"Дипломмен ауылға" жобасының жастар үшін маңызы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » "Дипломмен ауылға" жобасының жастар үшін маңызы

"Дипломмен ауылға" жобасының жастар үшін маңызы

24-07-2015, 17:59
Автор: Азель
Қарау саны: 1264
Пікірлер: 0
Версия для печати
Ақтөбе облысы , Хромтау ауданы , Бөгетсай орта мектебі






Болатов Айдос Болатұлы

««ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА!» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАСТАР ҮШІН МАҢЫЗЫ»


Секциясы : әлеуметтану







Ғылыми жетекшісі : Джанкулова А.И.



Ақтөбе , 2014 жыл






























МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І тарау
1.1 «Дипломмен ауылға жобасының» тарихы..............................................4
1.2 «Дипломмен ауылға !» жобасының жастар үшін маңызы..............7
1.3. «Дипломмен ауылға !» жобасының іске асу барысы бойынша
атқарушы органдарының жұмыстары туралы ...................................8
1.4. Бөгетсай орта мектебінің жас мамандары туралы ..............................16-17
ІІ. тарау
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
2.1. «Дипломмен ауылға жобасы туралы не білесіз?» атты сауалнама
жұмыстары................................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ












КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Дипломмен ауылға !» жобасы
Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Дипломмен ауылға!» жобасын Министрліктің бастамасы бойынша мүдделі ортақ органдар мен «Нұр Отан» ХДП-ң «Жас Отан» Жастар қанаты, «Қазақстан Жастар Одағы» және Қазақстан жемісін көруге мүмкіндік беретін жоба . Бұл жобамен білім , денсаулық , әлеуметтік қамтамасыз ету , мәдениет, спорт , ветеринар мамандықтары бойынша оқу орнын тәмәмдаған мамандар еңбек етеді.
Қазіргі таңда аталған жоба бойынша әртүрлі насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Елбасы тапсырмасы «Дипломмен ауылға!» жобасының жүзеге асырылуына үлес қосу. Бұл жобаның жас маман үшін тиімді жақтарын жан – жақты зерттеу. Аталған жобаны насихаттау, өзіндік ерекшеліктерін көрсету .
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Жоба бойынша еңбек етіп жатқан жас мамандардың өмірі туралы ақпарат жинау;«Дипломмен ауылға!» жобасына басқа салаларда да қажет екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының нысаны : жоба бойынша еңбек етіп жатқан жас мамандар, оқушылар.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер, жастарымыздың қолдарында дипломдары бола тұра жұмыссыз жүргендер болса , онда «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша ауылға келіп еңбек етсе жастар ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартып , жұмыссыздар саны азаяр еді.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
Егер , «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша келген жас мамандарды шет елге яғни, «Болашақ» бағдарламасы бойынша іс – тәжіриебе алмасуға 1-2 айға жіберілсе , ауылға сұраныс көп болар еді және ауылда жастар үшін маңызы бар, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін қолданатын нысандар ашылып, жастар ауылдың әлеуметтік , мәдениеттілік жағдайы мен оның экономикалық жағдайын одан әрі дамыта түсер еді.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу жұмысының ғылымилық жүйеде жазылуын қадағалау.
Зерттелген фактілерді саралап, талдау, салыстыру.
Қоғамдық пікір тыңдап, сауалнама жүргізу.
Зерттеу кезеңдері:
І кезең – зерттеу өзектілігіне орай жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ІІ кезең - жоба жұмысы талапқа сай ғылыми тұрғыда негізделді және безендірілді.





