ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

16-11-2015, 19:35
Автор: Нурай
Қарау саны: 869
Пікірлер: 0
Версия для печати
ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қызылорда қаласы,
№264 мектеп-лицейінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Дұрханова Жеңіскүл Қанатқызы

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі ретінде шетел тілдерін оқыту атап көрсетілген. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2008-2009 оқу жылынан бастап №59 орта мектебімізде Қ.Р.Үкіметінің 2002 жылғы 11-қаңтарға №41 қаулысына сәйкес ағылшын тілін 2-сыныптан бастап оқыту, яғни эксперимент сыныбы ұйымдастырылып, оқытып келемін. Оқушы бойына «жайдан –күрделіге» қарай оқыта отырып, көру есту, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, өрбіту арқылы оқушы оқи алады, компьютермен жұмыс жүргізеді және сурет салып суреттей алатын қабілетке жетті.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету керек.
Яғни тілді меңгеру үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді. Бала бізден тілді тек сабақ барысында ғана меңгереді.
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауыз-екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінде мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 2 «Б» сыныбында ағылшын тілін оқытуды авторлары I.N.VERESHCHAGINA. T.A.PRITIKINA оқулығын пайдаландым. Оқулықпен бірге жұмыс кітабы бар. Оқулық оқушыларға ұнады. Түрлі-түсті суреттері мен тақпақ, қысқа өлеңдер шумағы музыкасымен берілген. арналған үйретуші жаттығуларының маңызы ерекше. Мұндай жаттығулар оқушының есте сақтау қабілетін дамыта түседі. Осы мақсатта 4 кассетадан тұратын фонетикалық, грамматикалық және музыкалық аудиокурс тыңдалып отырды. Сонымен қатар тілді оқып үйренуде айтарлықтай қиындықтар тудыратын ағылшын тіліне тән дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыруды әрдайым жалғастыра жүргізіп отыру тиімді. Бұл тәсілде Л.Б.Биржакованың «Английская фонетика через музыку» оқу-әдістемелік көмекші құралын пайдаландым.
«Ойын бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады.
Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.
Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының пәнге сүйіспеншілігін дамыту әр пән мұғалімінің біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты. Осыған орай, күнделікті сабақта әр түрлі ойын түрлерін пайдаланумен қатар Language Courseware ‘’Merits’’программасынан мультимедиалық электронды оқулық бойынша тақырыпқа сәйкес ойын сабақтар пайдалану оқушыларға өте қызықты болды. Сонымен бірге, оларды ағылшын тіліне қызықтыруда «The Wolf and Seven Little Kids» тақырыбында қойылым көрсету маңызды орын атқарды. Олар сахнада өздерін еркін ұстауымен, жақсы ойнауымен қойылымды жақсы қойып шықты.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауы бар оқулығы бар. Бұл оқулықта тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға бірдей көңіл бөлінген. Әр сабақты қызықты, тиімді өткізуде Н.Г.Семеновых, Е.В.Дзюина «Поурочные разработки по английскому языку» көмекші құралын және PEARSON Longman "English Adventure” 1, Teacher’s book, Pupil’s book, Activity book, CD-ROM, Video, DVD кітапшаларын пайдаландым. Осы жұмыстар арқылы оқушыларды ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырдым. Оқығандарын көзбен көріп тыңдағанда ойларында оқығандары жаңғырып, тез үйренеді. Көргенін тез жаттап айтуға талпынды.

