Тұздың құпиясы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Тұздың құпиясы

6-06-2015, 10:31
Автор: Зинат
Қарау саны: 7881
Пікірлер: 0
Версия для печати
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі




Жақсылық Жасұлан
4-сынып


Тұздың құпиясы


Бағыты: Адам және табиғат туралы ғылым
Секция: дүниетану
Жетекші:Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы, бастауыш сынып мұғалімі






Державин, 2015

Мазмұны

Абстракт 3-4
Кіріспе 5-6
Зерттеу бөлімі 7-19
1 Тұздың адам өмірінде алатын орны 7-15
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті 7-13
1.2.Тұздың денсаулыққа зияны 13-15
2 Менің тәжірибелерім 16-19
2.1.Адамға күніне қанша тұз керек? 16
/чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау/
2.2.Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар,
тыйымдар, аңыз әңгімелер 16-19
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар













Абстракт
Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау,
аңыз-әңгімелерді жаңғырту;
Зерттеуге болжам:
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
Зерттеудің өзектілігі: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.
Зерттеу нысаны: тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері
Зерттеу пәні: дүниетану
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау;
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру
Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:
дүниетану сабақтарында;
сыныптан тыс іс-шараларда;

Abstract
Aim research: benefit to the organ of man salt finding out thoroughly, opening that, and contradictory harmful side, to specify.
Duties research:
-Salts what is kinds, to acquaint;
-curative qualities -salts finding out thoroughly to specify;
-The salt is it proverbs and popular beliefs, that was touching talked, comfortably to take away, legend-conversations to renew;
Investigates prognosis : destruction salt man organ the impression finds out thoroughly designates, me increases productive executes accustoms lies oversalted lake opens, sanatorium opens much deposit touches is.
Object research: benefit of salt, curative quality and and other is features
Object research: attitude
Method-method research:
- information collects from periodic editions;
- statistical to data to lean;
- information collects from the internet;
it is an encyclopaedia, to the book to information to lean;
Investigates result and conclusion : the impression man organ exposes result country accustoms salted lake production place and sanatorium opens salt secret opens sits, give direction
Practical edge application of results:
attitude on lessons;
class on events;




Кіріспе
Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз - Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні менің тақырыбымның өзектілігі болмақ.
Менің осы тақырыпты алудағы мақсатым- тұздың адам өміріндегі пайдасын айқындап,қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру (Қосымша- 2)
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.



















Зерттеу бөлімі
1 Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті
Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.
Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Қаламқас апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. (Қосымша- 2) Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Рая апаймен кездесіп сұхбаттастым. (Қосымша- 2).Ол кісінң айтуы бойынша:
Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.
1. Басқа және денееге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.
2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегімеруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.
3. Зиянды жәндіктер шаққида, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны сорбақта деп атайды.
5. Іш іш кірнепсі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп ұлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды.
Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.
Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті қарайу құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:
Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.
Йодталған тұздың пайдасы .
Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.
Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.
Теңіз тұзының шипасы.
Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді
бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.
Цистит ауруына тұз шипа
Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды.
Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз.
Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10—15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3—5 грамм), нандағы (3—5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3—5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген.
Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ.
Тұз тұрмыс қажетінде Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға — 30—40 г) қосып қойыңыз. Сонда тұз дәмін де, түрін де жоғалтпайды. Және де тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз немесе біршым- шым күрішті салып қойсаңыз да тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді.
Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.
Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...
1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.
2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.
6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.
7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.
8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса,май ерімейді.
• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
• Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
• Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.

1.2.Тұздың денсаулыққа зияны.
Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым.Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.
1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.
2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.
3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады.
Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.
Тұз қан қысымына қалай әсер етеді?
Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану.
Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған.
Денеге тұз жиналса...
Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады.
Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі

2 Менің тәжірибелерім
2.1.Адамға күніне қанша тұз керек?
/чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау/
Осы жөнінен зерттеулер аз емес. Ғалымдардың пайымдауынша: тәулігіне 0,5-1 г аралығы. Ағза осы мөлшерде ғана сіңіре алады. Тұзға құмар орташа Американдық 15 - 30 есе артық жейді. Бүл қорқынышты керсеткіштің себебі, «дайын» тағамдардағы тұздың мөлшерімен тығыз байланысты. Бұл нанда, еттен жасалған, қалбырланған т.б. жүздеген тамақ құрамындағы тұзда. Американың оңтүстік штатында тұратын негірлердің қан қысымдары өте жоғары, себебі олардың тамағының негізі тұздалған шошқа еті. Мен Вирджиниде туып өстім, көптеген туыстарым қан қысымының жоғары болуынан зардап шекті. Олар инфаркт пен бүйрек ауруларынан мезгілсіз өлді, себебі тұздалған шошқа еті, сүрленген сиыр етіне құмар болды және тамақтарына тұзды көп салды. 30 жаска жетпей ылғи аурушаң, буындары илікпейтін. Осы халге жеткізген - тамақтарындағы тұздың көптігі.
Енді өзім сияқты балардың күнделікті өмірдегі кирешки және чипсы тағамдарындағы тұздың мөлшерін қалай анықтағанымды айтып кетейін.
Дүкеннен сатып алғанда осындай тағамдардың сыртқы қаптамасында яғни этикеткаларында көрсетілген тұз мөлшерінің айырмашылықтары әртүрлі болуы мүмкін.Бірқатарында натрийдің мөлшері ғана көрсетіледі.Мұндай жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болды. (Қосымша- 1)

