Педагогтің үздіксіз білім алуы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Педагогтің үздіксіз білім алуы

Педагогтің үздіксіз білім алуы

4-03-2016, 00:38
Автор: Gulistan
Қарау саны: 357
Пікірлер: 0
Версия для печати
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр.Қазіргі таңда әлемдегі болып жатқан қарқынды өзгерістер, білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялар әр халықтың гүлденіп – өркендеуі қоғамдағы дамудың, ондағы өзгерістердің білімге байланыстылығын, жаңа білім салаларының маңызды екендігін дәлелдейді. Түрлі мемлекеттерде білім беру сапасы әр түрлі нұсқада дамиды. Бұл осы мемлекеттердың экономикасы мен рухани дуниесіне және ұлттық менталитетіне байланысты деп ойлаймын. Соңғы жылдарда дамыған мемлекттерде білімнің сапаға көтерілуі білім саласына бөлінетін қаржы есебінен жасалған материалдық – техникалық базаға және  білім берудегі басқару мен менеджментке байланыстылығы белгілі. Білім беру мекемелері мен ондағы берілген және игерілген білім нәтижелерін саралап, зерттеу қазіргі таңда әлемдік деңгейде қолға алынуда.Сапалы білім беру мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі.Бүгінгі күнде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаhандану процесінде біз еліміздің дамыған елдер қатарында болуы үшін білімдегі жаңалықтардан хабардар болып, , оның ішінен біздің елдің менталитеті мен рухани дүниесіне жақын және тиімді өзгерістер мен дамуын өз тәжірибемізде қолданып, білім сапасын жақсартуымыз қажет. Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымы (ЭЫДҰ)жасаған құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы оқушылардың ойлау қәбилеттерінің дамуына, шығармашылық қабілеттердің қалыптасуына, алған білімдерін өз орнында қолдана білуге ықпал етеді. Сол себепті бұл жобаны мен мұғалімдер үшін де, мектептер үшін де негізгі мәселе деп есептеймын. Мұғалімдер нәтижеге жету үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдануы қажет. Зерттеулер, топмен жұмыс жүргізу, оқушымен кері байланыс жасау мұғалім жұмысын табысты болуына ықпал етеді. ХХІ ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестік ғасыры болғандықтан қазақстандық жастар терең білімді,бәсекеге қабілетті болып тәрбиеленуі керек деп ойлаймын. Білім беру дәрежесі дүниежүзілік халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтіжелері бойынша құрастырылады. Қазіргі таңда мұндай зерттеулер көп. Мысалы: PISA, TIMSS, PIRLS. Қазақстандық жастардың халықаралық зерттеулерге қатысуы нәтіжелері елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі төмен екендігі айқындалды. Оқушылар жазбаша мәтінді түсіну,пайдалану, ол туралы ойлану және өз мақсатына жету, әлеуметтік өмірге пайдалануға қол жеткізу қабілеттерінің төмен болғаны көрінді. Осы кемшіліктерді жою үшін Қазақстанда «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» жасалды. Осыған байланысты білім беруді реформалау Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауы бастау алды. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл – ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейтіндігі анықталды. Есімі елге танымал болған педагог Д Ушинский айтқандай егер мұғалім өз бетінше білім алудан тоқтаса, ондаги оқытушылық қабилеті де тоқтайды.Қазіргі жаһандану кезінде бәсекеге қабилетті , білімді жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында осы сөздердің қаншама шын екендігі дәлелденіп отыр. Бүгінгі мұғалімдер өмірлік білім алу емес , өмір бойы білім алуға тиыс. Ойткені мұғалім кім болмасын, оның кәсібилік дәрежесі немесе білім деңгейіне қарамастан өзінің үздік нәтіжесін үнемі ұстап тура алмайды, себебі, білім жаңаланып, өзгеріп тұратын құбылыс. Қазіргі заманда білім беруге қойылатын талаптарға сай оқушыларға белсенді, сындарлы оқуды және алған білімдерін өз орнында пайдалануды үйрету ең басты мәселе болып табылады . Бүгінгі ақпараттық қоғамда оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күннен күнге артып барады, бұл болса оқушылардың инклюзивті және сезімталдықпен білім алуына мүмкіндік береді. Табысты жүйелер мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуіне , зерттеу жұмыстарын жүргізу, өзара тәжірібе алмасу, оқу жоспарын дайындау және сапалы сабақ жүргізу үшін үлкен мүмкіндіктер береді. ХХІ ғасырда қарқынды дамып бара жатқан жаһандану процесіндегі бәсекелестікке қәбилетті оқушыларды дайындайтын мұғалім ой өрісі дамыған, жоғары білімді , заманауи түсінікке ие, ақпараттық коммуникацияны қолдана алатын болуі керек. Олар басқа адамдармен жақсы қарым қатынас жасай алады, қоғамда өз орны бар, жауапкершілікті сезіне алатын болады. Осы талаптарға сай педагогтар ғана білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу жұмысына белсене атсалыса алады . Әр адамдың дамуы оның жеке қәбилетіне байланысты болады . Қәбилетті ояту, одан әрі дамыту , осы арқылы заманауы тұлғаны дамыту бүгінгі педагогтардың алдында тұрған басты мәселе . Мектеп жүйелері мен білім беру саласының қызметкерлеріне қойылып жатқан талаптар түрлері мен күрделілігі таяу 10 – 20 жылда сөзсіз өсетін болады. 