Құдыретті жер ана » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Құдыретті жер ана

9-02-2016, 00:05
Автор: турсынкул
Қарау саны: 531
Пікірлер: 0
Версия для печати
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп Абай орта мектебі Мерзiм11.06.2015№ 21 Тақырып _Құдіретті Жер-Ана_______________________________ Құндылық Қиянат жасамау Қасиеттер__1. Бірлікте болу; 2. Қоршаған ортаға қамқорлық; 3. Жерді сүю,қадірлеу_________________ Мұғалiм: Билялова Базаргүл Қонысбекқызы Cынып 7 Оқушылар саны 15 Сабақ мақсаты: Оқушылардың Жер-Анаға қам қиянат жасамау туралы білімдерін кеңейту. 1. Білімділік: Жерді қорғау үшін барлық адамзат бірлікте болу керегі туралы білім беру. 2.Дамытушылық: Қоршаған ортаға қамқорлық жасау әдеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Жерді сүюге, қадірлеп қастерлеуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта Әсем табиғат суреттері, плакаттар, түрлі- түсті қағаздар, Қарындаштар, бояулар Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық. Үй тапсырмасын тексеру. Конфуцийдің «Атамекен» туралы аңызы Талқыланатын сұрақтар: 1.«Жер – қолқа жүрегің» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Жер деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді? 3.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді? Сабақ барысын талқылау: Дәйек сөз. «Адамның су мен жер туралы ойлағаны- өзі туралы ойлағаны» Ш. Айтматов (Хормен қайталау) Сұрақтары: 1. Неге адам су мен жерді өзіндей көріп тұр? 2. Неліктен жерді «Ана» деп айтамыз? 3.«Су - тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіңдер? 1. Әңгiмелеу (сұхбат). Қаңбақ (Аңыз әңгіме) Бір бай баласының он үшке толған күніне арнап, қонақтар шақырыпты. Қариялар дастархан басында отырып, әңгіме-дүкен құрса, жастар жағы көкорайда күш сынасып ойнапты. Біреудің буырқанған күші үшін, біреудің әдемі айла әрекеті үшін қол соғып, мәз болысыпты. Бірақ бай баласынан жұрт мақтарлық қасиет таба алмапты. Ешқандай өнер көрсете алмаған можан-топай баласы үшін бай іштей налып қалыпты. Жоқтық көрмей, шалқып өскен жалқау баланың қолынан не келуші еді?! Бар білгені – түкіру. Оқыстан келген ойға бай қуанып кетіп, кім алысқа түкірсе, соған беріледі деп, бәйгеге тайлақ тігіпті. Өзінен өзі белгілі: бұл жарыста бай баласы алдына жан салмайды. Жүлдені сол алады. Қуанғаннан әке көңілі өсіп, тағы бір семіз ісек сояды. Ішіп-жеп, тойғанына мәз болған халық бай баласын мақтап бағады. Кешқұрым жел тұрып, құм боран соғады. Үш тәулікке созылған дүлей дауылдан, оның ыстық демінен көкорай шалғын қурап, құдықтарды құм басып қалады. - Бұл неғылған зауал?!-дейді әрлі-берлі өткендер. - Жер- біздің анамыз,- дейді бір ақылды азамат. – Жерге түкіру деген не сұмдық?! Жерді ренжітуге болмайды. Жердің бетіне тиген түкірікті көздің жасы мен ғана жуа алады. Елдің айтуына қарағана бүгінде сол жерде шөлге айналған тәрізді. Күн қақтаған тулақ далаға тек қана түйетікен өсетін көрінеді. Ал ауыл адамдары қайтті дейсіз ғой?! Қайтсін, үдере көшеді. Қаңбақ сияқты әлі күнге босып жүрген көрінеді. Талқыланатын сұрақтар: 1 сұрақ Байдың баласы қандай бала? 2 сұрақ. Қалай ойлайсың жердің мінезі бар ма? 3 сұрақ. Оны қайдан бақылауға болады? Мұғалімнің сыйы: Жер жүзіндегі әдемі табиғаттар көріністері\слайдтар көрсетіледі\ 2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Табиғат» дегеніміз жер, су, ауа, өсімдік, жан-жануар, аң-құс, тау-тас, өзен, көл. Осылардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы. Ал осы табиғат сыйын сақтап, қорғау, дамыту, байыту – біздің қолымызда. өсімдік ауа өзен су жануар көл Әр топ осы кластерді жалғастырады,түсіндіреді. Жер-Анаға ешқашан қиянат жасамайықшы. Тіпті аздан бастайықшы. Мысалы біз қысқа отын жинап, ағаштан алып келеміз, бірақта жаңадан ағаш отырғызып кетпейміз. Мысалы: он ағаш кессек, тым болмаса бес ағаш отырғызып кетсек, қандай тамаша болып кетуші еді. Жер-Анамызды осылай қуантып отырайықшы! Ал, сендер Жер-Ананы қуанту үшін тағы не істер едіңдер? Топпен ойланып, өз ойларыңды ортаға салыңдар. Мына керемет табиғаттың бізге берген сыйын қарашы қандай керемет. Осы сыйды мәңгі сақтап қалайықшы! Жер –анамыздың мейірбандығы сонда, барлық тіршілік иелерін қойнына алып, баршасына өмір сыйлайды, қорек береді, өсіреді, көркейтеді. 2 топқа тапсырма кластер толтырады, тақырыбы: «Табиғат бізге не береді? Ал адамдар табиғатқа не сыйлайды?» ........ ...... .......... .......... .... ..... ..... ........ .......... 3. Үй тапсырмасы. Табиғат құбылыстарының суреттерін салу немесе ғаламтордан тауып алып келу 4. Топпен ән айту. Қазақтың кең даласы-ай! Сөзі: Ш. Сариевтікі Әні: Г. Дәукенованікі Қазақтың кең даласы-ай, дала бағым, Жүректің саған арнап салам әнін. Табылсам, осы дала- бар бақытым, Сағынсам, осы дала бар ма арманым. Көңілден ән шығама толғамаса, Болса деп самғай өстім ел баласы- ай. Қаласың сен мәңгілік мен жолаушы, Киелі қазағымның кең даласы-ай. Әуенмен әелетіп жалғады көк, Жұлдыздай үмітімнің жанғаны көп. Жаралған әрбір перзентжүрегіндей, Қазақтың кең даласы-ай арманы көп. 5. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуенмен музыка Балалар бүгінгі сабағымыздан, біздің есімізде қалғаны керемет әдемі табиғат құбылыстары. Табиғаттың бізге сыйлаған сыйлары: олар хош иісті гүлдері, жеміс-жидектері, таза ауасы,мөлдір бұлағы, ашық аспаны. Осы құндылықтарды мәнгі сақтайық! Жер-Анамызды қорғайық, қамқор жасайық! Жер-Анамызды көркейтуге ат салысайық!
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.