Өзімшілдік пен көпшілдік » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Өзімшілдік пен көпшілдік

Өзімшілдік пен көпшілдік

5-01-2016, 23:34
Автор: marzhan.mm.750
Қарау саны: 339
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту. 2. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту 3. Көпшіл болуға тәрбиелеу Көрнекі құралдар: дәйек сөздер, слайд, тапсырмалар - Күн, кімнің досысың? - Бәріңе ортақпын! - Сен кімнің жолысың? - Бәріңе ортақпын! Кәдімгі көліңдей түсетін, Кәдімгі суыңдай ішетін, Ауадай бәріміз жұтатын, Барлығы әулие тұтатын, Бәріңе ортақпын! Мәтінмен жұмыс Қызғаныштың кесірі Мәтінді оқып әңгімелеу. Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады. 1. Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады? 2. Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? 3. Қандай шешім қабылдадыңдар? Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл Абай Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады, ал ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді. Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы. Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет. Дәптермен жұмыс Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып жазыңдар. Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік, менмендік, тәкәппарлық, қауымшыл. Қорытындылау Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді. Көпшілдің достары, жолдастары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық. Бір-біріне тілек айту, Ө.Тұрманжановтың «Сіз, біз» деген жылы сөз өлеңін оқу. “Сіз”, “біз” деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық Жылытады жүректі Жақсылық сүйер жанымыз, Жақсылық билеп жаныңды тез Баршаға жетер жақсылық, Оятады игі тілекті Қызғанбай бөліп алыңыз! Біреуге біреу жақсылық “Сіз”, “біз” деген жылы сөз – Тілесе әркез жаны ашып Жақсылықтың мейірі Осы бір шырын - тәттілік Бір-біріне болып көз Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.