Қазақстан қола дәуірінде » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Қазақстан қола дәуірінде

Қазақстан қола дәуірінде

8-02-2016, 00:00
Автор: Гулбаршын
Қарау саны: 410
Пікірлер: 0
Версия для печати
Қазақстан қола дәуірінде 10 сынып Сабақтың мақсаты  Білімділік: Қола дәуірі адамдарының қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрыпы, өнері жайлы баяндау арқылы сол кездегі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтармен, ізгілікті істермен оқушыларды таныстыру.  Дамытушылық: Оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.  Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту, оларды өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық , тапсырмалар, сөзжұмбақ Көрнекілігі: тірек-сызбалар, интерактивті тақта. І.Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың барысы: • Оқу құралын тексеріп түгелдеу • Оқушыларды екі топқа бөлу. • Оқушылар зейінін сабаққа аудару Үй тапсырмасын сұрау  Палеолит, Мезолит, Неолит кезеңінің ескерткіштерін ата  Алғашқы адамдардың еңбек құралдары қалай аталады?  Алғашқы адамдардың қоныстары туралы не білесіздер?  Энеолит кезеңіндегі Ботай мәдениетінің ерекшелігі?  Қазақстан жерінде пайда болған алғашқы адамдардың түрлері?  Кім жылдам?  (Ауызша сұрақтарға жауап алу )  Қай дәуірде адамзат баласы металдан жасалған құралды игере бастады?  Жалпы адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі нешеге бөлінеді және қалай аталды?  Еңбек өнімі дегеніміз не?  Ең бірінші қолданылған металл?  Адамдар мыс өңдеуді бұдан неше мың жыл бұрын үйренді?  6.Энеолит дәуірінің хронологиялық кезеңі • 7.Энеолит ғасыры қоғамындағы екі ірі өзгерісті ата Кім тапқыр? (ауызша дұрыс таңдау тесті) Еңбек бөлінісі қашан пайда болды? А) ерте тас ғасырында б) неолитте в) энеолитте 2. Қазақстан аумағында энолит кезеңінің ерекше ескерткіші А) Ботай тұрағы б) Бөріқазан в) Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ Маңғыстау жеріндегі энеолитттік ескерткіш а) Шағалалы б) Шебір в) Қанай 4.Ботайлықтар қай малды қолға үйреткен? А) Ит Б) Қой В) Жылқы 1 – кесте Дәуір Адамдар дамуы Еңбек құралдары Шаруашылығы, кәсібі Тарихи шеңбері Ежелгі тас дәуірі Ерте палеолит Орта палеолит Кейінгі палеолит Орта тас дәуірі Кейінгі тас дәуірі 2 - кесте палеолит мезолит неолит энеолит Уақыт шеңбері Ескерткіштері Ерекшеліктері Сабақты игеру Сабақтың жоспары:  Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері.  Андронов және Беғазы – Дәндібай мәдениетінің зерттелуі.  Шаруашылықтың дамуы.  Қола дәуіріндегі металл өндіру.  Үй кәсібі мен қолөнердің дамуы.  Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық қатынастар. Қоныстар мен тұрақтар Қола дәуірі ( б.з.б ІІ – І мыңжылдықтар)  Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді.  Қола мыс пен қалайынының қосындысынан жасалады.  Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазған жеріндегі мыс, Қалба жоталары мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. ІІІ мыңжылдық).  Кен өндіру әдістері:  а) опыру әдістері;  ә) отпен үгіту әдісі; б) үңгіп қазу әдісі.  Қола дәуірінің негізгі кезеңдері: Ø б.з.б. ХVІІІ – ХVІ ғғ. – ерте қола дәуірі Ø б.з.б. ХV – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі Ø б.з.б. ХІІ – VІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді. • Ежелгі қола металургиясымен. • Бақташылық мал шаруашылығымен. • Теселі егіншілікпен. Андронов мәдениеті Қола дәуіріндегі ескерткіштер Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Әлкей Хақанұлы Марғұлан Қола дәуірінің ерекшелігі Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды. Өзгерістер: • Рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. • Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді • Мал шаруашылығы қалыптасты. • Біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металургияның тез дамуы ер адамның еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады. Металл өндірудегі табыстары  Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы үңілуге болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары — обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу- Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды рөл атқарды. Қола дәуірі тұрақтарының ерекшеліктері Қоғамдық қатынастар Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдысты жасау әдістері: а) таспалық әдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.  Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.  Ерте қола дәуірінде бүйірі тікше немесе біраз шығыңқы, мойыны ішке қайрылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды.  Тісті немесе тегіс қалыппен түсірілген шырша өрнектері, шаршы, үш бұрышты, сопақша ойықтар, Қисайта батырылған түтікшемен түсірілген «орақ тәрізді» ойықтар, тырнақпен түсірілген өрнектер көп таралды.  Ыдыстардың бүйірі мен түбі түгел өрнектеледі. Кейде өрнек тіке, көлденең, ирек сызықтардың, тік ирекшелердің, сызықшалармен толтырылған үш бұрыштардың қиюласуынан құрылады.  Орта қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, Иіні дөңгелетіліп немесе мойыны мен бүйірінің арасы ойықталып жасалады.  Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кездесетіні геометриялық өрнек –үшбұрыш, сынық, ирек сызық және осылардың әртүрлі қиюласуы. Тұрқы дөңгелетіле жасалған.  Бекіту: Сөзжұмбақ «қола дәуірі» 1.Синантроп адам табылған жер (.......) 2.Ежелгі тас ғасыры (...........) 3. Жаңа тас ғасыры(.......) 4.Алғашқы адам іздері қазақстанда тұңғыш рет қай таудың жотасынан табылған (.........) 5. Мезолит кезеңінде пайда болған қару (.......) 6.Егін неден бастау алады? (.......) 7. Балалар тобынан ересектер тобына өту( ....) 8.Неандерталь баланың сүйегі табылған Өзбекстандағы үңгір (.........) 9. Германияда табылған адам (..........) 10. Синантроп қалай жүрді(.........) Қ О Л А Д Ә У І Р І Инсерт әдісі Мен білемін Білгім келеді.... Мен үшін жұмбақ? Үйге тапсырма  Қола дәуірі тақырыбын оқу.  Қаныш Сәтбаев және Әлкей Марғұлан туралы мағлұмат жинау.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.