АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » » АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

16-11-2015, 18:28
Автор: Нурай
Қарау саны: 823
Пікірлер: 0
Версия для печати
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Байсалова Фарида Әнуарқызы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек.» Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ-ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда АКТ-ны оқып-үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады [1, 2].
Ақпараттық-коммуникативтік технология ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық-коммуникативтік технология артықшылықтары:
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-оқытушы» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Оқыту үрдiсiнде АКТ-ны қолдану мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерiстерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесiнде мұғалiм – оқушы – оқулық түрiнде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы – компьютер – оқулық жүйесi пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесiнде компьютердi қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде оқытушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Елбасы 2006 жылғы халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасын ұсынған болатын. «Тілдердің үш тұғырлығы дегеніміз ол – мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп анық та айқын атап көрсеткен болатын. Еліміздің тізгінін ұстар бүгінгі жастарымыз әлемнің кез-келген жерінде кез-келген қызметіне жарайтындай бәсекеге қабілетті маман болуы үшін шет тілін меңгерудің маңызы зор. Ал 2008 жылғы 29-мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде: «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл» деген болатын.
Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. ЖОО-ғы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамтыу, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сол тілде еркін сөйлеуіне жағдай тудыру.
ҚР «Білім туралы» заңының 8-бап, 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [2, 2-5 бетт.].
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс [3. 77-бет.].
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Осындай оқыту жүйесі құралдарының бірі – компьютер. Орта мектептерде компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі компьюетр балаға білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Компьютер арқылы оқыту орта мектепте мынадай міндеттерді қамтиды:
• Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
• Оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
• Дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
• Ойлау қабілетін дамыту;
• ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.
Ағылшын тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады:
• Оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауға болады;
• Компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;
• Компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімділігі артады;
• Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
• Компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;
• Бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі;
• Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;
• Оқушымен жекелей жұмысты іске аксырады;
• Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: лексиканы оқып үйретеді; сөйлеу ырғағын; диалог, монолог және рөлдік ойындарды; хат жазуға үйретеді; грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
"Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді. Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады [4. 20-22-бетт.].
Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен көп ізденісті талап етеді. Компьютерлік технология оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, әрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеруде мол мүмкіндіктер береді. Соның бірі – интернет жүйесін пайдалану.
Ағылшын тілін оқытуда интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтер:
- Сұраныс бойынша ақпарат алу;
- Алыстағы ақпарат көздерін пайдалану;
- Интернет тараптарында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау;
- Түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену;
- Өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу, ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу;
- Интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады;
- Ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.
Ағылшын тілін оқыту оқушыларға өздері оқып жатқан тілдің мемлекетімен жақынырақ танысуға, яғни, география, тарих, елтану пәндерімен тығыз болуды қажет етеді.
Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, оқытушы қазіргі кезде мазалап жүрген мәселелерді интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мәселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізілген материал бойынша өз ойын, ұсынысын білдіріп, ақпараттармен келісіп не келіспей талқылай алады. Әр мәселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-видео бағдарламаларды магнитафонға жазып алуға, оқушыларға тыңдатуға, талқылауға болады [5. 12-бет.].
Егер ағылшын тілінен оқу материалдар иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар объект ретінде құрылса, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға, түсінуге, білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады. Ағылшын тілі сабақтарында видеофильм, мультимедиялық презентациялар, дыбыстарды, анимациялық суреттердің көмегімен монолог, диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыруға болады. Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Project teaching, Student team learning, Learning together, Self English, English Practice, Bridge to English т.б. [6. 4-бет.].
Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі. Білім беруде "Электронды оқулықтарды” пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ. Елдің болашағы осы мүмкіндікті қалай пайдаланып, қоғамды ақпаттандыруды қалай жүзеге асыруда болмақ. Оның жолдарының бірі білім алуды ақпараттандыру болып саналады. Алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білуі керек.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағыттағанда ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеп шығаруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М. Ғалымжанова. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру.// Информатика негіздері журналы. №3. 2006. 2-б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы// Қазақстан мұғалімі. –Алматы, 23.07.1999. 2-5 бб.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі - Алматы, РБК, 2000. 200 б.
4. Г.Азимханова. Ағылшын тілі сабағында компьютерді пайдалану.// Мектептегі шет тілі. №4.2011. 20-22 бб.
6. Сатыпалдиева Қ.А.Ағылшын тілі сабағында интернетті қолдану жолдары.//Мектептегі шет тілі. №4.2011 ж. 18-20 бб.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается практическое использование обучающих технологий, занимающих важную роль в повышении качества знаний, в организации самостоятельной деятельности личности.
Развитие науки и новых технологий, компьютеризация всех отраслей промышленности и науки, требуют внедрения использования современных технологии с одной стороны, а с другой, в связи с возникновением проблем в деятельности специалистов с их применением, нужен новый подход в профессиональной подготовке будущих учителей.
В статье рассматриваются новые технологии и инновационные методы обучения английскому языку и предложено внедрение инновационной технологии в учебный процесс. Рассматриваются проблемы методики обучения и реализация в учебном процессе информационно-коммуникативных технологии и интерактивных методов обучения.

SUMMARY

The subject of the article is the practical use of the educational technologies which takes a good role in improving the knowledge quality of individual s activity of organization.
Thesis work devotes to actual and few researched problems: the usage of modern educating technologies – important element in formation of future teachers’ communicative competence in professional training.
New technologies and modern methods of teaching of English are discerned in this article.
In this article is offered introduction information technologies in scholastic process.
They Are Considered problems methods of teaching and realization in scholastic process information-communication technologies and of the methods of the education.
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.