба қорымынан тапты - Жерлеген абыз әйел
23. Сарматтар обалардың ішкі құрлымын жасады - Ағаштан жасаған
24. Савромат ескерткіштерінің зерттелген қорымы -Сынтас қорымы
25. Үш савромат жауынгері жерленген қорым - Сынтас
26. Савроматтардың Сынтас ескерткіштерінен табылған - Сүйек қасықтар
27. Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой ауданынан табылған ескерткіші - Аралтөбе
28. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан - Жылыой
29. Көсемнің қару-жарағы, абыз асатаяғы табылған сармат ескерткіші - Аралтөбе
30. Батыс Қазақстан аймағында кездесетін ескерткіштер – Сарматтардікі
31. Үстіртте зерттелген сармат ескерткіштері - Бәйте, Терең
32. «Савроматтар скиф тіліне өте жақсы тілде сөйлеген,
33. әйелдер мен еркектер тең саналған және дах-масагеттермен, исседондармен туыстас келеді» деп жазды тарих атасы – Геродот
34. Б.з.б VІІІ ғасырда сарматтарды қалай атады – Савроматтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.