Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

27-03-2015, 00:32
Автор: Алтынай
Қарау саны: 3987
Пікірлер: 0
Версия для печати
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №47 М.В. Ломоносов мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Ибраева Шолпан Әбділманапқызы
Бағалау» термині «жақын отыру» деген латын сөзінен аудармадағы жай аударма емес, себеп бағалаудың негізі бір адам екінші бір адамның не жөнінде айтқаны, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзіндік ойлауын, түсінігін не тәртібін жіті бақылау болып келеді.Бұл тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне өткізетін кезексіз бағалауға дейінгі бүкіл бағалауға да тиісті. Бұдан басқа, бағалау түрлі жағдайда болуы мүмкін,десек те бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғандығын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі( МАН,56-57 бет).Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады(МАН,58-бет). Оқытуды,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою,сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды(МАН,56 бет).
Бала өз нәтижесін арттыру үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік бере отырып,оқушыға қандай деңгейге жету керек және бұны қалай жасау керек екендігін білу үшін формативті бағалау қолданылады, осыдан оны алға қарай дамуы үшін жұмыс жасау керектігін түсінеді.Осы тұрғыда,біз мұғалімдер жеке бағалаушы бола бермейтінімізге назар аударуымыз қажет-ақ. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға кіріседі және мұғалімдер бағалауды тартымды жүргізген кезде,оқушылар белсенді қатысқаны жақсы.Білім алушылар оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу керек. Бұл олардан түсініктілікті,қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қамтамасыз етеді.

Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .
Ұстанымдар негізі:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет
Критерий сол сабақты жақсы меңгергендігін, сабаққа қалай қатысып отырғанын, сұрақты дұрыс қоя білу, мағынаны аша білу сияқты сабақты меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Балалардың өзін — өзі бағалауында көбірек көңіл бөлу және жұбын, тобын бағалауды да қадағалап отыру жеңіл болады. Сабақта оқушыларды бағалау үшін критерий оқушылармен бірлесе отырып жасалса тиімділік береді
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі құралы- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке деген құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі уақытында ол оқушының білім деңгейін көтеруге құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана бастысы емес, ең бастысы оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін арттыру, айналамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту,реттеу өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әрбір сабақ соңында тек баланың сабақты қалай меңгергені туралы және сабаққа белсене қатысып отырғанын саралап, бірақ «5-тік», «4»-тік, «3»-тік бағалауын қоюға қалыптасқан біздерге бұл бағалау түрі басында жүйеге келе қоймасы анық.
Әрбір оқушыны бақылай отырып, оқушының жасаған жұмыстарына баға беру, яғни
 Мақтау,мадақтау немесе
 Басбармақ не саусақ арқылы
 Геометриялық фигуралар
 Түсті жетондар,фишкалар
 Мадақтаулар
 Эссе жазу
 Бағдаршам,
 Екі жұлдыз,бір ұсыныс,
 Критерий
 Смайликтер арқылы бағалау.
 ББҮ кестесі де оқуды бағалауда таптырмас әдіс.
 бағалау парақтары –
бір-бірінің тапсырмаларын тексере отырып оқушылар,яғни, олардың өздерін реттей алатындығы да байқалды.
Қорытындылай келе, әр баланың ерекшеліктері, ықылас жігерін, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін , ынтасын, жалпы білім деңгейін мұғалім алдын ала зерттеу керек. Сонымен қатар топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айта білуге үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беруге, бірін-бірі бағалау, өзін бағалауды үйренеді.
Бұл әдісті қолдану арқылы мен қандай нәтижеге жетемін? Топ арасында көп сөйлемейтін, сабаққа қызығушылығы төмен оқушылардың да өз мүмкіндіктерін жібермей сабаққа араласуы болады. Бағалау оқушы үшін маңызды ма? Ол оқушыларға қателерді болдырмауды және оларды түзетудің жолын көрсетеді.Оқушылардың өзін-өзі бақылай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігін сабақ кезінде бағалау парағын қолдану арқылы көз жеткізуге болады.Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтың тиянақты дұрыс қойылуы арқылы, оқушымен бірге критерилерді талдау және бағалау парағы арқылы кері байланысты қамтамасыз ету және өзін-өзін бағалауы болып табылады. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі. (МАН 60-бет)
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.