2.2. Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар, тыйымдар,аңыз әңгімелер
Ырымдар
Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар. Мысалы, «Еңбегі – еш , тұзы-сор», «Қызды сөкпе, тұзды төкпе», «Нан мен тұз атсын», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса» т.б Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзді төгіп қойсан, өмірін ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласын деген ырым – тиымдар бар. Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласын деп жатады.Тұзды сатып беру деген қазақтың ырымында бар ғой негізі. Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды – сайтан
Аңыз-әңгімелер
«Ертеде ас тұзы таусылып,бір тайпа ел жаппай ауруға шалдығады.
Тұзсыз ас ішкендіктен адамдар ісіп-кеуіп,әлсіреп халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бір күні тұз артып келе жатқан керуенді көріп,керуен басшыға ауыл ақсақалы: «Тұзыңның құны қанша болса да біразын бізге сат»»,-дейді. Керуен басшысы келіспейді.Амалы таусылған ақсақал ауылындағы ақылды,әрі сұлу аруды көрсетіп, «Онда мына сұлу қызға айырбаста»,-депті.Қыздың ерекше сұлулығына таңданып,ғашық болып қалған керуен басшысы «Қыз үшін қанша тұз сұрайсыз?» депті.Ақсақал түйені шөгеріп,беліне бақан ағашты көлденең тастап,екі басына екі қауға байлап,бір басындағы қауғаға қызды отырғызып,екінші басындағы қауғаға «тұзыңды сал!»,дейді.Тұздың қымбаттылығы сондай,қыздың салмағын теңестіруге кеткен тұз мөлшерін көрген керуен басшы «Ойпырмай,тұз ауыр ма,қыз ауыр ма?» дегенді ертеректе қариялардан естуші едім,рас екен ғой деп мойындапты».
Тұз туралы хикая
Ертеде бір падишаһтың үш ұлы болыпты. Бір күні падишаһұлдарын шақырып: «Мені қалай жақсы көрсесіңдер? Ең мықты жауапқа бір сандық алтын берем»-деп сұрапты.Үлкені еш кідірместен: «Алтын, гауһарды қалай жақсы көрсем, сені солай жақсы көрем»,-дейді. Бұл жауапқа падишаһ қатты куанады.Ортаншы ұлы болса «Әкешім, тәтті тағамдарды, баклава, науат, халуаны қаншалықты жақсы көрсем, сені де соншалықты жақсы көремін»,-дейді.Бұл жауап та падишаһты марқайтып тастайды.Кезек үшінші ұлға келеді.Үшінші ұлы дереу жауап бере қоймайды.Біраз ойланып барып, барып былай дейді: «Мен сені тұз секілді жақсы көрем, әкешім!».
Бұл жауапқа ағалары іштері түйілгенше күледі.әкесі болса ашуланып: «Тұздан қадірлі еш нәрсе жоқ па еді? Бүгіннен бастап менің ұлым емессің!» деп кенже ұлын сарайдан қуып жібереді.Ал үлкен екі ұлына сандық-сандық алтын бергізеді.
Шарасыз қалған кіші ұлы тау-тас,шөлді кешіп, бір ауылға кезігеді.ауылдағы үйдің біріне келіп,есігін қағады.Есікті қартайған бір кемпір ашады. Кенже ұл оған басынан кешкендерін баяндайды.Қария болса, ұлға жаны ашиды.Сонан соң, «мен ешкімі жоқ кәрі адаммын, бұдан былай сен маған ұл бол»,-дейді.Кіші ұл тілегін дереу қабыл етеді де, сол үйде тұрақтап қалады.
Күн артынан күн жылжып, ол жердің патшасы қартаяды да, өзінің орнына лайықты тақ иесін сайламақ болады.алайда ол жердің патшасының ұл баласы жоқ екен. Сол себептен патша: «Мен халықтың арасынан мұрагер таңдаймын.Сарайымнан бақыт құсын ұшырам.Ол кімнің басына қонса, сол тағымның иегері атанады»,-деп жария еткізеді.Бүкіл халық алаңға жиналады. Кенже ұл да өзінің бағын сынап көрмекке халық топтанған жерге келеді.Патша ұшырған бақыт құсы баланың басына кеп қонады.
Кенже ұл өте ақылды болғандықтан көп өтпей-ақ табысқа кенеле бастайды.Халық та оны қатты жақсы көреді. Мемлекеті гүлденеді.Кіші ұл бір күні әкесіне хат жіберіп,оны өз мемлекетіне шақырады.Бірер күннен кейін әкесі оның мемлекетіне келеді, бірақ ұлын танымайды.Сарай аспаздары бұл қадіріл қонақ үшін дәмді тағамдар пісіреді, бірақ ешбіріне тұз қоспайды.Әке падишаһ тағамдардың ешбірін жаратпайды да, кіші патшадан: «Сіздің патшалықта тұз жоқ па еді?»,- деп сұрайды. Ұл болса «Жоқ.Керісінше бүкіл дүниеге тұзды біз жөнелтеміз.Бірақ естуімше сіз тұзды ұнатпайтын көрінесіз»,-дейді.Әкесі болса «Жоқ, сізге жалған айтқан ғой,әйтпесе тұзсыз астың дәмі бола ма?» -деп жауап береді.Сол кезде кіші ұлы «Кіші ұлыңыз сізді тұз секілді жақсы көремін дегенде оны сарайдан қуып жіберген көрінесіз,сол рас па?» -деп сұрайды. Осыдан соң падишаһ өз ұлын танып, қателігін түсінеді.көздерінен ыстық-ыстық жас төгіліп, әке мен ұл осылайша табысады.
Мақал – мәтелдер
1.Ас тұзбен дәмді,
Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.
2.Түйе «тұз» деп қартаяды,
Бойдақ «қыз» деп қартаяды.
3.Астың дәмі – тұз,
Тұзды уыстап жемес.
4.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.
5.Ет сасыса тұз себер,
Тұз сасыса не себер?
6.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
Май түспес қара суды піскенменен.
7.Тұз-астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
8.Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
9.Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
10.Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
11.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
12.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек.




