Спорттық ойын. Баскетбол. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Спорттық ойын. Баскетбол.

Спорттық ойын. Баскетбол.

19-01-2016, 11:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 616
Пікірлер: 0
Версия для печати

 

 

Спорттық ойын. Баскетбол.Астана қаласы №57 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі : Куандыков Ерлан Бейсенбекович

"Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,жаңаны табатын өнер”

Ж. Аймауытов.

В. А. Сухомлинский, кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы оқытушы деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса»,оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса сол жақсы ұстаз. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер– бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

·Оқыту негізін түсіну,оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін – өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

·Жүйелі ойлануға үйрету;

·Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;

·Оқу үдерісі үшін және өзін– өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

·тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістік ойлау қабілетінің болуы;

сандық технологиялар саласындағы құзіреттілік. Зерттеу сабақтары топтамасына тоқталып өтейін. Бірінші сабақта зерттеу жұмысын бастамас бұрын оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде көптеген оқушылар дене тәрбиесі пәнінің ұнайтынын жазыпты. Ал кейбір оқушылар дене тәрбиесі сабағын теория жүзінде де көбірек білгісі келетінін жазыпты. Алдағы уақыттарда аптасына болатын үш сабақтың біреуі теория жүзінде өтсе деген ұсыныстарын түсіріпті. Сауалнама нәтижелеріне қарап, бірінші сабағымды жоспарладым. Сабақты дайындық кезеңінен жалпыдамыту жаттығуларын өздеріне орындатудан бастадым. Сосын «капитанға доп берме» атты тренинг өткізу арқылы төрт топқа бөліп алдым. Баскетбол тақырыбы бойынша допты алып жүрудің түрлері, бір – біріне доп берудің түрлері, қорғаныстан өтудің түрлері, допты торға лақтырудың түрлері бойынша тапсырмалар бердім. Алдымен топ ережелерін құруды тапсырдым. Олар білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз, «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз, ашық айтамыз, бір –бірлеп сөйлейміз, бір –бірімізді тыңдаймыз, бір –бірімізді ұғынуға тырысамыз, өзгелердің сезімін сыйлаймыз, бір –бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) деген сияқты ережелерді құра бастады. Оларға таңғалғаным мен айтпастан өздерінің ұялы телефондары арқылы ғаламторға кіріп,өздеріне керекті мәліметтерді іздей бастады.Және әрқайсысы өздерінің білетін мәліметтерін ортаға сала бастады. Мен тек қана төрт топты кезек – кезек қарап, олардың жұмыстарын бақыладым. Жадыра дене тәрбиесі сабағында бұрындары көп көзге түсе бермейтін. Өзі отырған топта жақсы идеяларын айтып топты өзіне қарата білгені мені таң қалдырды, бұрын оның көшбасшылық қабілетін байқамағанмын. Топтар өз жұмыстарын қорғады және тәжірибемен дәлелдеуді де көрсетті. Қорғау кезінде басқа топтар сұрақтар қойып отырды. Гүлдана орынды сұрақтар қою арқылы көзге түсті. Және іс – тәжірибеде өзіде көрсетіп, допты меңгеруде жақсы қабілетінің бар екенін байқатты. Топтар өздері білетін мәліметтерімен бір – бірімен алмасты, келесі топтардан алған жаңа мәліметтерін қағаздарына түсіріп алды. Туындаған және айтылмай қалған сұрақтарға тоқталып, сабақты қорытындылап өттім. Сабақты бекіту үшін басқа топтардың қорғағандарын іс – тәжірибеде орындадық. Сабақ соңында оқушылар алдын –ала дайындалған критерийлер бойынша өздерін бағалады. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң алынған сауалнамада оқушылардың пәнге деген көзқарастарының бұрынғыданда жақсарғанын байқадым. Волейбол және басқа да сабақтарды осындай тәсілмен өткізу жайында ұсыныстарын жазыпты.