1.1 «Дипломмен ауылға!» жобасының тарихы
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Дипломмен ауылға!» жобасын Министрліктің бастамасы бойынша мүдделі ортақ органдар мен «Нұр Отан» ХДП-ң «Жас Отан» Жастар қанаты, «Қазақстан Жастар Одағы» және Қазақстан студенттер альянсы қоғамдық жастар ұйымдарымен біріге отырып, 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап «Дипломмен ауылға!» (бұдан әрі жоба) жүзеге асырыла бастады . Бұл жоба оқу орнын жаңа аяқтап, қолдарына аса бір қуанышпен алған дипломдарының жемісін көруге мүмкіндік беретін жоба . Бұл жобамен білім , мәдениет, денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт , ветеринар мамандығы (2012ж01 қаңтардан) салалары бойынша оқу орнын тәмәмдаған мамандар еңбек етеді.
Қазіргі таңда аталған жоба бойынша әртүрлі насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын, 2008 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау , білім беру , әлеуметтік қамсыздандыру , мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысын орындау мақсатында республикалық бюджете «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламалары бекітілген болатын .
Мамандарға деген қажеттілік облыстар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша қалыптастырылады .
Аталмыш жұмысты жүзеге асыру үшін «Қазақстан» , «Хабар» , «Ел Арна» , «СТВ» , «Астана» теларналары , «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда» , «Айқын» , «Литер» , «Республика кz1», «Экспересс К» , «Ел» , «Жас Қазақ» , «Дала мен қала» , «Страна и мир» , «Известия Казахстан» газеттері , «Казинформ» , т.б. ақпараттық агенттіктер секілді бұқаралық ақпарат құралдары тартылды .
Мәдениет және акпарат министрлігінің тапсырысы бойынша республикалық телеарналар эфирінде «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша бейнероликтің , «Ауылды көтеру» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
«Қазақстан» телеарнасы бойынша арнайы жоба -«Болашақ» телесериалының көрсетілімі (Болашақ бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап , ауылға жұмыс істеуге келген жас дәрігердің тағдыры туралы) өтті. «Caspionet» және хабар арналарында жобаны іске асыру бойынша тележурналдар ашылды. «Арнайы репортаж» , «Іске сәт» , «Сонымен солай дейік...» , «Таразы» бағдарламалары аясында мамандарды ауылға тарту мәселелері қарастырылғандығын анықтадық.
Республикалық баспасөз БАҚ – да «Дипломмен ауылға!» логотипімен айдарлар жұмысын жалғастыруда. Одан басқа БАҚ- ар жас мамандарды ауылға тарту мен орнықтыруға бағытталған барлық тәжірибе жүзіндегі іс-шаралар, кездесулер, отырыстар мен әлеуметтік жобаларды үнемі жариялап отырады.
Минстірлік Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатымен және Қазақстанның ауыл жастар одағымен біріге отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізуге арналған іс – шаралар жоспарының 101 тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының бекіткен 21.10.2011 жылғы №32-29.274 іс – шаралар жоспарының 56 тармағын орындау мақсатында «Дипломмен ауылға!» бірінші республикалық форумы өткен. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің , Қазақстан Республикасы Премьер –Министірі Кеңсесінің , мүдделі министріктердің өкілдері және рееспубликаның 14 облысынан делегаттар , «Дипломмен ауылға!» жобасының белсенді қатысушылары қатысты . Форумға қатысушылардың жалпы саны 500 адамды құрады .
Форум жұмысының қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды , онда жобаны одан әрі жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан «Дипломмен ауылға!» жобасының ұйымдастырушылық , қаржылық және ақпараттық сүйемелдеуі бойынша мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың , оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысу мәселелері көрініс тапты .
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы , Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссиясының Төрағасы М.А. Құл –Мұхамедтің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 32-30.175 Қазақстан Республикасы Мемлекттік Рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс – шаралар жоспарының 17 тармағын орындау мақсатында «Дипломмен ауылға!» республикалық акцияясы өткізілді . Аталмыш акцияның аясында 2012 жылғы 19-22 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында «Тау самалы» демалыс базасы негізінде «Дипломмен ауылға!» ІІ Республикалық жастар Форумы өткізілген .
2012 жылғы бірінші жартыжылдықта жалпы республика көлемінде мамандарды елді – мекендерге тарту бойынша 4347 іс –шара , оның ішінде БАҚ –да жарияланған материалдар – 965 : газет беттерінде – 488 , телебағдарламалар - 199, радиодан сөйлеген сөздер - 85 , ЖОО –ң баспасөз беттерінде - 50 , сыртқы жарнамаларды орналастыру – 715 : билбордтарда – 203 , баннерлерде – 174 , плакаттарда – 338;көрнекі насихат құралдарын орнықтыру - 2201: ЖОО –ң ақпараттық стендерінде - 525 , әлеуметтік мекемелерде – 380 , жұмыспен қамту бюросында - 266 , қоғамдық орындарда - 1030 , сондай –ақ жастардың 466 іс –шра өткізілгендігін анықтадық .
Жоғарыда аталып өткен 2009 – 2011 жылдарға арналған іс –шараларды іске асыру басқа жылдармен салыстырғанда елді – мекендерге келген кадрлар ағынының лезде өсуінің дәлелі болатын оң қорыныдыларға қол жеткізеді . Осылайша ауылды жерлерге келіп , жұмысқа орналасқан педагогтар саны 1,8 есеге , дәрігерлер 2,7 есеге артқандығын байқаға болады. 2009 жылы ауылды жерлерде әлеуметтік саланың 6582 маманы , 2011жылы -5400 адам , 2012 жылы 6742 адам жұмыспен қамтылып , әлеуметтік қолдау көрсетілді . Жобаның іске асыру кезеңі ішінде барлығы 21402 маман , оның ішінде 15930 яғни 75℅ педагогтар , 4345 адам 20℅- денсаулық сақтау саласының мамандары , 653 –мәдениет , 195 – ілеуметтік қамсыздандыру саласы , 277 –спорт , 52 – ветеринария салаларының мамандары тартылды . Алдағы 3 жылдық кезеңде (2012 – 2014жж.) барлығы 24,0 млрд.теңге , оның ішінде көтерме жәрдемақы ұсыну үшін 17 712 әлеуметтік сала мен ветеринария мамандарына , сондай – ақ баспана сатып алу үшін бюджеттік кредиттерге 8272 маманға қаражат көзделгенін анықтадық .
2012 жылғы 12 қаңтарда қабылданған Қазақстан Републикасының «Қазақстан Республикасның кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды ма шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде әлеуметтік қолдау шаралары ветеринария мамандарына беріледі , сондай –ақ бюджеттік редит құрылысына пайдаланылатын болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы Қаулысымен ауылдық елді –мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау , білім беру , әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелеріне өзгерістер енгізіледі делінген .





