Қорытынды
Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. ыЕліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік. Әйтеуір жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырып, денесінің пісіп-жетілуін жақсартудан бастап, тұздың өмірімізде қажетті кезі көп.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Дүниетану : жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова.-Алматы : Алматыкітап баспасы,2014.-132б.,сур. ISBN 978-601-01-1710-5
2.Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет, Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997, Қазақ энциклопедиясы I том
3. Мұхиттар мен өзендер –Алматы: «Аруна » баспасы.-32 бет.-Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» ISBN 9965-26-441-4
4. География және табиғат /Ғылыми педагогикалық журнал/қаңтар-ақпан 2012,№1
5.Зердеңізге тоқыңыз. Жинақ. /Құрастырушы:Т.Б.Әділжан- Көкшетау,2011ж264б ISBN 978-601-80159-8-4
6.Оқушылардың қысқаша анықтамалығы.5-11 сынып.Авторлар мен құрастырушылар: П.И.Алтынов, П.А.Андреев, А.Б.Балжи және басқалары.
1 басылым.-М.:Дрофа, Алматыкітап 2004-752бет, суретті.
7.Химик анықтамалығы №5/43/-2014 Республикалық ғылыми –танымдық педагогикалық журнал
Қосымша-1 Менің тәжірибелерімнен көрініс
Қосымша-2 Менің тәжірибелерімнен көрініс












Ақмола облысы, Жарқайың ауданы,
Өмірлік орта мектебінің 4-сынып
оқушысы Жақсылық Жасұлан
«Тұздың құпиясы»
атты ғылыми жұмысына

Пікір
Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.
Жасұланға бұл жұмысты таңдап алуға 3-сыныпта дүниетану пәнінен өткен «Тұз» тақырыбы себеп болған. Тұздың түрлері мен емдік қасиеттері және зиянды жақтары, сонымен қатар еліміздегі тұздыкөлдердің игерілмей жатқандығы оқушы қызығушылығын туындатқан.
Зерттеу жұмысында Жасұлан әр түрлі ақпараттар жинай отырып, ғаламтордан қызықты мәліметтер алып, тұзға қатысты ырымдар мен тыйымдар, аңыз-әңгімелер іздеген. Іздену барысында өз оқушымның көптеген қызықты ақпараттарға тап болып, тұздың денсаулыққа тигізетін әсерін нақты айқындай білгені мені қатты қуантты.
Болашақта Жасұлан осы ғылыми жұмысты әрі қарай дамытып, ізденіп әлі талай қызықты дүниелердің құпиясын ашатындығына сеніммен қараймын.

Жетекшісі: Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі





Қосымша-1
Менің тәжірибелерімнен көрініс
1-тәжірибем:
«Чипсы» тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау

2-тәжірибем:
Дүниетану сабақтарында сыныптастарыма тұздың түрлерін таныстыру сәтімнен көрініс



Қосымша-2
3-тәжірибем:
Мектеп аспазшысы Омурзакова Қаламқас апаймен сұхбаттан көрініс


4-тәжірибем:
Мектеп медбикесі Бегалина Рая апаймен сұхбаттан көрініс


 
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.