20 жылдан кейін оқушыларға қажет болатын дағдылар бүгінгі күні оларға үйретіп жатқан дағдылардан өзгеше болады және олардың құрамын болжап анықтау қиын. Бірақ әр баланың табысты болуына қол жеткізу керек. Сонымен қатар кейбір балаларды олардың білім алеуетінің шегіне шығару керек болады. Болашақта білім беруді жалғастыруға қажет нәтіжелерді тексеру үшін бағалау жүйесін қайта қарастыру қажет. Бүгінгі күнде білім саласындағы ең өзекті мәселе : - Қалай оқуға үйрету - Қалай ойлауға үйрету - Өз болашағын болжауға үйрету Бүгінгі күнде оқытудың мақсаты: - Өзін өзі дамыту қәбилетіне ие; - Алған білімдерін өз орнында қолдана алатын, - өз пікірін еркін айта алатын; - Жаһадану үдерісіндегі бәсекелестікке төзімді; - Қоғамда өз орнына ие, кез келген жерде өзін көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру; Білім беруден күтілетін нәтиже: - Денсаулығы мықты; - Шығармашылық қәбилеті дамыған ; - Мәдениетті; - Кәсіби бағдары анықталған; - Әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін ; - Өз алдына мақсат қойып,сол мақсатқа жету жолдарын айқындай алатын оқушыны қалыптастыру; Қойылып отырған мынау талаптар деңгейіне жету үшін ізденімпаз мамандар өзіне «Мен қазір қайдамын?», «Қайда болғым келеді?» , «Болашақта қайда боламын?» деген сұрақтарды қойып, өз мақсаттарына жету жолында атқарылатын жұмыстарды нақтылап алу керек болады. Бұл мәселелерді шешу үшін «Мен қандай нәтижеге қол жеткіздім?»«Мектепте өзгерістерді жүзеге асыру үшін қандай жоспар құрдым?»«Мұғалімдердың жұмысына, олардың оқушылармен қарым –қатынасына және оқыту үдерісінің нәтижесіне болып жатқан өзгерістердің ықпалы қай деңгейде болды?»деген сұрақтарға жауап беруі қажет болады. Президентіміз Н. А. Назарбаев "Қазақстан 2050" Стратегиясында атап айтқандай : Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Осы аталған мәселелерді басшылыққа алып орындау, оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін бірінші кезеңде мұғалімдердің сапалық құрамын жақсарту қажет. Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін 2014 жылы 1 мұғалім І деңгей бойынша, 2 мұғалім ІІ деңгей бойынша , 5 мұғалім ІІІ деңгей бойынша біліктілік арттыру курстарына оқуға жіберілді. 2015 жылы 1 мұғалім І деңгей бойынша, 3 мұғалім ІІІ деңгей бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп, мектепте деңгейлік бағдарламалар аясында жұмыс жүргізуде. Мектепшілік кәсіби қоғамдастығы құрылды. Мектептің даму жоспарына өзгертулар еңгізіліп, кәсіби қоғамдастықтың жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сай мұғалімдер мен коучингтер мектепшілік семинар өткізіліп, сындарлы оқыту технологиясы әдіс - тәсілдері үйретілді. Топтық жұмыс арқылы оқушыларды өз бетінше білім алуға және алған білімдерін кез келген жерде, өз орнында қолдана алуға үйретілуде. Өз орнында бұл жұмыстар бастапқы жемісін көрсетті. Сәуір айында облыстық бақылау департаменті тарапынан аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясы мұғалімдердің сабақтарына еңген кезде, топтық жұмыс барысында оқушылардың біліміне, сөйлеу қәбилетіне, алған білімдерін өз орнында қолдана білуіне жақсы баға берді. Оқушылардың білім сапасында өзгерістер болді. мысалы өткен 2013 - 2014 оқу жылында білім сапасы 49,2 пайызды құраған болса, 2014 - 2015 оқу жылында білім сапасы 53,1 пайызға көтерілді. 2015 - 2016 оқу жылында бұл нәтіжелерді тағы да жоғары көтеру, мұғалімдердің үздіксіз білім алуын қаматамсыз ету жолдары қарастырылып, жылдық жоспарға еңгізіліп отыр. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі № 100 жалпы орта мектебі оқу ісі бойынша директор орынбасары Турсункулова Гулистан Абдувалиевна Тақырыбы : Педагогтің үздіксіз білім алуы , "өмір бойы жететін білімнен" "өмір бойы білім алуға" парадигмасына ауысу шарты ретінде Қарабұлақ 2015ж
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.