Механикадан графиктік есептерді шығару » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Механикадан графиктік есептерді шығару

Механикадан графиктік есептерді шығару

13-02-2015, 20:22
Қарау саны: 2045
Пікірлер: 0
Версия для печати
«Механикадан графиктік есептерді шығару»
атты қолданбалы курс бағдарламасы.
Түсінік хат.
Бағдарлы оқыту кезеңінде 10-11 сыныпқа арналған жалпы білім беретін мектептің негізгі курсының бағдарламаларымен сәйкестендіре , жаратылыстану – математикалық бағытында физика пәнінен «Механикадан графиктік есептерді шығару» атты қолданбалы курс бағдарламасы құрастырылған.
Ұсынып отырылған бағдарламада физика пәні мен математика пәні кіріктірілген , оқушылардың алгебра, геометрия және тригонометрия туралы білімдері және дағдысына сүйене отыра құрастырылған. Кіріктіру әдісі бағдарламаның негізгі пәнаралық аумағымен анықталады, физикалық кұбылыстарды талдауын математикалық теориясының негізінде түсіндіреді.
Курстың материалдық іріктеуі мен құрылымы механика бөлімінің түзусызықты бірқалыпты қозғалыс графиктерін сипаттайтын шамаларды талдаумен қатар олардың графиктерін салу әдісін демонстрациялауды ұсынады. Онымен қатар зертханалық жұмыстар мен графиктік есептерді шығаруға арналған практикум сабақтары жоспарланған.
Курстың мақсаты: Механика бөлімі бойынша оқушылардың графиктік есептерді шығарудың біліктілік пен дағдысын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- Графикалық әдістің тиімділігін көрсету, әсіресе зерттеу процесінде оқушылардың негізгі білімдерін тереңдету;
- Оқушылардың жалпы қозғалыс заңдары бойынша білідерін дамыту .
Бағдарламаның мазмұны
Графиктік есептер туралы түсінік ( 4 сағат).
Графиктік есептер туралы түсінік. Графиктік есептерді шығару дегеніміз не? Графиктік есептердің құрамы. Физикалық теория және графиктік есептер шығару. Оқудағы және өмірдегі графиктік есептердің маңызы. Графиктік есептердің барлық түрлеріне мысал. Есептерді құрастыруға қойылатын негізгі талаптар.

Кинематика (15 сағат)
Механикалық қозғалыс және қозғалыс теңдеуіне графиктік есептер шығару. Векторлық есептеулердің жасалу тарихы. Векторларды қолдануға арналған физикалық мазмұнды есептер. Жүрген жолдың және орын ауыстырудың графиктері. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты графиктік әдіспен шешу. Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіңдегі орын ауыстыру мен үдеуді график арқылы шешу. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс графигі. Еркін түсетін дененің қозғалыс теңдеуінің графигі. Денелердің вертикаль жоғары және төмен қозғалысы.
Динамика (12 сағат)
Динамика бөлімінде координаталық әдіспен есеп шығару. Әр түрлі инерциалдық санақ жүйеде қозғалатын дененің динамикалық сипаттамасына графиктік есептер шығару. Тең әсерлі күш. Қозғалыс теңдеуін векторлық және скалярлық түрге ауыстыра отырып теңдеулер жүйесі арқылы есептер шығару. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын денелер қозғалысының теңдеулер және график құру арқылы сипаттау.
Зертханалық жұмыстар:
1. Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелдігін зерттеу.
2. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-нің көлбеулік бұрышына тәуелділігі.
Графиктік есептерді шығару практикумы ( 3 сағат)
1. Дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының орын ауыстыруы бойынша жылдамдықтың, үдеудің және өткен жолдың графиктерін салуға арналған есептерді шығару.
2. Дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының жылдамдығы бойынша орын ауыстыру , үдеу және өткен жолдың графиктерін салуға арналған есептер шығару.
3. Бірқалыпты үдемелі қозғалысқа графиктік есептер шығару.





Оқушыларға дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар:
- Графиктік есептердің құрамын түсінуі;
- Теорияны қолдану арқылы графиктік есептерді шығаруы;
- Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын, орын ауыстыру және үдеуін есептей алуы, формулалар арқылы графиктерді салуы;
- Векторлық , координаталық әдіспен графиктік есептерді шешуі;
- Денелердің вертикаль жоғары және төмен қозғалысының графигін бейнелеуі;
- Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы мен көтерілу биіктігін есептеуі.
Жоспар
34 сағат, аптасына 1 сағат
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І Графиктік есептер туралы тусінік 4
1 Графиктік еасептер туралы түсінік.
Графиктік есептерді шығару дегеніміз не? 1
2 Графиктік есептердің құрамы. Физикалық теория және графиктік есептер шығару. 1
3 Графиктік есептердің маңызы. 1
4 Графиктік есептердің барлық түрлеріне мысал. Есептерді құрастыруға қойылатын негізгі талаптар. 1
ІІ Кинематика 15
1 Механикалық қозғалыс және қозғалыс теңдеуіне графиктік есептер шығару. 1
2 Векторлық есептердің жасалу тарихы. 1
3 Векторларды қолдануға арналған физикалық мазмұнды есептер. 1
4 Жүрген жолдың және орын ауыстырудың графиктері. 2
5 Түзусызықты бірқалыпты қозғалысты графиктік әдіспен шешу. 2
6 Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру мен үдеуді график арқылы шешу. 2
7 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылыған дененің қозғалыс графигі. 2
8 Зертханалық жұмыс № 1 «Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелдігін зерттеу. 1
9 Еркін түсетін дененің қозғалыс теңдеуінің графигі. 1
10 Денелердің вертикаль жоғары және төмен қозғалысы. 1
11 Есеп шығару 1
ІІІ Динамика 12
1 Динамика бөлімінде координаталық әдіспен есеп шығару. 2
2 Әртүрлі инерциалдық санақ жүйеде қозғалатын дененің динамикалық сипаттамасына графиктік есептер шығару. 2
3 Тең әсерлі күш. 2
4 Қозғалыс теңдеуін веторлық және скалярлық түрге ауыстыра отырып, теңдеулер жүйесі арқылы есептер шығару. 2
5 Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын денелер қозғалысының теңдеулер және график арқылы өрнектеу. 2
6 Зертханалық жұмыс № 2 «Көлбеу жазықтық тың ПӘК-нің көлбеулік бұрышына тәуелділігі». 1
ІҮ Графиктік есептерді шығару практикумы 3
1 Дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының орын ауыстыруы бойынша жылдамдықтың, үдеудің және өткен жолдың графиктерін салуға арналған есептерді шығару. 1
2 Дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының жылдамдығы бойынша орын ауыстыру, үдеу және өткен жолдың графиктерін салуға арналған есептер шығару. 1
3 Бірқалыпты үдемелі қозғалысқа графикті есептер шығару. 1
4 Қорытынды сабақ 1

Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы-2002.
2. Физика -10. Кронгарт Б.А., 2006
3. Математика және физика журналы №3, 2005.
4. Математика және физика журналы №4, 2005.
5. Математика және физика журналы №6, 2005.
6. Физикалық практикум. А.А. Покровский М,2008
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.