1.2. «Дипломмен ауылға !» жобасының жастар үшін маңызы
Ауылдық жерлерде жыл сайын кеңірек ойлап шешуге тиісті мәселелер бар. Бұл ретте әңгіме жоғары білімді мамандардың көбіне жұмысты қаладан іздеп жол тартуында болмақ. Ауылдық жерлерде мұндай мамандарға жағдай жасау мемлекеттік басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы тапсырманы орындау мақсатында 2010 жылы мемлекет тарапынан «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті дайындалды.
Тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленді. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленді.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ң Маңғыстау өкілдігі бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Сенім білдірілген өкіл (агент) функциясын атқарады.
Бюджеттік несиелеу процесі келесі жүйе бойынша орындалады. Мамандар өтініш пен құжаттарын «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не тапсырады. Өтініш тіркелген соң Әкімшілік құжаттарды комиссияда қарап, тұрғын үйді сатып алуға несие беру туралы қаулы қабылдайды. Бас тарту жағдайында дәлелді жауап жіберіледі. Одан кейін сатып алушы мен сатушының арасында әділет органдарында тіркелетін тұрғын үйді сату-сатып алу келісім шарт жасалынады. Маман, келісім шарттың түпнұсқасы мен сатып алынатын үйдің тыйым салынбағаны туралы анықтамамен бірге несие алу мен кепіл келісім-шарттарды жасау үшін бөлімге тапсырады.





















