Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту

Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту

29-03-2016, 20:57
Автор: Марина
Қарау саны: 660
Пікірлер: 0
Версия для печати
Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту «Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі». Жүсіп Баласағұни Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 – бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп көрсетілген. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны елбасымыз Н. Назарбаевтің сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» деген. А. Макаренко бұл жөнінде «сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңіз, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» деген болатын. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Сол технологиялардың бірі - ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалануы. Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды. Елбасымыз: «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аудару керек» деген. Кез келген халықтың ұлттық қазынасы – тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Зерттеушілердің көрсетілімдері бойынша бала дамуындағы 5-6 жасар кезеңі өте ұтымды саналады. Осы өмір кезеңінде оның фонематикалық естуі, сөздерді жадында сақтау және оларды ауызекі сөйлеуге қолданылу зеректілігі үстем болып келеді дейді. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Ғалымдардың пікірінше мектеп жасына дейінгі балаларға сензеттивтік кезенде тілді қимыл әрекетімен үйлестіріп үйрету тиімді. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі көрген – білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру. Шешендікке , тапқырлыққа баулу үшін ойын технологиясын пайдалану қажет. Осы тұрғыдан келгенде, ойын технологияның өзіне тән ерекшеліктерін атап айтуға болады: оқытудың мақсатының, соған сәйкес нәтижесінің айқындылығы, өзіне тән құрылымы, бостандығы, осы құрылымға орай оқу материалдары бөліктерге бөлініп берілетіндегі, оқытушы кеңесші, бағыттаушы қызмет атқаратындығы, мұғалім мен білім алушының арасында субъект-субъектілік қарым-қатынастың болатындығы, білім алушыларға өз бетімен толықтыруға толық мүмкіндік жасалатындығы. Ойын технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы - баланың шығармашылығын дамытуға, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуында. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен жаңа технологияларды іздестіре отырып, мынандай мәселе қойылды: «Ойын технологиялары арқылы қазақ тілінен жасөспірімдердің тілін дамыту» Мақсаты: «Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру». Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды: Ойын технологиялары және тірек сызбалар арқылы сөздік қорды молайту; Тірек сызбаларды түсіне білу; Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу; Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту; Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу; Мәдениет нышандарын қалыптастыру (амандасу, сәлемдесу); Ұлтымыздың салт - дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру; Жорамалдау: Егер ойын және үлестірмелі карточкалар арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметінде ойлау қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін тереңдетеді, балалардың қазақ тілін оқуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, білімдерінің сапасы 85%-90 %. Күтілетін нәтиже: Естияр топтарының балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын сөйлемдерді, ал мектепке дейінгі топтар диолог, монологтарды еркін құрай алады; Жаңа сөздерді тез меңгере алады; Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі; Әрбір сабақ қызықты өтеді; Әрбір баланы жан-жақты тани аламын; Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді. Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр. Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде. Мектепке дейінгі балалардың сабақ оқуға деген ынтасын жоғалттырып алмау үшін осы тірек сызбаларды қолдану. Жоғарыдағы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді.. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын мен көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын түрлері: дидактикалық ойындар, сюжеттік-рөльдік ойындар, қозғалмалы ойындар, драматизациялық ойындар. Көрнекіліктер де әртүрлі. Олар: тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік суреттер, пәндік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар және т.б. Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып үйреткен жөн. Сол себепті мемлекеттік тілін оқытудағы өзге ұлт балаларына арнап «Ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі жас өспірімдердің сөйлеу тілін дамыту» атты бағдарлама құрастырылды. Бағдарламаны өз балабақшамыздың лексикалық тақырыптарына сай сүйеніп жасалды. Бағдарламада 15 лексикалық тақырыпқа байланысты тірек сызбалар көрсетілген. Әр тақырыптық тірек сызбалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалынған. Тірек сызбалар төменнен жоғарыға қарай сатылай жеңілден қиынға көшу арқылы ойластырылды. Яғни, естияр тобынан мектепке дейінгі топқа дейін. Естияр тобында сөз тіркесі немесе екі-үш сөйлемнен құралатын тірек сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден құралатын сөйлемдер, ал даярлық тобында алты немесе одан да көп сөздерден құралатын сөйлемдер және әңгімелер, диологтар құрастырылды. Мәселен, «Қазақстан Республикасы» атты тақырыпты алатын болсақ, естияр тобына зат есім мен қоса сын есімдерді, яғни сөз тіркестерін, шағын сөйлемдерді үйренеді. Қазақстан Республикасы - әдемі, кең, үлкен, жарық, таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса, (зат есім, сын есім, етістік) сөйлемдерді меңгереді. Қазақстан Республикасында рәміздер бар. Олар. Ту, елтаңба, әнұран. Қазақстан Республикасы бай мемлекет. Қазақстанда биік таулар, ну ормандар, үлкен қалалар, таза өзендер, әдемі ауылдар бар. Даярлық тобына сөйлемдермен (зат есім, сын есім, етістік) қоса шағын әңгіме, диологтар құрады. Мен кең Қазақстан Республикасында тұрамын. Мен әдемі, таза Қазақстан Республикасын жақсы көрем – деген сөйлемдерді бүлдіршіндер тірек сызбалар арқылы құрастырады. Балаларға тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрастырту тіл байлықтарын дамытуға орасан зор септігін тигізеді. Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде педагогикалық көмекке мұқтаж балаларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар тірек сызба бойынша сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге тырысады, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. Тірек сызбалар – негізінен барлық балалардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланылатын тәсілдердің бірі. Сонымен қатар тірек сызбаларды үйрету барысында ойын түрлерін пайдалана отырып, сабақты өткізу өте тиімді. Сол себепті әрбір сабақтардың негізі – ойын, яғни тірек сызбалар болып табылады. Тірек сызбалар арқылы баланың ойы жылдам дамиды, сөздер жеңіл есте сақталады, зеректігі тәрбиеленеді, зейіні мен жұмыс жасау қабілеті жоғары деңгейде болады. Тірек сызбалар арқылы балалар жаңа тақырыпты тез және тиянақты түсініп алады.Қазақ тілі сабағы балалар үшін өте қызықты өтеді. Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған тірек сызбалардан ұтарымыз көп. Мектепке дейінгі балаларда тіл дамыту деген – жасөспірімдердің сөз байлығын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде балалардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді. Балалар кішкентай кездерінен-ақ сөйлеу мәдениетін игере бастайды. Сөздерді дұрыс айту, дұрыс атау – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру - әр мұғалімнің парызы. Сөздік жұмысында да, көрнекіліктермен орындалатын тапсырмаларда балаларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде балалардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, орыс мектебінде қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Жоғарыда тоқталып кеткендей әрбір сабақтардың көп мөлшерін тірек сызбалардың көмегімен өткізген жөн .Олардың түрі, көлемі, аз-көпті балалардың жас ерекшелігіне байланысты бөлінеді. Ойын технологиялар мен тірек сызбалармен өткен сабақтың тиімділігі: Материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды; Жасөспірімдер жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді; Сабақты түсіну арқылы жасөспірімдердің ынтасы артады; Тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі; Топта басы артық шу, әңгіме болмайды; Тірек сызбалар арқылы үш-төрт сөзден сөйлем немесе шағын әңгіме, диолог құрай алады; Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді көрнекіліктердің арқасында (яғни өз басым әрбір сабағымда қолданылатын тірек сызбалар арқылы) қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін жеткізу.Балалар жеке – дара, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының білім сапасы соңғы жылдардың қорытындысы бойынша 85-90% құрайды. Сондай-ақ өзге ұлт балалары «Почемучка» атты теледидар бағдарламасында мемлекеттік тілде тақпақ оқып, өлең айтып, көрініс көрсетуде. Өзге ұлт балалардың арасында өткен «Балбұлақ» атты қалалық байқауда екінші орынға иеленді. Осының барлығы ұстаздың еңбегі. Қорытындылай келе, Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, үйрену - әр Қазақстандықтың парызы. Менің парызым – бүлдіршін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту. Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету – үлкен ғанибет. Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007. Начальная школа – Москва, 2007 №5 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы». Республикалық оқу-әдістемелік газеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №2 Республикалық оқу-әдістемелік газеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №1 Республикалық оқу-әдістемелік газеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №4
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.