Сызық пен штрих. «Теңіздегі дауыл». » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Сызық пен штрих. «Теңіздегі дауыл».

Сызық пен штрих. «Теңіздегі дауыл».

18-02-2015, 00:17
Автор: гульзада
Қарау саны: 2687
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы: Сызық пен штрих. «Теңіздегі дауыл».
Сабақтың білімділігі: Сызық және штрих арқылы теңіз толқынын бейнелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың штихтау қабілетін дамыту
Музыка: Вивальди «Шторм» , Асқар Асанәлі Көшеров «Достық теңізі – Каспий»
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ
4. Бейнелеу жұмысы
5.Сабақты қорытындылау
6.Үйге тапсырма .
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын және бейнелеу құралдарын тексеру.
2.Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеру және оларды оқушылармен бірге талдау, бағалау.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
А) жұмыстың ұқыптылығы;
Ә) қағаз бетіне дұрыс орнааласуы;
Б) композициялық шешімі;
В) бояулар үндестігінің үйлесімділігі.
3.Жаңа сабақ: «Теңіздегі дауыл»
Графика деген не? Слайд 1
Графиканың әсерлеуші құралдарын ата? Бүгін графика тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
Дауыл деген не? Табиғат қалай өзгереді?
Ой қозғау: Оқушылар теңіз туралы не білеміз? Қандай теңізді білесіз? Теңіздегі толқынды қалай бейнелеуге болады?
1) «Шторм» шығармасын тыңдаймыз. Осы музыкаға сәйкес сызықтарды салу. Тақтаға оқушылар шығып, шиыршық, айқас толқынды сызықтарды салып көрсетеді. Слайд 2(толқынды теңіз)
2) «Достық теңізі –Каспий» . Бұл музыкаға қандай сызықтар сәйкес келеді? Оқушылар тақтада бір қалыпты толқынды сызықтарды салып көрсетеді. Слайд3 (тыныш теңіз)
Жаңа термин : Ырғақ (ритм) - музыкада бір дыбыстың қайталануы, ал бейнелеу өнерін де бейнелердің қайталанып орналасуы. Слайд 4
Тыныш күйде толқынды сызықтар бір қалыпты , дауыл соққанда толқынды сызықтар бір қалыпты емес, яғни ырғақ бұзылды.
Олай болса біз бүгін теңіздің түрлі ауа райындағы бейнесін сызықпен штрих арқылы береміз.
4.Теңіз көрінісін көкжиек сызығын салудан бастаймыз. Оқушылар өз қалауымен тыныш теңізді, ал енді біреулері толқыны аспанға шапшыған теңізді бейнелейді. Мақсатымыз штрихтар арқылы теңіздің түрлі көңіл- күйін бейнелеу. Штрихтау Т,ТМ қарындаштарымен орындалады. Жылтылдаған тұстарды өшіргішпен кетіреміз.
5.Оқушылардың жұмысын талдау.
6.Үйге тапсырма табиғаттың көңіл күйі суреттелген өлеңдерді тауып, жаттау.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.