Сабақ жоспары

Сынып:

8-сынып

Пәні:

Дене тәрбиесі

Тақырыбы:

Спорттық ойын. Баскетбол.

Оқу мақсаты

Баскетбол ойыны арқылы өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін толық меңгеру үшін қажетті білім алады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушы қозғалыстар нәтижесін толық меңгереді,тепе-теңдік,ырғақ,дыбысқа тез және дәл жауап қайтарады,қозғалыстарды үйлестіріп,кеңістікте бағдар ұстайды.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Баскетбол ойыны арқылы өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін толық меңгеру үшін қажетті білім алады.

Көпшілік оқушылар:

Баскетболда доппен орындалатын іс-қимылдарды толық үйренеді.

Жекелеген оқушылар:

Баскетболда қозғалыстар нәтижесін толық меңгереді,тепе-теңдік,ырғақ,дыбысқа тез және дәл жауап қайтарады,қозғалыстарды үйлестіріп,кеңістікте бағдар ұстайды

 

Кезеңдер

уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Бағалау

Ресурстар

Сабақты бастау

 

1-Тапсырма Рефлексия.

Сапқа тұру, мұғалімді мұқият тыңдау.

 

 

Кіріспе

 

15 минут

5 минут

 

1.Үй тапсырмасын пысықтау. ЖДЖ орындау. 2 Қай жыл мезгілінде туғанына байланысты төрт топқа бөлдім. 3.Топ ережелерін құруды тапсырдым.

1.Үй тапсырмасын тексеріп өттім. Оқушылар топпен ЖДЖ жасайды. 2.Сыныпта ынтымақтастық қалыптасады. 3.Әр қайсысы өз ұсыныстарын айтады.

 

 

Негізгі бөлім

5 минут

 

 

15 минут

4. Баскетбол ойынына арналған арнайы жаттығулар, орнында бұрылу, алға, артқа жаттығулары, допты қабылдап алып торға тастау. бойынша тапсырмалар бердім. 5.Топтарды презентациялауға шақырдым.

6.Басқа топтардан алған мәліметтерін, қағаздарына түсіріп алуларын тапсырдым

4.Оқушылар ұялы телефондары арқылы интернетке кіріп,өз ойларын ортаға салып тез арада жұмысқа кіріседі. 5.Тапсырма бойынша өздері білетін мәліметтерін,төрт топ кезектесіп қорғайды,тәжірибе жүзінде көрсетеді,сұрақтар қойып нақтылап отырады. 6.Олар әр топтан алған жаңа материалдарын қағаздарына түсіріп алады.

 

 

 

Формативті бағалау

 

 

Оқулық 8-сынып

Ғаламтор

 

Баскетбол доптары

Қорытынды бөлім

 

5 минут

 

7.Туындаған сұрақтар бойынша сабақты қорытындылап өттім. 8.Үйге тапсырмалар бердім. 9.Бағалау критерийлерін ұсындым.

7.Маған тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды. 8.Тапсырмаларды күнделіктеріне түсіріп алады. 9.Критерийлерге сәйкес өздеріне балл қояды.

 

 

 

 

 

Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:

 

Не сәтті болды?

 

 

Келесі модульді қолдандым.

1. СТО;

2.АКТ;

3.Білім берудегі бағалау;

4.Диалогтық әдіс;

5.Көшбасшылық.

Оқушылар не үйренді.

1.Өз ойын ашық айтуға;

2.Теориялық білімді тәжірибеде іске асыруға;

3.Өз білімін бағалауға;

4.Мұғаліммен және жолдастарымен пікір алмасуға;

5.Көшбасшылық.

Не сәтті болмады?

Уақытты тиімді пайдалана алмау, өзін жоғары бағалауы.

Нені жақсартуға болады?

Сабақтың әр кезеңін уақытпен жоспарлаймын.

Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады?

Оқытудың жаңа әдістерін. Және баскетболда доппен орындалатын іс-қимылдарды толық үйренеді.

 

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.