1.3 «Дипломмен ауылға !» жобасының іске асу барысы бойынша
атқарушы органдарының жұмыстары туралы
«Дипломмен ауылға !» жобасының іске асу барысы бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының жоспарын жүзеге асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарының жұмыстары туралы
2012 жылдың жартыжылдығына арналған
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген , Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрліміне , «Нұр Отан» ХДП-ң «Жас Отан» жастар қанатымен және Қазақстанның Ауыл жастар одағымен келісілген 2012 жылғы ақпан айынан бастап 2013 жылғы қаңтар айына дейінгі «Дипломмен ауылға!» жобасының іске асыру бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының жоспарымен 16 іс –шараны жүзеге асыру көзделген .
Орталық атқарушы органдар 8 тармақ бойынша , жергілікті атқарушы органдар 11 тармақ бойынша , үкіметтік емес ұйымдар 14 тармақ бойынша орындаушылар болып табылады екен.
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев бекіткен 2012 жылғы 11 сәуірдегі ю32-30.128 «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясының іс – шаралар жүйелік кестесінің 64 тармағын орындау мақсатында «Дипломмен ауылға!» жобасына қатысушы ЖОО-ң студенттерімен кездесулер өткізілген.
2012 жылғы 14 мамырдан 1 маусым аралығындағы мерзім ішінде он төрт облыс орталықтары мен республикалық маңызды екі қалада 28 іс –шар өткізіліп, оларға 586 адам қатысты , олардың 90 ℅ -Жоба қолдау көрсететін мамандықтар бойынша республиканы ең ірі оқу орындарының түлектері . Жобаға қатысу жайында оған қатысушы 108 адам – ауылдың пайдасына таңдау жасаған кешегі түлектер өз тәжіриебесін жинақтап , алған әсерлерімен қуаныштарымен және бастарынан өткен қам –қарекеттерімен шынайы сезіммен құрбы құрдастарымен бөлісті . Іс –шаралар әр жерде әртүрлі нысанда жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті .
«Жастар саясаты мәселесі мен «Дипломмен аулыға!» жобасының іске асу барысын жария ету Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Аталмыш жұмысты жүзеге асыру үшін «Қазақстан» , «Хабар» , «Ел Арна» , «СТВ» , «Астана» телеарналары, «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда» , «Айқын» , «Литер», «Республика кz» , «Экспресс К» «Ел», «Жас қазақ» , «Дала мен қала» , «Страна и мир» , «Известия Казахстан» , «Комсомольская правда в Казахстане», «Московский комсомолец в Казахстане» газеттері , «Казинфром» , «Bnews» және т.б. ақпараттық агенттіктер секілді бұқаралық ақпарат құралдары тартылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша республикалық телеарналар эфирінде «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды . «Ауылды көтеру» деректі фильмін түсіруді ұйымдастыру және көрсетілімге дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын анықтадық .
«Қазақстан» телеарнасы бойынша арнайы жоба -«Болашақ» телесериалының көрсетілімі («Болашақ» бағдарламасы бойынша аяқтап , ауылға жұмыс істеуге келген жас дәрігердің тағдыры туралы) өтті. «Caspionet» және «Хабар» арналарында жобаны іске асыру бойынша тележурналдар ашылды. «Арнайы репортаж» , «Іске сәт», «Сонымен солай дейік...» , «Таразы» бағдарламалары аясында мамандарды ауылға тарту мәселесінің талқылануы жоспарлануда .
Республикалық баспасөз БАҚ- да «Дипломмен ауылға!» логотипімен айдарлар жұмысын жалғастыруда. Одан басқа БАҚ- тар жас мамандарды ауылға тарту мен орнықтыруға бағытталған барлық тәжіриебе жүзіндегі іс –шаралар , кездеслер , отырыстар мен әлеуметтік жобаларды үнемі жариялап отырады .
Мәселен , «С дипломом в село» («Республика .кз 02.02.2012ж), «Дипломмен ауылға , патриоттар баруда!» («Дала мен қала» 06.02.2012 ж), «Дипломмен ауылға!» жобасы жалғасын табуда» , («Алаш айнасы» , 16.03.2012 ж), «Түлектер ауылға барады» («Егемен Қазақстан» , 17.04.2012ж), «Дипломмен ауылға!» («Егемен Қазақстан», 24.04.2012ж), «Добро пожаловать , молодой специалист!» («Казахстанская правда»,23.05.2012 ж), «Жас мамандар ауылға аттанады» (Айқын» 01.06.2012ж) «Стимул для молодых» («Страна и мир», 04.06.2012ж), «Наше будущее – в наших руках» («Известия –Казахстан», 04.06.2012ж), «С дипломом в аул» («Аргументы и факты», 04.06.2012ж) сондай –ақ басқа да кеңейтілген материалдар бар.
Сондай –ақ ,жетекші баспасөз беттерінде бұл бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Информатик және басқару институтының директоры , прфессор , математика ғылымдарының докторы М.Калимодаевтың («Аргумены и факты» , 25.01.2012 ж), «Қаржылық қолдау қоры» АҚ департаментінің директоры М.Тоқпайдың («Айқын» ,15.03.2012ж), «Нұр Отан» ХДП-ң «Жас Отан» жастар қанатының сарапшысы Б.Кәдірқұловтың («Егемен Қазақстан, 28.04.2012ж), Қазақстандағы халықаралық жастар дипломатиялық лигасының жетекшісі Ж.Долиевтің («Нұр Астана» , 10.05.2012ж), аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Д.Гарифуллинаның («Арқа ажары», 19.06.2012ж) пікірлері мен сұхбаттары жарияланды.
2012 жылғы бірінші жартыжылдықтың Медиа – жоспарын жүзеге асыру қорытындылары бойынша републикалық БАҚ –да 65 сюжет , 100 мақала , 35 ақпараттық материал жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жасыл ел» Жастар еңбек отрядының республикалық штабы Студенттік құрылыс отрядының республикалық штабымен біріге отырып , жыл сайынғы еңбек маусымының ашылу рәсімін өткізді .
