Ұсақ моншақтардан панно жасау » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Ұсақ моншақтардан панно жасау

Ұсақ моншақтардан панно жасау

22-04-2015, 15:17
Қарау саны: 2526
Пікірлер: 0
Версия для печати
№ 47 М.В.Ломоносов атындағы қазақ орта мектебі













Ашық сабақ
Ұсақ моншақтардан панно жасау




Сыныбы: 4''Б''
Пән мұғалімі: Абдирова Л














2015-2016 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан панно жасау
Сабақтың мақсаты : а) Білімділік міндеті; Оқушыларға моншақ туралы, оның түрлері, ерекшелігі, қолданылуы жайлы түсінік беру, ұсақ моншақтардан панно жасауды үйрету.
ә) Дамытушылық міндеті; Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік міндеті; Қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа,әсемдікке баулу.Қауіпсіздік сақтау ережелерін ескерте отыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дайын бұйымдар,үлгілер
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары жайлы түсінік.Қағаздан домбыра пішінің жасау.
Үй тапсырмаларын жеке-жеке аралап тексеріп шығамын.Жақсы жасалған
жұмыстарды мадақтау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Қазақша бисер су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп атайды. Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикалық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады.
Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Финикалық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, маргенец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан-жасалған маржан.
Үсақ моншақтардан алқа,сырғалар жасап,әр тұрлі киімдерді безендіруге қолданады.Сондай-ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып,панно жасауға болады.
Қайшымен және желіммен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелері:
-Қайшыны дұрыс ұста.
-Қайшыны қорапқа салып қой.
-Қайшыны ашық күйінде үстелдің үстінде қалдырма.
-Қайшыны жабық күйінде сап жағын қаратып ұсын.
-Желімді мұқият қарап жағу керек.
-Желімді ауызға салуға болмайды.

Жұмыстың орындалу реті:
1 Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламы.
2 Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып,кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.
3 Гүл себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек,жұлдызша,жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.
4 Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.

Сабақты қорыту
1 Египетте алғашқыда бисерді қалай атаған?
2 Бисер деген сөз қандай мағананы білдіреді?
3 Бисер қандай заттан жасалған?

Үйге тапсырма:
Бағалау:
Жұмыс орнын жинақтау.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.