Интерактивті оқыту құралдарын тиімді жолдары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Интерактивті оқыту құралдарын тиімді жолдары

Интерактивті оқыту құралдарын тиімді жолдары

22-04-2015, 15:45
Қарау саны: 620
Пікірлер: 0
Версия для печати
Интерактивті оқыту құралдарын тиімді жолдары.
Қызылорда облысы .Шиелі ауданы № 47М.В.Ломоносов мектебінің« информатика » пәнінің мұғалімі Аунамасова Гүлжаухар
Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа замаңғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше , сауатты, жан – жақты , білімді маман болу мүмкін деп ойлаймын.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет
Компьютерлік сауаттылық оқуы компьютердің қыр – сырын білмеген кісілерге өте жақсы болды деп ойлаймын. Компьютерлік сауаттылықпен қанша халық ақпаратпен таныса білді деп ойлаймын. Соның бірі – білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр түрлі құралдырын қолданудың тиімділігі арттыруды талап етеді. Осы орайда Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек » деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға барлығымыз жаппай көшуіміз керек деп ойлаймын. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты -
Қазақстан Республикасының біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім беру кеңестігімен сабақтастыру болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты – білімді жаңартумен қатар , оқушыларды пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белсенділігі арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдалнып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншілігі бар деп ойлаймын. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.
Интерактивті тақтаның жұмыс жасау тәсілдері:
 Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріа алып, белсенді жұмыс жасауға болады.
 Қосымша материалдар мен және өзінің кітапханасы арқылы жұмыс жасауға болады.
 Тақтаны жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, көп мүмкіндігі бар.
Сондай – ақ информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың тақтаға деген қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай , көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыланады.
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы оянады деп ойлаймын. Интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда оқушылар көптеген білімдерін шындайды .
 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады , құлшынысы оянады.
 Шығармашылық қабілеттері артады.
 Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
 Оқушылар өз бетімен тақтамен жұмыс жасай алуы
 Компьютерлік сауатта болуға үйренеді.
Интерактивті тақтасын қолдану барысында оқушылар уақытты көп үнемдеп жұмыс жасау керек. Қарапайым тақта южәне компьютерлік проекторына қарағанда, интерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сызба жазып керекті материалдарын дайындау керек.
Сабақта оқушы интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақтаны пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақтаны бірге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Интерактивті тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған деп ойлаймын.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.