Жалпы күш дайындығы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Жалпы күш дайындығы

5-11-2016, 16:37
Автор: әділ
Қарау саны: 250
Пікірлер: 5
Версия для печати
Астана қаласы №70 лицей
Дюненбаев Ардақ Алимханович
Тақырыбы: Жалпы күш дайындығы Мақсаты: 1. Оқушылардың күш қуатын дамытуға арналған жаттығулар түрлерін үйрету. Міндеті: 1.Оқушылардың күш-қуатын дамыту. 2.Оқушылардың жан-жақтылығын дамыту. 3.Дене сымбатын қалыптастыру. Әдістері: 1. Айналмалы жаттығулар  Құралдар: Гимнастикалық матылар ,гимнастикалық таяқтар , керме, ұзын орындықтар, 1кг-дық доп. № Сабақтың мазмұны Жүктеме, уақыт мөлшер Әдістемелік нұсқаулар I Кіріспе бөлімі 17мин Сапқа тұрғызу, рапорт беру .Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын хабарлау . Саптық жаттығулар: а) оңға,солға, кері бұрылу . Аяқтын ұшымен, өкшемен жүру , табаның ішімен , сыртымен жүру. Спортық жүріс, жүгіру, оң жағымен , сол жағымен қолды жоғары көтере айналдыра жүгіру жатығулары. 5мин Саптық жаттығуларды дұрыс орындау. Мұғалімнің бұйрығын нақты орындау. 1 2 3 4 Адымдап жүгіру. Екі аяқпен алдыға секіру. Отырып алдыға секіру. Бір аяқпен оңға, солға секіру. 5мин Қайтып келе жатып тынысын қалпына келтіру. Гимнастикалық жаттығулар. 1 «Таяқпен» Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстап тұру. 1дегенде таяқты жоғары көтеріп созылу. 2-дегенде таяқты төмен түсіріп демді шығару. 10рет Аяқтың ұшына дейін көтерілу арқылы тыныс алу. 2 Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстау. 1,2,3,4 мойынды оңға айналдыру. 1,2,3,4 солға айналдыру 10рет Жаттығуларды дұрыс орындау. 3 Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстау. 1-де таяқ кеудеде. 2-де таяқты жоғары көтеріп тұру. 3-де таяқ кеудеде . 4-де таяқ төменде. 10рет Жаттығуды дұрыс нақты орындау. 4 Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстау. 1-де таяқты жоғары көтеріп созылу. 2-де бастапқы қалып. 3-4келесі сол аяқты созып тұру. 10рет Аяқты алма кезек ауыстыру. 5 Бастапқы қалып таяқ желкеде. 1-де оңға денені бұру . 2-бастапқы қалып. 3-солға бұрылу 10рет Бұрылғанда баппен бұрылу, тыныс алу. 6 Бастапқы қалып таяқ желкеде. 1-2-де денені оң жаққа еңкею . 3-4 сол жаққа еңкею. 10рет Еңкейгенде денені дұрыс ұстау қажет 7 Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстау. 1-де секіріп таяқты кеудеде . 2-де таяқ кеудеде. 4-те таяқты төмен түсіру. 10рет Таяқпен жаттығулар орындағанда секіріп тұру. 8 Бастапқы қалып таяқты қолмен төмен ұстау. 1-де таяқты жоғары көтеру. 2-3-де алдыға еңкею. 4-бастапқы қалып. 10рет Еңкейгенде тізені бүкпеу. II Сабақтың негізгі бөлімі 25мин 1 Оқушыларды сапқа тұрғызып , 4 топқа бөлу. 2мин А 1кг допты ұзындыққа лақтыру 5мин Қолды дұрыс ұстап. Тізесін бүгкпей аяқты созу. Б Денені көтеру жаттығулары (пресс) 1 Шалқасынан жатып ,аяқты бүге отырып , денені көтеру. 5мин Бастапқы қалып оқушы матыда жатады ,тізесі бүгілулі, қолын айқастыра кеудеге қояды,екінші оқушы аяғын басып ұстайды, оқушы денесін көтереді. В Қолдың күшін, арттыруға арналған жаттығулар: Кермеде жартылай жатып тартылу. Ұзын орындықта қолды қойып,бүгіп жазу. 5мин Жартылай жатып қолдың күшімен тартылу. Денені түзу ұстау керек. Г Секірткішпен секіру. 5мин III Қорытынды бөлім 2-3мин Сапқа тұрғызу. Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма. Қоштасу. Сабақта жіберілген қателерді анықтау. Кермедегі жаттығуларды қайталау. Қолды бүгіп жазу.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (5)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.