2012 жылғы «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының 12 000 сарбазын республикалық бюджет қаражаты есебінен толық жұмыспен қамту жоспарланды. Сондай –ақ , 2012 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының 12 000 сарбазын республикалық бюджет қаражаты есебінен арнайы киім – кишекпен қамтамасыз ету көзделді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен денсаулық сақтау саласының , оның ішінде ауылды жерлерде мединициналық кадрлармен қамсыздандырылуы мәселесін шешу үшін мүдделі мемлекттік органдармен біріге отырып , төмендегі шаралар қабылданған:
-2011 жылғы 24 қзандағы №487 – IV «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабы 17 тармағына 2011 жылғы мемлкеттік тапсырыспен медициналық мамандықтар бойынша білім алған түлектердің денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті түрде жұмыс істеуі туралы өзгерістер енгізеген.
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі , медициналық ЖОО-лардың ректорлары , облыстардың , Астана , Алматы қалаларының әкімдері арасында 2011-2013 жылдарға арналған түлектерді бөлу, жұмыспен қамту және бекіту мәселелері бойынша Меморандумға қол қойылды.
-ЖОО- да (жергілікті атқарушы органдары , денсаулық сақтау және емдеу алдын алу ұйымдарымен біріге отырып) түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу орталықтары құрылды .
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миниистрлігінің құрылымдық бөлімшелері 516 бұқаралық шаралар өткізген. Олардың ішінде ауыл жастарына арналған бос орындар жәрмеңкелері , дөңгелек үстелдер , семинарлар , жоғары оқу орындарының түлектері мен жұмыс берушілердің кездесулері де болды. Өңірлердегі жас мамандар үшін сйаттарда «Дипломмен ауылға!» айдарлары ашылған . Өңірлердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің сайттарында ай сайын жаңартылып отыратын бос орындар туралы мәліметтер орналастырылған .
Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген 2020 жылға дейін бұқаралық спортқа Қазақстан халқының 30℅, әсіресе ауыл жастарын тарту туралы міндеттерді орындау , сондай –ақ «Дипломмен ауылға!» жобасы жүзеге асыруды насихаттау мақсатында 2012 жылғы бірінші жартжылдықта 849 іс –шара өткізіліп , оның ішінде , елді -мекендерде -525; 80 978 адам тартылып , оның ішінде ауыл тұрғындары – 47 928 .
Облыстар әкімдіктерінің мәлңметтеріне сәйкес (1 қосымша) жалпы республика көлемінде мамандарды елді – мекендерге тарту бойынша 4347 іс –шара өткізілген . Оның ішінде БАҚ- да жарияланған материалдар – 965 ; газет беттерінде – 488 , телебағдарламалар – 199, радиодан сөйлеген сөздер 85 , ЖОО – ң баспасөз беттерінде – 50, сыртқы жарнамаларды орналастыру – 715.
Халықтың мақсатты топтарының арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ең белсенді жұмыс Павлодар (879 іс - шара) , Қостанай (688 іс – шара) , Шығыс Қазақстан (546 іс – шара) облыстарының әкімдіктерімен жүргізілді .
Осылайша , мәселен өзіміздің Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жобаны жалпы білім беретін мекмелерде іске асыру үшін ауылды жерлерге білімі салаларының мамандарын тарту мақсатында іс –шаралар жоспары әзірленіп , бүгінде әлеуметтік демографиялық топтар үшін әдістемелік құралдар шығарылуда . Сонымен қатар , зерттеуімізді жалғастыру барасында Алматы облысыны әкімінің сайтында www.zhetsu-gov.kz «Мемлекеттік бағдарламалар бөлімінде «Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы ақпарат орналастырылғандығын байқадық .
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Altaynews.kz», «YK- news.kz» ресми сайтында , қалалар мен аудандар әкімдерінің сайтында жоба туралы ақпарат орналастырылған , бос орындар туралы ақпарат жарияланғандығын байқадық .
Маңғыстау облысында жоба бойынша ақпарат облыс әкімінің munaily.kz орналастырылған . Бейнеу ауданынының аудан жастары сайтында www.beyneuzhastar.wordpress.com. «Дипломмен ауылға!» атты арнайы айдары ашылған . Облыстық ішкі саясат басқармасының және кешкі уақытта «Дипоммен ауылға!» жобасы бойынша ролик көрсетілді.
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандарының қатысуымен ЖОО түлектері бекітілген . Аудандардың әлеуметтік – экономикалық әлеуеті , ауыл тұрғындарының мәдени өмірі , жас мамандар үшін жеңілдіктер туралы хабардар ететін тұсаукесер роликтер даярланған .
«Дипломмен ауылға!» тақырыбында қазақ және орыс тілдеріндегі әртүрлі газет мақалалары арналады , мәселен «Звезда Прииртышья» газетінде «Обучать и дать работу » жарияланымы , «Сарыарқа самалы» - «Тіл мамандарына артуда» мақаласы , аудандық «Иртыш» газеті «Будущее в руках молодежи» аудандық «Баянтау» газеті – «Жас мамандар нәтижелі іс үстінде» және т.б.
Солтүстік Қазақстан облысында баспасөз БАҚ –да осы тақырыптағы материалдар «Дипломмен ауылға!» , «С дипломом в село!» , «Жас келсе , іске!», «Туған жерді жайнатар түлектерміз» айдарлары жарық көрген . Жарияланымдар елді –мекендерге жұмыс істеу мен тұру үшін келген әлеуметтік қолдау шараларының (маманларға біржолғы жәрдемақы төлеу, тұрғын үй құрылысына немесе сатып алуға бюджеттік кредиттер беру) тәртібін түсіндіруге бағытталған .
«Жас Отан» ЖК облыстық филиалында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелері мен Жобаның негізгі ережелерін түсіндіру үшін 49-30-57 нөмірі бойынша «қызые желі» жұмыс істейді . Әрбір аудандық филиалда қоғамдық қабылдау бөлмесі негізінде де кеңестер берілген. Одан басқа облыстық және аудандық газеттердің беттерінде «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында қолдау тапқан жас мамандардың ой –пікірлері жарияланып тұрады.
«Дипломмен ауылға!» жобасы облыстық «Молодежная –Жастар» газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде кеңінен насихатталады . Аталмыш газет www.zhastarsko.org. сайтын қолдайды .
