Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

19-01-2016, 11:38
Автор: bilimtime
Қарау саны: 496
Пікірлер: 0
Версия для печати

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерАстана қаласы №57 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі : Куандыков Ерлан Бейсенбекович

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты жан – жақты маман болу мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. . Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қалам,көрсетсең есімде қалады. Ал, өзім істесем, үйреніп алам».Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақтарымда қолдану:

·Оқушылардың қызығушылығын туғызады;

·Әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

·Әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

·Оқу материалын тиімді меңгеруге бейімдейді;

·Оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

·Кері байланысты жүзеге асырады;

·Оқушылардың пікірлері мен қарым – қатынастарын қалыптастырады;

·Өмірлік машықтарды қалыптастырады.

Оқытудың жаңа әдістері оқушыларға қатты ұнады, сондықтан мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді қалыптастырамын, басқа модульдерді де сабақтарымда қолданамын, дене тәрбиесі сабағын теория жүзінде оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді үнемі қолданудамын.

Сабақ жоспары

Сынып:

8-сынып

Пәні:

Дене тәрбиесі

Тақырыбы:

Спорттық ойын. Волейбол.

Оқу мақсаты

Волейбол ойыны арқылы оқушы дара қабілеттерін айқындайды, өздігінен жетілуіне ықпал етуге бағытталған өзінің тән мәдениетін қалыптастырады.

Күтілетін нәтиже:

Таныс жаттығуларды күрделендіріп,жаңа жаттығуларды үйрену арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап,қимыл әрекетін дамытады.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Волейбол ойыны арқылы өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін толық меңгеру үшін қажетті білім алады.

Көпшілік оқушылар:

Волейболда доппен орындалатын іс-қимылдарды толық үйренеді.

Жекелеген оқушылар:

Волейболда қозғалыстар нәтижесін толық меңгереді,тепе-теңдік,ырғақ,дыбысқа тез және дәл жауап қайтарады,қозғалыстарды үйлестіріп,кеңістікте бағдар ұстайды

 

Кезеңдер

уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Бағалау

Ресурстар

Сабақты бастау

 

1-Тапсырма Рефлексия.

Сапқа тұру, мұғалімді мұқият тыңдау.

 

 

Кіріспе

 

15 минут

5 минут

 

1.Үй тапсырмасын пысықтау. ЖДЖ орындау. 2 Қай жыл мезгілінде туғанына байланысты төрт топқа бөлдім. 3.Топ ережелерін құруды тапсырдым.

1.Үй тапсырмасын тексеріп өттім. Оқушылар топпен ЖДЖ жасайды. 2.Сыныпта ынтымақтастық қалыптасады. 3.Әр қайсысы өз ұсыныстарын айтады.

 

 

Негізгі бөлім

5 минут

 

 

15 минут

4..Волейбол ойынына арналған арнайы жаттығулар, допты жоғарыдан, төменнен қабылдау және беру, допты астынан соғып тордан асыру бойынша тапсырмалар бердім. 5.Топтарды презентациялауға шақырдым.

6.Басқа топтардан алған мәліметтерін, қағаздарына түсіріп алуларын тапсырдым

4.Оқушылар ұялы телефондары арқылы интернетке кіріп,өз ойларын ортаға салып тез арада жұмысқа кіріседі. 5.Тапсырма бойынша өздері білетін мәліметтерін,төрт топ кезектесіп қорғайды,тәжірибе жүзінде көрсетеді,сұрақтар қойып нақтылап отырады. 6.Олар әр топтан алған жаңа материалдарын қағаздарына түсіріп алады.

 

 

 

Формативті бағалау

 

 

Оқулық 8-сынып

Ғаламтор

 

Баскетбол доптары

Қорытынды бөлім

 

5 минут

 

7.Туындаған сұрақтар бойынша сабақты қорытындылап өттім. 8.Үйге тапсырмалар бердім. 9.Бағалау критерийлерін ұсындым.

 

7.Маған тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды. 8.Тапсырмаларды күнделіктеріне түсіріп алады. 9.Критерийлерге сәйкес өздеріне балл қояды.

 

 

 

 

 

Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:

 

Не сәтті болды?

 

 

Келесі модульді қолдандым.

1. СТО;

2.АКТ;

3.Білім берудегі бағалау;

4.Диалогтық әдіс;

5.Көшбасшылық.

Оқушылар не үйренді.

1.Өз ойын ашық айтуға;

2.Теориялық білімді тәжірибеде іске асыруға;

3.Өз білімін бағалауға;

4.Мұғаліммен және жолдастарымен пікір алмасуға;

5.Көшбасшылық.

Не сәтті болмады?

 

 

Уақытты тиімді пайдалана алмау, өзін жоғары бағалауы.

 

Нені жақсартуға болады?

 

 

 

Сабақтың әр кезеңін уақытпен жоспарлаймын.

Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады?

 

 

 

Оқытудың жаңа әдістерін. Және волейбол ойынындағы қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін біліп шығады.

 

 

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.