Натюрморт жанры » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Натюрморт жанры

17-03-2015, 20:06
Қарау саны: 1636
Пікірлер: 0
Версия для печати
Оразалина Райхан Габдрахманқызы 
СҚО Тайынша қаласының №5 мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі:
оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету.
Заттың жалпы формасы мен түстік қарама-қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы:
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, 
бояумен жұмыс жасау машығын дамыту
Тәрбиелігі:
оқушыларға эстетикалық талғам қалыптастыру. 
Төзімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Затқа қарап сурет салу,
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, практикалық жұмыс
Құралдары: альбом, бояу, қалам, өшіргіш, палитра
Көрнекілігі: сурет кезеңдері салынған плакаттар,
бейнелеу өнеріне қажетті-құрал жабдықтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Құралдарын тексеру. 
3.Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы)

Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабаққа кіріспе:
Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
Кескіндеме.
Графика.
Мүсін.
Сәулет өнері.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері.




- Ал, енді, балалар алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгінгі сабағымызда біз натюрморт жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte - өлі табиғат) - бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт - жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады.
Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады. 
Батысеуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсыдамыды.
Қазақстанда 19 ғасырдағана натюрморт жанры дамибастады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.
Натюрморт - қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сәйкес оның кейпі, жан - жануарлар бейнеленуі мүмкін.
Суретші мақсатының бірі - натюрмортта белгілі бір көңіл - күйді бейнелеу.
Кез - келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.
Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке , ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.
Бізде бүгінгі сабағымызда құмыра мен алмадантұратын,екі заттан құралған қарапайым натюрмортты бейнелейік.
Практикалық жұмыс.
1. кезеңде салынатын натюрмортты қағаз бетіне белгілеп орналасу орнын белгілейміз. Натюрморттың сызықтық бейнесін саламыз

2. кезеңде жарық пен көлеңке жақтарын белгілеу.
Сурет салғанда реңдік заңдылықтарды ескеріп отырмаса болмайды. Заттарға түскен жарық олардың құрлысына, орналасуына байланысты өзгереді. Ол өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әр түрлі рең қоюлығына бөлінеді. Ондай реңдерді жарық, жылт, жартылай көлеңке, меншікті көлеңке, шағылыс жарығы, заттың өзіне түскен түспе көлеңке деп бөледі. 
ЖАРЫҚ деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.
ЖЫЛТ деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.
ЖАРТЫЛАЙ ЖАРЫҚ КӨЛЕҢКЕ деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.
МЕНШІКТІ КӨЛЕҢКЕ деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтады.
ШАҒЫЛЫС ЖАРЫҒЫ деп заттың көлеңке жағына басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған әлсіз жарықты айтады. Оны рефлекс деп атауға да болады.
ЗАТТЫҢ ТҮСПЕ КӨЛЕҢКЕСІ деп бір заттан екінші затқа немесе жазықтыққа түскен көлеңкені айтады. 
Нәрсенің бетінде жарық көзінен сәуле түспейтін жерде МЕНШІКТІ КӨЛЕҢКЕ пайда болады. Меншікті көлеңкедегі жарықтау жерлер рефлекс деп аталады.
Сурет салғанда нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық жерді, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгір жерді әрдайым тауып алу керек.

3. кезеңде бояу жағу арқылы заттың түстік контрастын дайындаймыз.
4. кезеңде салынған суреттің түспе көлеңкесін және заттардың бір-біріне түскен бояуларын көрсету. Суретті аяқтау.
Cабақты қорытындылау:
Натюрморт жанры қай жақта пайда болды?
Натюрморт деген не?
Жарық пен көлеңке реңдерін суретші не үшін қолданады?
Жарық пен көлеңкенің қандай реңдерін білесің?
Бағалау. Салынған суреттерден көрме жасап жақсы салынған суреттерді таныстыру. Қатесі бар суреттерді талдау.

Үйге тапсырма: натюрморт салып келу. 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.