Облыстық «Қазақстан –Петропавл» телеарнасында 2 рет «Ауыл» бағдарламасы шығып тұрады , оның аясында ауылды , облыстық агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері, оның аясында ауылды , облыстық агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері , оның ішінде «Дипломмен ауылға!» жобасының іске асу барысы көрсетіледі . МТРК арнасындағы «7+7» бағдарламасында «Дипломмен ауылға!» жобасының жас мамандарымен сұхбат жүргізу ұйымдастырылған .
Ауылды жерлерге жас мамандарды тарту мен орнықтыру бойынша жұмыс жастар ұйымдарымен белсенді түрде жүргізіледі .
«Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты 2012 жылғы 31 шілдеде басөз маслихатын өткізген . «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Утешов Н.С. мамандық бойынша жұмысқа орналасып , еңбек машығын алуға бірегей мүмкіндіктер беретін Үдемелі индустриялды –инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы , Бизнестің жол картасы – 2020 , Жұмыспен қамту -2020 , «Жастар тәжіриебесі» бағдарламасы секілді республикалық маңызы бар ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасу тетіктері , сондай – ақ «Жас Отан» ЖҚ іске асырып жатқан жастар бағдарламалары мен жобалары жайында әңгімеленген . Баспасөз маслихатына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстанның Ауыл жастары одағының өкілдері қатысты .
«Қазақстанның Ауыл жастар одағы» ҚБ 2012 жылғы 25- 29 шілде аралығында Ульянов облысында өткен «ДСҰ талаптарын ескере отырып агробизнес пен ауыл аймақтарын дамыту» Ресей ауыл жастарының ІІ Халықаралық форумына қатысқан .
РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің , РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің , РФ Қоғамдық палатасының , РФ Ульянов облысы Үкіметінің қолауымен ауыл жастар одағы оның ұйымдастырушылары болған .
Форумға Ресейдің 51 өңірінен 250 қатысушы жиналса , сондай –ақ , шет елден Германия , Змбия , Иран , Қазақстан және Федерация елдерінен өкілдер қатысқан.
«Қазақстанның ауыл жастар одағы» Қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Жанар Досымова біздің республиканы қкілдік еткен.
Форумның салтанатты ашылу рәсіміне жуырда таңайындалған Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрі Николай Федоров қатысқан. Сөз сөйлеген Николай Васильевич қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп , АӨК саласындағы инновациялық зерттемлер көрмесіне ұсынылған жас ғалымдардың зерттемелерімен танысып, оның қорытындылары бойынша Форумның бас серіктесі - «Росагролизинг» ААҚ ең үздік жобаларды атаулы стипендиялармен марапаттаған .
Форумның одан кейінгі жұмысы Ульянов облысының ең көрікті жері «Березка» турбазасында өтті, онда қатысушылар Волга өзенінің жағасында демала отырып , ДСҰ –ға кіру жағдайындағы агробизнес пен инновацияларды дамытудың ең өзекті мәселелерін қызу әрі белсенді түрде талқылады .
Форум аясында «Қазақстанның ауыл жастар одағы» ҚБ мен Ресей ауыл жастар одағының арасында тәжіриебе алмасу , әлеуметтік маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру , ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және т.б. салалар бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды . Ж.Досымова : «РАЖО қызметі көпқырлы , ресейлік әріптестердің қызметі көпқырлы , ресейлік әріптестердің қызметі ауыл жастарымен жүргізілетін жұмыстың идеологиялық бағытын қамтумен қатар , нақты АӨК – ні дамыту және елдің ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы жастардың рқліне де айрықша назар аударды . Қазақстан мен Ресейдің ауыл жастарының бірлескен ынтымақтастығы екі ұйым мен мемлкеттің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін» , - деп атап көрсетті.
Қазақстан ауыл жастар одағының өкілі ауыл жастарын қолдау саласындағы Қазақстанның тәжіриебесін ұсынды .Оның ішінде «Дипломмен ауылға !» жобасының сәтті жүзеге асуын атап айтса , оның арқасында елді -мекендерге 20 мыңнан астам әлеуметтік сала мамандарды тартылды , өз кезегінде бұл білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы кадр тапшылығы мәселесінің өзектілігін жоюға мүмкіндік берді . Қазақстан «ауыл ипотекасы» деп аталып кеткен кредиттеу бағытында баға жетпес тәжіриебе жинақтады , 5,5 мыңға жуық мамандар жеңілдетілген бюджеттік кредиттеу шарттары бойынша жеке баспанасымен қамтамасыз етілді . Форум мейманы , РФ қоғамдық палатасының мүшесі Соколов Александ Владимирович мырза: «Ресейге жастар саясатын жүзеге асыру , жастарға қолдау көрсету және жастарды қолдау бойынша республикада іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар саны бойынша Қазақстанға жетудің ауылы алыс» , - деп атап көрсетті .
Қатысушылардың атап өткеніндей , жалпы алғанда Форум өте жоғары деңгейде өткен . Форум қорытындылары бойынша қатысушы –мемлекеттердің үкіметтерінеФорумға қатысушылардың мәлімдемесі қабылданды .
«Дипломмен ауылға!» іске асыру барысындағы кеңінен жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұытары нәтижесінде басқа жылдармен салыстырғанда елді –мекендерге келген кадрлар ағынының лезде өсуінің дәлелі болатын оң қорытындыларға қол жеткізілді . Осылайша ауылңа келіп, жұмыспен қамтылған педагогтардың саны – 1,8 есе , дәрігерлер -2,7 есеге артты. Жобаны жүзеге асыру кезеңінің ішінде 2012 жылғы 1 тамыз жағдайында елді – мекенге барлығы 20891 әлеуметтік сала мамандары тартылды , оның ішінде , 15 589 адамды немесе 75℅ пайыз педагогтар құрайды, 4240 адам (20℅) – денсаулық сақтау саласының мамандары , 636 – мәдениет ,193 –әлеуметтік қамсыздандыру және 222 – спорт , сондай –ақ 11 ветеринария мамандары құрайды .









































