Дизайн өнері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Дизайн өнері

3-09-2015, 15:39
Автор: Almira
Қарау саны: 2971
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Оқушыларды дизайн өнері түрлерімен таныстыру. Қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет – ғұрпын меңгерту. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау, түсті ажырата білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық – Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту. Дизайн өнері жайында алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Есте сақтау, көрегендік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Эстетикалық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, халықтың өнерін, салт – дәстүрін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, интерактивті тақта, слайдтар, фотосуреттер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: технология, тарих, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сәулет өнері дегеніміз не?
2. Қазақстанда қай ғасырлар аралығында сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады?
3 Ұлы ғұлама бабамыз әл – Фарабидің туған жері қалай аталды ?
4. Бабажа хатун кесенесі қай қаланың аймағында пайда болған ескерткіш?



Сөзжұмбақ (тігінен "Дизайн өнері"деген сөз тіркесі шығу керек)
Сұрақтары:
1. Мұсылмандардың ең жоғарғы рухани мектебі қалай аталады?( Медресе)
2. Түркістан қаласының көрінісін бейнелеп, көркем шығарма жазған атақты суретші кім? ( Верещагин)
3. Түрлі түсті ұсақ тастардан, жылтыр керамикадан құрастырылып, сыртқы қабырғаға салынған сурет, өрнек қалай аталады? ( Мозайка)
4. Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі ? ( Отырар)
5. Монументтік бейіттер қалай аталады? ( Мавзолей )
6. Көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыстың атауы? ( Мұнара)
7. Ғимараттың ішкі – сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозайкалармен және тағы нелермен әшекейленген? ( Өрнекпен)
8. Қазақ хандығының орталығы болған қала? ( Түркістан)
9. Мұсылмандардың діни ғимараты қалай аталады? ( Мешіт)
10. Орыс сәулет өнерінің Санкт – Петербургтегі аса көркем ескерткішті атаңыз? ( Адмиралтейство)
11. ХІІ ғасырда тұғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны, кесенесі қалай аталады? ( Айша Бибі)
ІІІ. Жаңа сабақ
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.
Дизайн – бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің бір түрі. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 жылы АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда - ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады.
ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады.1987 жылы Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап - сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып - жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Ал бүгінгі ХХІ ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Дизайн мынандай бірнеше түрлерге бөлінеді.Олар:


















Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады.Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар.Олар:










Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиhаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше.Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір – қасиетін жоғалтып алмайық.
ІV. Практикалық жұмыс.
Дизайның түрлерін ескере отырып заман талабына сай киім, автомобиль, жиhаз т. б. үлгілерін салу.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Дизайн дегеніміз не?
2 Дизайнның ең алғашқы түрі қай елде пайда болды?
3. Дизайн одағының шығармашылық ұйымы қай жылы құрылды?
4. Контраст дегеніміз не?
5. Ара қашықтығы бірдей орналасқан үйлесім заңдылығы қалай аталады?
VІ. Үйге тапсырма беру
1. Дизайн өнері, ( 114 бет ) оқып келу
2. Өздеріңе ұнайтын дизайнның бір түрін таңдап, жобалық суретін салып келу.
VІІ. Қорытынды, бағалау.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.