Туған жер тарихы Авторлық бағдарлама » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » Туған жер тарихы Авторлық бағдарлама

Туған жер тарихы Авторлық бағдарлама

20-02-2015, 01:54
Автор: zhaniya
Қарау саны: 1863
Пікірлер: 0
Версия для печати
І. Туған жер тарихы
Түсінік хат
(10 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
10 «а» сыныбына арналған бұл бағдарлама ҚР Парламенті бекіткен «Білім туралы заңның», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Дәстүрлі мектептен бағдарлы оқытудың айырмашылығы оқушыларды тереңдетіп оқу үшін нақты басым бағытты таңдап алуға мүмкіндік береді. Таңдау бірнеше нұсқаларды ұсынатын болғандықтан, бағдарлау-ең алдымен, білім берудің еркіндігін, вариативтілігін ескереді. Ал оның тереңдетіп оқытудан ерекшелігі-оқушыларға бірін-бірі толықтырып отырған бірнеше пәндер тобын оқуға мүмкіндік туғызылған.
Бағдарлы оқытудың қазіргі жағдайының күрделілігі, ең алдымен, бағдарлы оқытудың жедел қарқынмен енгізілуімен байланысты.
Бағдарлаудың міндеті-мектептегі әрбір оқушы өзін табуы үшін, қандай қызмет саласына өзінің бейім екенін түсіну үшін оларға жағдай туғызу болып табылады.
Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің бірі оқушылардың тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру.
Курста білім алушылардың ойлау, таным қызметін дамытуға осы мақсатта оқытылып жатқан материалдағы оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру, өз пікірін білдіру,зерттеу жұмысы, жоба қорғау сияқты тапсырмаларға көбірек орын беріледі.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық
Бейіні: тарих - 10 сынып.
Курстың мақсаты : Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, туған ел тарихын оқытуда Қазақстан Республикасының бір бөлшегі Елтай ауылы тарихының оқушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, оқушыларды туған жер тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Курстың міндеттері :
оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту; мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету;тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу; оқушылардың Отан тарихын оқып-білуде жүйелі білім алуы; оқушыларда Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту; ауыл тарихы туралы деректер жинау; туған жер перзенттерін дәріптеу.
Пән аралық байланыс: дүние жүзі тарихы, география және т.б.
ІІ. Мазмұндық бөлімі
Таңдау курсының мазмұны мен құрылымы
Курста ауыл тарихы және туған жер перзенттерінің ауыл тарихындағы еңбегі туралы дәріптеледі.
Кіріспе- 1 сағат
І бөлім.Туған жер-алтын бесік – 10 сағат.
Елтай ауылы – тұңғыш қазақ ауылы. Алғашқы тұрғындар. М.Сиранов – мектеп негізін қалаушы. Алғашқы ұстаздар. Алғашқы түлектер. «Алтын белгі» иегерлері. Туған жер түлектері-біздің мақтанышымыз. «Білім беру ісінің үздіктері». Ардагер ұстаздар. Тарау бойынша қайталау.
ІІ бөлім. Жеңісті жақындатқан жерлестер – 7 сағат.
Атырау соғыс жылдарында. Біздің жерлес батырлар. Б.Нысанбаев-Кеңес Одағының батыры. Қан кешті әке майданда. Тылдағы еңбек. Тарау бойынша қайталау.
ІІІ. Ерен еңбек иелері – 6 сағат.
Социалистік Еңбек Ерлері. «Сәйгүлікті серік еткен ...». «Ленин» және «Құрмет белгісі» ордені иегерлері. Сьезд делегаттары. «Киелі бесік – туған жер».
ІҮ бөлім. Ауыл өркендеу жылдарында – 4 сағат.
«Амангелді» атындағы қой және егін шаруашылығы. Ауыл мәдениетінің орталықтары. Тарау бойынша қайталау.
Ү бөлім. «Ел үшін туған ерлер» - 3 сағат.
Ауған жарасы жазылған жоқ. Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Тарау бойынша қайталау.
ҮІ бөлім. Елтай ауылы тәуелсіздік жылдарында – 4 сағат.
Елтай ауылының экономикалық дамуы. Елтай ауылының әлеуметтік дамуы. Елтай ауылының демографиялық жағдайы. Қорытынды қайталау.