1.4. Бөгетсай орта мектебінің жас мамандары туралы
Бөгетсай орта мектебінде «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша жас мамандар еңбек етеді. Олар: физика пәнінің мұғалімі Мустафин Ануар Ергазыұлы, психолог Сарсенбаева Асылзат , аға тәлімгер Джанкулова Азел Исатайқызы . Енді әр жас маман қазір нендей жетістікке жетті? Соған тоқталатын болсам,

Физика пәнінің мұғалімі Мустафин Ануар Ергазыұлы
(сурет-1)
1990 жылы қыркүйектің 23 күні Хромтау ауданы , Бөгетсай ауылында дүниеге келген. Ануар Ергазыұлы 2006-2010 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өте жақсы оқып, еңбек етуге туған жеріне «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша бүгінде физика пәнінен сабақ беруде. Ануар Ергазыұлы еңбек ете жүріп, ауылдың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтермелеп отырған азаматтың бірі. Олай дейтін себебіміз, Ануар Ергазыұлы жеке кәсіпкер. Ауылымызда жалғыз тойхана ашып, (сурет -3,4) ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Дарынды балалармен жүмыс жөніндегі жетекші және аға тәлімгер:
Джанкулова Азел Исатайқызы
(сурет-2)

1991 жылы 14 мамырда Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылында дүниеге келген. Азел Исатайқызы 2006 -2010 жылдар аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқып, одан әрі жоғары оқу орнына 2010-2013 ж арлығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап , бүгінде мектебімізде дарынды балалармен жүмыс жөніндегі жетекші және аға тәлімгер боп қызмет етіп жүрген жас мамандардың бірі. Азел Исатайқызы «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша көптеген жетістіктерді бағындырып үлгерді. Атап өтетін болсақ, 2012 ж Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған 20 жұлдызды күн атты Астана қаласында өткен (сурет -3) І Республикалық «Дипломмен ауылға!» жобасы форумының делегаты , 2013 ж Шымкент қаласында (сурет-4) өткен ІІ Республикалық форумының делегаты 2013 ж Елбасымен өткен «Жас Отан» жастар қанаты съезінің (сурет -5) делегаты болып, елбасымен жүздесіп келген. Азел Исатайқызы аталған жобаны насихаттау мақсатында әртүрлі кездесулерде БАҚ-на сұхбаттарын беріп, газет бетінде жарияланып жүр.
(сурет -6)

