5-7 сыныптар аралығындағы мектепішілік пәндік олимпиада » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » 5-7 сыныптар аралығындағы мектепішілік пәндік олимпиада

5-7 сыныптар аралығындағы мектепішілік пәндік олимпиада

21-03-2015, 00:25
Автор: Almagul
Қарау саны: 4091
Пікірлер: 0
Версия для печати
5-7 сыныптар аралығындағы мектепішілік пәндік олимпиада
I тур шығарма жазу
7-сынып

6. Жазба жұмысты бағалау тәртібі-10 ұпай
7.Әдеби материалды пайдалану деңгейі-10 ұпай
8.Шығарманың жаз ызылу стилі мен тілі -10 ұпай
9.Тыныс белгілері(пунктуация) -10 ұпай
10.Емле (орфография)- 10 ұпай
Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы -50

Шығарманың тақырыптары
1.Тіл-ел байлығы
2.Туған жер- тұғырың
3.Ана-өмірдің гүлі, тіршілік басы










5-7 сыныптар аралығындағы мектепішілік пәндік олимпиада
I тур шығарма жазу
7-сынып

6. Жазба жұмысты бағалау тәртібі-10 ұпай
7.Әдеби материалды пайдалану деңгейі-10 ұпай
8.Шығарманың жазылуыстилі мен тілі -10 ұпай
9.Тыныс белгілері(пунктуация) -10 ұпай
10.Емле (орфография)- 10 ұпай
Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы -50

Шығарманың тақырыптары
1.Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте
2.Достық- таусылмас қазына
3.Ана тілім –асыл қазынам










1-билет
1.Бұл үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген ,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Авторы кім және ол туралы не білесің?
2.Әдеби тіл нормалары
3.Фонетикалық талдау жаса
Жайлау-қыстаудан алыс,шалғай жатқан даладағы қоныс


2-билет
1.Абайдың қара сөздері
2.Зат есімнің түрленуі
3.Морфологиялық талдау жаса
Толқындар жабуды бүлк-бүлккөтеріп,суға батырмайды


3-билет
1.Ж.Аймауытовтың «Әнші »әңгімесіндегі әнші бейнесі.
2.Үстеудің мағыналық түрлері
3.Фонетикалық талдау жаса
Кең көшеде су жорғаны тайпалтып жалғыз аттылы келеді.


4-билет
1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырының тақырыбы,идеясы
2. Есімдіктің түрленуі
3. Морфологиялық талдау жаса.
Көксерек жалт беріп,жотаның тасасына түсе сала,сайды жалбылап,жоғары қарай салды


5-билет
1.Шешендік сөздердің мәні мен маңызы
2.Осы шақтың түрлері
3.Фонетикалық талдау жаса
Құнанбай –оқуды ,білімді зор бағалаған адам

6-билет
1.Бір өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Авторы кім және ол туралы не білесің?
2.Етістіктің райлары
3.Морфологиялық талдау жаса
Көкпен тілдескен тау жоталары өзінше бір ғажайып дүние.

7-билет
1.Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жете ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным,көп болды-ау
Саған да менің арманым.Авторы кім және ол туралы не білесің?
2.Өткен шақ.Түрлері
3.Морфологиялық талдау жаса
Баяғыда Қаратау алқабындағы жазықта Сабан төбелі ескі үй тұрды.




8-билет

1.Лиро-эпостық жырлар
2.Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
3.Фонетикалық талдау жаса
Аспаннан күн сәулесі түскенде ,біз оны аппақ жарық ретінде көреміз.


9-билет

1. «Аягөз,қайда барасың?!»өлеңінің авторы кім,ол туралы не білесің?
2. Сын есімнің шырайлары
3. Морфологиялық талдау жаса
4. Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды
10-билет
1.Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт ,дел-сал ғып,
Түн басады салбырап Өлеңінің авторы кім және ол туралы не білесің?
2.Осы шақ,Түрлері.
3.Фонетикалық талдау жаса
Бұл жазда Көксерек қатты семіз болды.

11-билет
1.С.Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінің тіл көркемдігі.
2.Мәтін
3.Фонетикалық талдау жаса .
Жетіқарада жер-жерге ат шаптырылып хабар берілген үлкен жиын өтті.

12-билет
1.«Кансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім және ол туралы не білесің?Шендестіру.
2.Есімшенің жасалуы мен түрлері
3.Морфологиялық талдау жаса
Бекбол күңгірт қарағай ішін аралап келеді.


13-билет
1.Түнеу күнгі кеткеннен
Ғали,жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?Өлеңнің авторы кім?Арнау және оның түрлері.
2.Еліктеу сөздің түрлері.
3.Морфологиялық талдау жаса
Есіл ағысының жасырын күшін сен суына сүңгігенде ғана көресің.

14-билет

1.Махамбет Өтемісұлы кім?Өмірі туралы не білесің?
2.Сабақты етістік пен салт етістік.
3.Фонетикалық талдау жаса.
Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады


15-билет

1.Мұхтар Әуезов кім?Өмірі туралы не білесің?
Тақырып пен идея.
2.Тұйық етістік.
3.Фонетикалық талдау жаса.
Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.