«Шешендік сөздер» тақырыбына тест жұмысы 9-сынып » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » «Шешендік сөздер» тақырыбына тест жұмысы 9-сынып

«Шешендік сөздер» тақырыбына тест жұмысы 9-сынып

31-01-2015, 17:09
Автор: Мерует
Қарау саны: 4916
Пікірлер: 0
Версия для печати
«Шешендік сөздер» тақырыбына тест жұмысы
9-сынып

1. ХІХ ғасырда шешендік сөздер нұсқаларын жинаған академик
а/ М. О. Әуезов в/ В. В. Радлов с/ Н. М. Ядринцев
д/ Н. Келімбетов е/ Ә. Марғұлан

2. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билепте, ақылыңа билет.» Кімнің сөзі?
а/ Бұқар жырау в/ Әнет баба с/ Төле би д/ Бөлтірік шешен
е/ Майқы би

3. Төле би қай жылдары өмір сүрді?
а/ 1663-1756 в/ 1667-1764 с/ 1660-1701 д/1692-1742
е/1678-1736

4. «Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау - Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып
Заманға сәйкесімен келіп еді» - Билерге бата берген кімнің сөзі?
а/ Тәуке хан в/ Абылай хан с/ Уәли хан д/ Қасым хан е/ Есім хан

5. Төмендегі үзінділерден шешендік арнауды тап.
а/ Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?
в/ Сен – темір де, мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін.
с/ Жақсы туған қыз бала
Батыр туган ұлмен тең.
Ақылы аз болған соң,
Жаман адам пұлмен тең.
д/ Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
е/ Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

6. «... Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші –иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші ырысыңның тұрағы...» Кімнің сөзі?
а/ Қазыбек би в/ Әйтеке би с/ Төле би
д/ Бөлтірік шешен е/ Байдалы шешен

7. Төменде берілген үзіндіден шешендік дауды табыңыз.
а/ «Сен темір де, мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұпар,
Жарысқалы келгенмін.»
в/ «Бұл дүниеде не өлмейді?
- Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.»
с/ «Малым бар деп мақтанба,
Боран соқса қайтесің!
Тілім бар деп мақтанба,
Тіл байланса қайтесің!»
д/ «Ақылдан артық хандық жоқ,
Жомарттан артық нарлық жоқ.»
е/ «Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан
Астамшылдық деген бар, содан алыс жүр.»


8. «Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұқпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп» Шешендік нақыл сөздің авторы?
а/ Асан қайғы в/ Мөңке би с/ Саққұлақ шешен
д/ Майқы би е/ Ақтайлақ би

9. «Біз де елдің туы болармыз» деп ұтымды жауабымен көзге түскен би.
а/ Төле би в/ Қазыбек би с/ Әйтеке би
д/ Асау би е/ Майқы би

10. «Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат» жолдарын кім айтқан?
а/ Әйтеке би в/ Байдалы шешен с/ Ақтайлақ би
д/ Қазыбек би е/ Төле би

11. «... Сары судан ас болар,
Жұрт пақыр болар.
Жер тақыр болар,
Осындай қилы заман болар» Кімнің сөзі?
а/ Майқы би в/ Ақтайлақ би с/ Саққұлақ шешен
д/ Жиренше шешен е/ Асан қайғы

12. Әнет бабадан бата алған би
а/ Ақтайлақ би в/ Әйтеке би с/ Майқы би д/Қазыбек би е/ Төле би

13. «Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңы сілтеме»
Бұл сөздердің авторы кім?
а/ Тәуке хан в/ Асау би с/ Төле би д/ Байдалы шешен е/ Қазыбек би

14. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін.Бай болып елге пайдаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін.» Кімнің сөзі?
а/ Әйтеке би в/ Саққұлақ шешен с/ Мөңке би
д/ Жиренше шешен е/ Қазыбек би

15. Жесір дауында қыз баланың бас бостандығын қорғаған би. «Жақсы туған қыз бала, Батыр туған ұлмен тең» жолдарының авторы.
а/ Саққұлақ шешен в/ Жиренше шешен с/ Ақтайлақ би
д/ Мөңке би с/ Асау би

16. «...Екі адам керіссе оның арты шаң. Біз – үш жүз керіспейік, келісейік. Егер керісе қойсақ, бізге хандық түгіл ондық та жоқ... » деген жолдар кімдікі?
а/ Әйтеке би в/ Төле би с/ Қазыбек би д/ Абылай хан е/ Тәуке хан

17. Жәнібек батырға арнау бата айтқан кім?
а/ Бөлтірік шешен в/ Асан қайғы с/ Жиренше шешен
д/ Соқыр Абыз е/ Төле би

18. «Ағат деген немене?
Сағат деген немене?
Қанат деген немене?
Жанат деген немене?
Ханым деген немене?» сұрақтарына жауап берген шешен кім?
а/ Күдері в/ Саққұлақ с/ Жиренше д/ Бөлтірік е/ Байдалы

19. «Жер деген – байлық,
Ел деген – халық.
Жер сәні – мыңғырған мал, ағылған аң» жолдарының авторын табыңыз.
а/ Асау би в/ Бөлтірік шешен с/ Байдалы шешен
д/ Асан қайғы е/ Майқы би

20. «Бірлік қылсаң, ағалар,
Анау тұрған шабындық,
Баршаңызға жетеді.
Дүние деген жалған ғой,
Бастарыңнан әлі-ақ өтеді» деп төрелік айтқан кім?
а/ Төле би в/ Саққұлақ с/ Әйтеке д/ Күдері е/ Қазыбек би
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.