ІІІ. Нормативтік бөлім.

Р/С Тақырыбы Сағат саны Күні
1 Кіріспе 1
І бөлім.Туған жер-алтын бесік. 10
2 Елтай ауылы – тұңғыш қазақ ауылы 1
3 Алғашқы тұрғындар 1
4 М.Сиранов – мектеп негізін қалаушы 1
5 Алғашқы ұстаздар 1
6 Алғашқы түлектер 1
7 «Алтын белгі» иегерлері 1
8 Туған жер түлектері-біздің мақтанышымыз 1
9 «Білім беру ісінің үздіктері» 1
10 Ардагер ұстаздар 1
11 Тарау бойынша қайталау 1
ІІ бөлім. Жеңісті жақындатқан жерлестер 7
12 Атырау соғыс жылдарында 1
13 Біздің жерлес батырлар 1
14 Б.Нысанбаев-Кеңес Одағының батыры 1
15/16 Қан кешті әке майданда 2
17 Тылдағы еңбек 1
18 Тарау бойынша қайталау

ІІІ. Ерен еңбек иелері
5
19 Социалистік Еңбек Ерлері 1
20 «Сәйгүлікті серік еткен ...» 1
21 «Ленин» және «Құрмет белгісі» ордені иегерлері 1
22 Сьезд делегаттары 1
23 «Киелі бесік – туған жер» 1
ІҮ бөлім. Ауыл өркендеу жылдарында 4
24/25 «Амангелді» атындағы қой және егін шаруашылығы 2
26 Ауыл мәдениетінің орталықтары 1
27 Тарау бойынша қайталау 1
Ү бөлім. 3
28 Ауған жарасы жазылған жоқ 1
29 Желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1
30 Тарау бойынша қайталау 1
ҮІ бөлім. Елтай ауылы тәуелсіздік жылдарында 4
31 Елтай ауылының экономикалық дамуы 1
32 Елтай ауылының әлеуметтік дамуы 1
33 Елтай ауылының демографиялық жағдайы 1
34 Қорытынды қайталау 1

Күтілетін нәтижелер:
Бұл курста оқушылар білімді меңгерудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, елі үшін еңбек еткен тұлғалардың өмір дерегін, қызметін, ерлігін оқулықтан тысқары мәліметтер арқылы оқып, зерттеп білімдерін кеңейтеді.
Болашақта теориялық білімдерін практикада қолдана алады. Өз туған өлкесіне деген патриоттық сезімі оянады. Оқушылар өз ойын жүйелі жеткізе біледі, тереңінен салыстыра отырып ойланады, өзіндік идеяларын ұсынуға дағдыланады, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдай алады.
Курсты жүргізу формалары:
лекция, семинар, конференция, тренинг, кездесу,дөңгелек үстел, пікір алмасу.
Курсты аяқтау формалары:
Мән жазбаларды қорғау, слайд жұмыстарын қорғау, жоба қорғау, зерттеу деректерін жинақтап мұражайға тапсыру,

ІҮ. Ақпараттық бөлім:

1. Атырау энциклопедиясы
2. «Боздақтар»
3. Музей материалдары
4. Естелік-сұхбаттар
5. БАҚ материалдары
6. Ғылыми жоба : «Білім беру ісінің алғашқы қарлығаштары».
А. Жәмиева
7. Ғылыми жоба : «Сәйгүлікті серік еткен ...»
З. Ихсанова





Бағдарлама тарих пәні бірлестігінде талқыланып, педагогикалық кеңеске
ұсынылды. Хаттама № 5 28 сәуір. 2014 жыл.
Хаттама № 7 26 мамыр 2014 жылы педагогикалық кеңесте бекітілді.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.