Биологиядан олимпиада тапсырмалары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Биологиядан олимпиада тапсырмалары

Биологиядан олимпиада тапсырмалары

15-01-2015, 01:54
Автор: Гүлжанат
Қарау саны: 4236
Пікірлер: 0
Версия для печати
Биологиядан олимпиада тапсырмалары

9-сынып. Биология
1. Биік таулы жерде «тау ауруы» дамиды. «Тау ауруын» емдеу үшін лимон немесе аскорбин қышқылын пайдаланады. Неліктен?
2. Блиц сауалдарға жауап беріңіз:
А. ИТИС вирусы ... паразиті
Б. Адам ағзасының қай бөлімінде жасунық ыдырайды?
В. Дем шығарғанда өкпеден ауа шығарылады, себебі...
Г. Шықшылдықтың өсетін жері...
Д. Қан жасалатын мүшелер:
Е. Қарын сөлінен қарын қабырғасын қорғайды...
3. Сүтқоректілердің түктерінің түсі түбінен жоғарыға қарай түрліше болады. Түп жағы бір түсті, ортаңғысы басқа түсті, ал жоғарғысы тағы басқа түсті болып келеді. Түктерінің түсі өсу барысында неліктен өзгереді? Қандай тәжірибе арқылы дәйектей аласыз?
4. ХІХ ғасырда обырды емдеуде ауруға өлі бактерияның қоспасын егу әдісі қолданылған. Бұл әдістің механизмін түсіндіріңіз және неліктен осы әдіс қайта қолданысқа ие болды?
5. Топырақ бактериялары мен саңырауқұлақтар кейбір ерімейтін заттарды (хинин, жасунықты) тұтынатыны белгілі. Бұл заттарды ыдырататын ферменттер осы заттар жақын орналасқанда барып синтезделе бастайды. Саңырауқұлақтар мен бактериялар бұл заттардың қоршаған ортада бар екенін қалай біледі?
6. Белгілі бір биоценозда гүлді өсімдіктердің үш түрі бар. Олардың бір-бірінен ерекшелігі:
А. А туысының өсімдіктері бунақденелілер арқылы тозаңданады;
Б. В туысының өсімдіктері жел арқылы тозаңданады;
В. С туысының өсімдіктері өздігінен тозаңданады. Бірдей тіршілік жағдайында қай өсімдіктердің түр саны көп болады? Дәлелді жауап беріңіздер.
7. Адамның тік жүруінің пайдалы екені белгілі. Бірақ оның адам үшін зияны да бар. Қандай зияны бар екенін айтыңыздар.
10- сынып. Биология
1. Табиғатта өзінің денесінен бірнеше есе үлкен организмдермен қоректенетіндер бар ма? Егер бар болса, оларға сипаттама беріңіз.
2. Бір түрге жататын өсімдіктің екі іріктемесінің өздеріне тән белгілері бар. Осы іріктемелерді будандастырғанда бірінші ұрпақтың өзінде фенотипі алуан түрлі болған. Неліктен?
3. Блиц сауалдар. Терминдерге анықтама бер
А. Гипокинезия
Б. Сфинктер
В. Цитоскелет
Г. Глюкокортикоидтар
Д. Пандемия
Е. Хоаноциттер
4.Адам жүрегінде қарынша мен қолқадағы қан қысымының уақытқа тәуелділігін көрсететін график сызыңыз. Графикте жүректің қақпақшасының ашылу және жабылу кездерін көрсетіп, түсініктеме беріңіз.
5. Табиғатта өсімдіктерден өздігінен гибридтер жиі түзіледі де, ал жануарлардан гибрид түзілу құбылысы өте сирек. Неліктен?
6.Суреттегі өсімдікке толық сипаттама бер.








7. АаСс генотипі бар дарақта АС және ас гендерінің айқасу арақашықтығы 10 морганидке тең. Қандай кроссоверлі гаметалар түзіледі?


11-сынып. Биология
1. ХІХ ғасырда обырды емдеуде ауруға өлі бактерияның қоспасын егу әдісі қолданылған. Бұл әдістің механизмін түсіндіріңіз және неліктен осы әдіс қайта қолданысқа ие болды?
2. Топырақ бактериялары мен саңырауқұлақтар кейбір ерімейтін заттарды (хинин, жасунықты) тұтынатыны белгілі. Бұл заттарды ыдырататын ферменттер осы заттар жақын орналасқанда барып синтезделе бастайды. Саңырауқұлақтар мен бактериялар бұл заттардың қоршаған ортада бар екенін қалай біледі?
3. Белгілі бір биоценозда гүлді өсімдіктердің үш түрі бар. Олардың бір-бірінен ерекшелігі:
А. А туысының өсімдіктері бунақденелілер арқылы тозаңданады;
Б. В туысының өсімдіктері жел арқылы тозаңданады;
В. С туысының өсімдіктері өздігінен тозаңданады. Бірдей тіршілік жағдайында қай өсімдіктердің түр саны көп болады? Дәлелді жауап беріңіздер.
4. Адамның тік жүруінің пайдалы екені белгілі. Бірақ оның адам үшін зияны да бар. Қандай зияны бар екенін айтыңыздар.
5. Табиғатта өсімдіктерден өздігінен гибридтер жиі түзіледі де, ал жануарлардан гибрид түзілу құбылысы өте сирек. Неліктен?
6. Суреттегі цифрлармен ненің берілгенін толық жаз.









7. АаСс генотипі бар дарақта АС және ас гендерінің айқасу арақашықтығы 10 морганидке тең. Қандай кроссоверлі гаметалар түзіледі?
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.