Психолог Сарсенбаева Асылзат

Сәрсенбаева Асылзат 1987 жылы дүниеге келген. Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институын аяқтап, Бөгетсай ауылына тұрмыс құрып, «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша еңбек етіп жатқан маманның бірі. Аталған жоба бойынша +1пайыз несиемен , үй алып бүгінде 2 баланың анасы атанып отыр.




















Физика пәнінің мұғалімі
Мустафин Ануар Ергазыұлы
(сурет-1)


























Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі жетекші Джанкулова Азел Исатайқызы (сурет -2)












Әнуар Ерғазыұлының ауылдағы тойханасы
(сурет-3)


















Зерттеуші Болатов Айдостың Әнуар Ерғазыұлының Бөгетсай ауылына «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша келіп , нендей жетістіктерге жетіп , ауылдың гүлденуі үшін қандай жұмыстар атқарғандығы жөнінде сұхбаттасу үстінде.

(сурет-4)










ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
2.1. «Дипломмен ауылға жобасы туралы не білесіз?» атты сауалнама
жұмыстары
Мектеп оқушыларынан жоғарыда аталған тақырып бойынша сауалнама жұмыстары алынды. Саулнама мақсаты: «Дипломмен ауылға!» жобасы туралы мектеп оқушыларының не білетіндігін , бұл жоба туралы қандай пікірде екендіктерін анықтау болды. Сауалнама сұрақтары төмендегідей болды:
1. «Дипломмен ауылға!» жобасы туралы не білесіз?
2.«Дипломмен ауылға!» жобасына қай саланың мамандары қатыса алады?
3.«Дипломмен ауылға!» жобасы қажет деп ойласыз ба?
4.«Дипломмен ауылға!» неліктен осылай аталған деп ойлайсыз?
5.Бөгетсай ауылында аталған жоба бойынша кімдер еңбек етіп жатқанын білесізбе?
6. Мектепті аяқтап , белгілі бір мамандық иесі болғанда аталған жоба бойынша ауылыңызға еңбек етуге келесіз бе? (неліктен?)
Жүргізілген сауалнама алдына қойған мақсатына жетті. Толығырақ тоқталатын болсақ, ауылдық жерде әлі де болса «Дипломмен ауылға !» жобасының маңыздылығын насихаттау қажет етеді. Сондай –ақ, оқушылардың аталған жоба туралы толық мағлұмат білмегендіктен жобада қандай сала бойынша еңбек етуге болатынын білмейтіндігі анықталды. Сауалнама жұмыстарының нәтижесі анықталып болған соң, мен мектеп оқушыларына жоғарыда аталған жас мамандармен яғни ұстаздарымммен біріге отырып, 9-11 класс оқушыларына «Дипломмен ауылға!» жобасының маңыздылығы туралы әңгімелеп, пікір алмастық. (сурет -7).























«Дипломмен ауылға жобасының жастар үшін маңызы!» тақырыбындағы ғылыми жұмысқа арналған
Сауалнама
Сауалнама мақсаты: «Дипломмен ауылға!» жобасы туралы мектеп оқушыларының не білетіндігін , бұл жоба туралы қандай пікірде екендіктерін анықтау.
1. «Дипломмен ауылға!» жобасы туралы не білесіз? (қысқаша түсініктемеңіз)____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. «Дипломмен ауылға!» жобасына қай саланың мамандары қатыса алады?________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.«Дипломмен ауылға!» жобасы қажет деп ойласыз ба? Неліктен?__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4.«Дипломмен ауылға!» неліктен осылай аталған деп ойлайсыз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Бөгетсай ауылында аталған жоба бойынша кімдер еңбек етіп жатқанын білесізбе? Білсеңіз аты –жөнін жазыңыз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Мектепті аяқтап, белгілі бір мамандық иесі болғанда аталған жоба бойынша ауылыңызға еңбек етуге келесіз бе?(нел
Теги: Жоба
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.