Ерік күшің мықты болсын. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Ерік күшің мықты болсын.

Ерік күшің мықты болсын.

4-02-2015, 20:03
Автор: Бақыт
Қарау саны: 897
Пікірлер: 0
Версия для печати
Ерік күшің мықты болсын.
Күнделікті тұрмыс-тіршілікте адамдардың сан алуан жағдайларға тап болуы, оған әр түрлі әсерленуі, соған сәйкес сөзімен, іс-қимылымен жауап беруі немесе, бас салып қайғы-мұңға батуы, еш әрекетсіз, дәрменсіз күй кешуі мүмкін.
Мұның бәрі ең алдымен, адамның қаншалықты сезімтал, ерік күші қаншалықты мықты, әлсіз, соған тығыз байланысты. Және де кімнің ой-өрісі, таным-түсінігі қандай дәрежеде, ол адамның әсерленуі мен соған орай іс-әрекет жасауында айрықша орынға ие.
Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтарды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдардың бүкіл қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар: еріксіз әре-кеттер (түшкіру, жөтелу, т.б.); ерікті әркеттер. Солардың ішінде ерікті әрекеттер қарапайым қозғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты)
бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәріз-ді), күрделі тарихи қызметке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.
Кез-келген парасатты адам ең әуелі, өзінің ерікті әрекетінің мақсатын белгілеуге тиіс. Ол ниет немесе тілек түрінде жүзеге асады. Тілекте келешекте атқарылатын іс-қимыл-ойға бекиді. Ниетте де солай. Сосын іс-қимылдың жоспары жасалады. Зерттеушілердің айтуынша, әрбір адамның өзіне тән ұнамды, ұнамсыз ерік саналары болады. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық.
Еріктің ұнамсыз қасиеттері: өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.
Ерік күшінің қозғаушысы – сезім. Барлығына немқұрайлы қарайтын адам үлкен ерік иесі бола алмайды. Ал өз сезімдерінің құлы болушылар ерік иесі емес, ынжық жандар. Ерік күшін қару етіп соғыстарда ерлік көрсеткендерде Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен дұшпанына деген өшпенділігі, шектен асқан ұстамдылығы бір-бірімен ұштаса білді, олар ойланып, бәрін де ақыл таразысына салып іс-қимыл жасады.Адам қабілетінің қайнарын зерттеуші әрі жазушы Виктор Пекелис: «Ерік деген кездейсоқ таңдаған мақсатқа көзді жұмып, қиындығына төзіп ұмтыла беру емес, ол мақсатқа лайық және ақылға қонымды, өзіңе де, қоғамға да пайдалы істі көздеп, соны жүзеге асыруға тырысу, кедергілерді жою бағдарламасын сабырлы да салиқалы түрде қолдану, әрқилы кезеңде үйлесімді шешім қабылдау», - дейді. Иә, адамның ерік күші ақылмен, терең сезіммен ұштасуға тиіс. Сонда ғана ол жемісті болады.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.