Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығулар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығулар

Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығулар

20-04-2016, 23:44
Автор: bilimtime
Қарау саны: 535
Пікірлер: 0
Версия для печати

Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волейбол ойынына арналған арнайы жаттығуларды толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

А) Білімділігі: Өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін еркін меңгеру үшін қажетті білім беру.

Ә) Тәрбиелілігі: Денсаулығы мықты еңбекке жарамды болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Б) Дамытушылығы: Қозғалыстарды үйлестіру, кеңістікте бағдар ұстау, шапшаңдық - күштілік, қайраттылық және икемділік қабілеттерді дамыту.

Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ысқырық ,кедергілер т.б

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1.

Дайындық бөлімі

15 мин

 

 

Сыныпты қабылдап алу.

Сапқа тұрғызу,

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу. Оқушы мәлімет береді

Cабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2 мин

Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Арақашықтықты сақтау.

2.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

-Алға жүру;

-Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру;

-Қол белде өкшемен жүру; қол желкеде аяқтың сыртқы қырымен жүру

-Жартылай отырып жүру

2 мин

Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

 

Кеудені тік ұстау.Басты көтеріп ұстау.

3.

Жүгіріп келе жатқанда орындалатын жаттығулар

-Жеңіл жүгіріс;

-Тізені алға көтеріп жүгіру;

-Қолды артқа қойып,өкшені тигізіп секіру

-Аяқты жанға сермей жүгіру;

-Оң қапталмен қолды алға айналдыру;

-Сол қапталмен қолды артқа

айналдыру;

- Бір аяқпен секіру жане келесі аяқты ауыстыра секіру.

-Жеңіл жүгіріс.

3мин

 

Ара қашықтықты сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.

4.

Тыныс алу жаттығулары

-Қолды төменнен жоғары айқастыра көтере демді алып, төмен қарай қолды серпей жібере демді шығарамыз.(3 рет қайталау)

1 мин

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Аяқтың ұшына тұрып созылу керек.

5.

Жалпы дамыту жаттығулары

Бір орнында тұрып денені қыздыру жаттығулары

7 мин

Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.

6.

Негізгі бөлім

Оқушыларды бір сапқа тұрғызу;

Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығуларды оқушыларға түсіндіру. Алдымен кедергілер арқылы жасалатын жаттығулар .

1. Алға,артқа жүгіру жаттығулары.

2. Бір бүйірге тұрып, қолды жерге тигізу арқылы жүгіру жаттығулары.

3. Жүгіріп барып, кедергілерді айнала жүгіру.

4. Қолды жоғары ұстап, тізені баяу жазу арқылы денені допқа қарай бағыттап,жүгіру жаттығулары . Екі қол, кеуде және екі аяқ бірден үйлесімді қозғалысқа көшеді.

 

5.Бастапқы қалып негізінде ойыншының екі қолмен допты төменнен қабылдау тұрысы, қолды төмен қою арқылы алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезіндегі жүгіру жаттығулары. ANd9GcSpYoj07Z75uw5sOQHOGg_xAeJAPpOwZ96Hmqn7uzFH3cKVFEV-

ANd9GcTBNpPHdPfKFPtGdwfnj-wfSDenTR9Cc8uTWDI88WTvyzJazSI7

 

6. Қолды жоғары ұстап , екі аяқты бүгу арқылы волейбол сеткасының жанымен жүгіру.

7. Шабуылдау соққысы екпін алудан,

секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Аяқ пен қол үйлесімділігін орындап, секіру жаттығулары.

8. Тосқауыл қою жаттығулары. .

20-25 мин

 

 

 

Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Допты алақанмен қабылдауға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың тұрысына, допты қабылдауына мән беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау.

 

 

 

7.

Қорытынды бөлім

-Сабақты қорытындылау,

-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу,

тыныс жолдарын қалпына келтіру,

-Үйге тапсырма беру,

-Оқушыларды бағалау,

-Бір саппен спорт алаңынан шығару.

 

5 мин

 

 

 

Тыңдауын қадағалау.

Толық сапта тұруын қадағалау.

Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау.

Бір саппен шығуын қадағалау.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.