ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

16-11-2016, 20:36
Қарау саны: 820
Пікірлер: 3
Версия для печати
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Информатика сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. Информатика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • оқушының өз бетімен жұмыс жасауы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады: 1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар; 2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы; 3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті). АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді: • дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау); • әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою); • ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); • оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту). Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние — адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. Өз баяндамамды ел басшымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман" деген сөзімен аяқтағым келiп отыр. Тыңдағандарыңызға рахмет! Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 жыл 3. “Информатика негіздері” журналы №1, 2016 жыл 4. М.Ғалымжанова, «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». Информатика негіздері. №3, 2006 ж. 5. «Информатика негіздері» журналы №4, 2015 ж.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (3)

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.