«Әліппе» сайысы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

«Әліппе» сайысы

16-04-2015, 16:13
Автор: Куралай
Қарау саны: 399
Пікірлер: 0
Версия для печати
Тұрманов Әлімхан Шаукенұлы
Аудандық Оқушылар Үйінің мұғалімі
Шиелі кенті, Қызылорда облысы.

Пән: «Жайдарлы жас ұлан»
Тақырып: «Әліппе» сайысы
Білімділігі: Жайдарманшыларға әліппе сайысы жайлы толық мәлімет беру.
Дамытушылығы: Ой өрісін, сөйлеу шеберлігін, ойлау белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Мақсат: Жайдарманшыларға әліппе сайысы жайлы түсіндіре отырып, олардың әріптердің рет-ретімен яғни, әліпбиде орналасуы бойынша сөйлесуге үйрету.
Көрнекті құралдар: Әліпби бойынша жазылған плакат және интерактивтік тақта.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап және сайыс ойнату.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Топпен сәлемдесіп, топта қандай оқушы жоғын белгілеп, үй тапсырмасын пысықтап алып, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
Жаңа сабақ: Ойынға команданың бір ғана мүшесі қатысады. Ол топтың ортақ шешімімен таңдалады. Ойынға шыққан мүшенің сөйлеу шеберлігі сөз құрастырылуы, тапқырлығы сонымен қоса зеректігі мықты болған жөн. Екі қарсылас әріптердің әліпбиде орналасу тәртібімен белгілі бір тақырыпта диалог жүргізеді. Екі қарсылас тақырыптан, әріптердің орналасу тәртібінен ауытқымауы керек. Мысалға, алғашқы адам «А» әріпінен бастаса, жауап берушінің алғашқы сөзі «Ә» әріпінен басталуы керек. Ойын барысында тоқтап немесе уақыт ұстап қалуға болмайды. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Сайысқа қатысушыны таңдау үшін команда өз ішінде осы ойынды ойнап шыққаны дұрыс. Тез ойланып, сауатты сөз саптап ұтымды жауап бере алатын команда мүшесін таңдау керек.
Сабақты қорытындылау: Сайысқа тез ойланып сөзге жүйрік лайықты жауабын беретін команда мүшесін таңдаған жөн.
Үйге тапсырма беру: екі топқа бөлініп әр түрлі тақырыпта әріптердің ретімен сөйлем құрастыруға дайындалып келіңдер.
Жеке оқушыға озық тапсырма беру: Осы сайысты жүргізуге және әр түрлі тақырыптар дайындап келу.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.