«Мұғалім ... Қоғам...Қызмет... Бейімділік...» » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » «Мұғалім ... Қоғам...Қызмет... Бейімділік...»

«Мұғалім ... Қоғам...Қызмет... Бейімділік...»

12-01-2016, 21:14
Автор: Гүлдер
Қарау саны: 481
Пікірлер: 0
Версия для печати
Гүлдер Елтайқызы Шаймердинова Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Пеньково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Эссе «Мұғалім ... Қоғам...Қызмет... Бейімділік...» Өмірдегі барлық өзгеріс, барлық жаңалық, барлық құндылықтың өзегі адам болатын таразының екі ұшы - «мұғалім» әрі «қоғам». «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы»,- деген мына шумақпен келіспеу мүмкін емес, әрине. Біз өмір бойы: табиғат, өзіміз, басқалармен үйлесімді өмір сүргенді қалаймыз. Бұл- даусыз дүние. Сондықтан таңдаған мамандығымыз мүмкіндік, сұраныс пен талабымызға толықтай жауап бере алатындай болғанын қалаймыз. Мамандық таңдау мен үшін қиын болды дей алмаймын. Себебі өмір бойы көз алдымда пірлерім - әкем мен шешемнің бейнесі тұратын. «Ұстаз деген ардақты ат» деген ұлағатты сөзді ұстанымым етіп алға тартқан аға буын мұғалімдеріне қарап бой түзеуді өзімнің басты мақсатым деп санаймын. Қазіргі кезде мұғалімнің қоғам, адамдар алдындағы жауапкершілігі қаншалықты жоғары деген сауалды қойып, жоғары білікті, етене жақын әрі сүйікті адам – әкемді еске алып мен «мұғалім» мен «адам» деген екі түсінікті бөліп алып талдау керек пе деген ойға қалдым. Мұғалім – өте тамаша мамандық, ол уақытқа да, өзгеріске де бой алдырмайды. Көне заманнан келе жатқан бұл мамандықққа деген сұраныс бүгінгі таңда өзектілігін жойған емес. Өмірдің заңдылығына сай өмір өзгереді, сол себепті мұғалімнің де өзгеріске түсуі заңдылық. Ертеректе мұғалім деген түсінік тек мектепке қатысты жұмсалса, қазіргі кезде бұл мамандықтың өрісі кеңейген. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Дегенмен, жоғарыда айтылған ойды жалғастыра отырып айтарым, ұстаз - тек бала тәрбиесімен ғана шектеліп қоймай, қоғамдағы өз орнын ойып тұрып алатын, белгілі биігі, жетер асуы бар қоғам мүшесі. Мұғалімнің қоғам алдындағы бастапқы мақсаты – білім беру. Педагог сабаққа қатысты әдіс -тәсілмен ғана шектелмей, барлық оқушыны білім беру үрдісімен қызықтыра алу үшін түрлі амал қолдануы тиіс. Басқаларды оқыта отырып мұғалім өзі де біраз дүниеден мағлұмат алады.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.