Шет тілін үйрену әрекеті оқып үйренудің барлық деңгейінде тұлғалық бағыттағы іс-әрекеттерді қамтуы керек. Бұл дегеніміз- барлық көңіл – үйренушіде, яғни оқушының тұлғалық қасиеттерін шет тілін үйрету әдістеріне байланыстыра оқыту болып табылады. Оқытудың негізі ретінде шет тілінде сөйлеу әрекеті үшін оқытудың сөйлеу, тыңдап түсіну, көру, жазу оқушылардың жас ерекшліктері мен қабылдау қабілеті, білім деңгейіне қарай олардың оқып үйренетін белсенді сөздік қоры анықталады. Ағылшын тілін үйретуде алынатын материалдар тақырыпқа байланысты белгілі бір жүйеде оқытылып келеді. Мысалы тақырыпқа байланысты сөздік қор көлемі алынса, онымен қоса берілген мәтінде кездесетін жаңа сөздер, жаңа сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған зат есім, сын есім немесе етістіктер түсіндіріледі. Жақсы нәимжеге жету үшін әр сабақта сөйлеу мәнері, грамматика, сөйлеу тілі және ауыз-екі тілді естіп қабылдау жұмыстарын орындап отырған жөн.
Ал жаңа грамматикалық материалды сөйлеу тілінде қолдану және оны есту арқылы түсінуге арналған үйретуші жаттығуларының маңызы ерекше. Мұндай жаттығулар оқушының есте сақтау қабілетін дамыта түседі. .
Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.
Бұл пәнді оқытудағы қиыншылықтарға тоқталатын болсақ, алдымен
өзге тіл және сабақтан басқа сөйлейтін орта жоқ болғаннан да болар оқушылар үйренгендерін тез ұмытуы;.
Ауылдық жердегі мектептерге оқулықтың уақытылы келмеуі; (ата-ана өз қаражатынан алып берді)
Орыс тілі үшінші сыныптан басталатындықтан олардың орысшаға (оқулық та, жұмыс кітабы да орыс тілінде) түсінбеуі, аударма жасап отырғанымен ұмытуы;
Сынып оқушыларының топқа бөлінбеуі;
Кейбір оқушылардың тіл сындыру жаттығуларында тілдерінің келмеуі;
Мұғалім тарапынан яғни, өз тарапымнан бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда, олардың педагогика психологиялық ерекшеліктерімен санаспай кетудегі асығыстық болуы;
Жаңа технологияларды енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі./байланыс, интернет жоқ/
Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарау қажеті осындай қиыншылықтарды жеңе отырып, оқушының жан-жақты, терең сапалы білім алуына бар мүмкіншілігімізді салуымызды жүктейді.
Өмір бойы үнемі оқу, үйрену, іздену сияқты қасиеттер қазіргі таңда кез-келген адамның қоғамдағы икемділігін, іскерлігін қамтамасыз етеді, оның жетістіктеріне қол жеткізуіне және әлеуметтік жағынан қорғалуына негіз боп табылады. Яғни мектепте алынған білім, білік дағдыларын өмір бойы ары қарай толықтырып дамытуға әр оқушы өзі ынталы болу керек.
Ал жазбаша және ауызша қарым-қатынаста қазіргі көп мәдениетті әлемдегі әлеуметтік мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, коммуникативтік білік жетілдіріледі. Коммуникативтік білік құрамы көптеген біліктерден тұрады, соның ішінде ақпараттық сауаттылық та кіреді. Бұл – оқушылардың шетел тілінен қалыптастырылатын білік, дағдысымен бірге, қатар жүріп отыруы тиіс деген сөз.
Қорыта келе айтарымыз, гумманистік методология ережелері бойынша оқытушылар әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарауы керек. (It not only important what I teach, it is also important to consider how to relate to others in my teaching).
Қызылорда облысы, Арал ауданы №59 орта мектеп ағылшын тілі пән мұғалімі Сарсембаева Айткүл Жолдасқызының іс –тәжірибелерінен.
Мәтінді меңгергендігін анықтайтын тест жұмысымен қорытындылау.
Бұл тапсырмада оқушылардан оқылған мәтін бойынша тест алынады. Мұндағы жұмыс түрі әр оқушыға жеке-жеке мәтінге қатысты құрылған тест таратылады. Оқыған мәтіндерін түсінген оқушы тез арада тест тапсырмасын орындап береді. Бұл жұмысқа шапшаңдық қажет. Әрі кетсе бес минөт ішінде орындап берулері тиіс. Егер шағын мәтіндер болса одан да тезірек орындау керек. Мұндай жұмыстарды оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Осы тестті орындау үшін де олар мәтінді оқыған кезінде мұқият оқып түсінуге тырысады.
Төменде өзім сабақ беріп жүрген 4-сынып оқушыларына дайындаған шағын мәтіндермен жұмыс үлгілері.
Traditional food in Kazakhstan.
My favourite cousin Zhanara, lives in the United Kingdom. She will come to Kazakhstan to visit us next week.
We will prepare a good dinner for her. We will have kespe, shubat and baursaks. Mother will also make beshbarmak. This is Zhanara’s favourite food. Everyone likes it too.
We will serve the pelvic bones and shin of the lamb to grandmother. Father always gives me the delicious brisket. He knows I like it very much.
Zhanara is our guest so we will serve her the lamb’s head. Mother knows how to cook it in such a special way.
Now, that you have read the passage, complete the sentence below with the correct answer.
1. Zhanara is the author’s___________________.
a. mother’s sister
b. auntie’s son
c. auntie’s daughter
2. A lamb is the young of a _________________.
a. cow
b. sheep
c. deer
3. When she comes, they will prepare a dinner with _________________.
a. kespe and shubat
b. baursaks, beshbarmak, kespe and shubat
c. baursaks and beshbarmak
4. Grandmother will eat the ___________________
a. brisket
b. shin
c. head
5. What is another word for "delicious”?
a. many
b. tasty
c. good
6. How do you think Zhanara travels to visit the author’s family in Kazakhstan?
a. she cycles
b. she takes a flight
c. she takes a bus
7. _________will cook the beshbarmak.
a. Zhanara
b. Grandmother
c. Mother
8. Zhanara lives in _______________
a. the United Kingdom
b. the United States
c. Kazakhstan
9.What is the meaning of "guest”?
a. a person who is invited to visit one’s house to have a meal or gathering.
b. someone who eats lamb’s head
c. a relative
10. __________ likes to eat beshbarmak.
a. Everyone
b. Zhanara
c. Mother
Mary.
Hi, My name is Mary. I am 8 years old. There are many things I like to do such as reading, drawing and going to school. The school is a fun place. In school I play and study with my friends. Sometimes, there are even art classes. My art teacher teaches me to draw beautiful pictures. If my pictures are nice, they will be displayed on the wall.
1. Why is school a fun place for Mary?
a. She can play basketball with her friends
b. She does not like to stay at home
c. She can play and study with her friends
2. If Mary’s pictures are nice, her teacher will ______
a. tell her parents
b. display them on the wall
c. give her a present
3. What is the author’s name?
a. Jane
b. Mary
c. Susan
4. How old is she?
a. 10 years old
b. 7 years old
c. 8 years old
5. Mary likes to ___________
a. draw
b. cook
c. sleep
Берілген жұмыстарды жүргізе отырып, мәтін мазмұнын баяндау арқылы және мәтіннен көріністер көрсету арқылы оқушыларға мәтінді толық меңгертуге болады деп ойлаймын. Толық нәтижеге жету үшін барлық жұмыс түрлері жүйелі түрде, толыққанды жүргізілулері қажет.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.